| Главная » Статьи » Школа, как она есть |
| Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері Сабақтың түрі: интерактивті сабақ Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға WordPad редакторының қосымша мүмкіндік түрлерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге графикалық объектілерді енгізуді үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой өрісін кеңейту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, тапсырманы тиянақты орындауға үйрету. Оқушылардың пәнге, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру. Көрнекі құралдар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық. Пән аралық байланыс: қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі 2. Үй тапсырмасын тексеру а) Перфокарта б) Кім жылдам? в) Қатесін тап! 3.Жаңа сабақ. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері 4. Практикалық жұмыс. 5.Жаңа білімді бекіту. а) Сәйкестікті анықта б) Кестені толтыр в) Техникалық диктант г) Не үйрендік, не білдік тексеріп біз көрелік д) Өзің таңда! е) Кім білімпаз? 6.Білімгерлердің білімін бағалау 7.Үй тапсырмасын беру 8.Қорытынды Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. а)Перфокарта. WordPad мәтіндік редакторының құрал-саймандар тақтасының батырмаларын есте сақтадың ба? Оқушылар төмендегі перфокартаны толтырады. б) Кім жылдам? Оқушылар карточкадан сұрақтың нөмерін таңдап алады. 3.Жаңа сабақ. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері Мәтіннің үзіндісі дегеніміз не? Үзінді – мәтіннің бөлінген бөлігі. Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру батырмасын басамыз немесе Өңдеу – көшіру (Правка-Копировать) батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қиып алу(Правка – Вырезать) Мәтін үзінділерін қою батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қою (Правка-Вставить) Күн мен уақыт кірістіру батырмасын бір рет шертеміз немесе Кірістіру – Күн мен уақыт (Вставка –Дата и время) Мәтінді іздеу батырмасына бір рет шертеміз немесе Өңдеу – Іздеу (Правка – Найти) Мәтінді ауыстыру Өңдеу – Ауыстыру (Правка – заменить) WordPad құжатына сурет кірістіру Құжатқа суреттерді Paint графикалық редакторынан немесе басқа жердегі суреттерді кірістіруге болады. Сурет кірістіру үшін: 1. Суретті белгілеп, Правка – Копировать командасын таңдау 2. Мәтіндік құжатты ашып, Правка – Вставить командасын орындау. 4. Практикалық жұмыс. Тапсырма: 1. Мәтінді теру 2. Мәтінді қызыл түске боя 3. Мәтін астына күн мен уақытты кірістір 4. а әрпін о әрпіне ауыстыр 5. Мәтіннің қаріпін Times New Roman-мен, өлшемін 14 етіп жаз 5.Жаңа білімді бекіту. а) Сәйкестікті анықта Мәтін үзінділерін көшіру батырмасын басу (Правка-Вставить) Күн мен уақыт кірістіру батырмасын басу (Правка-Копировать) Мәтін үзінділерін қою батырмасын шерту (Правка – Найти) Мәтін іздеу батырмасын басу (Вставка –Дата и время) б) Кестені толтыр. Қандай команданы орындау керек? Құжатты сақтау Құжатты құру Құжатты ашу Файл-Сохранить Файл -Создать Файл -Открыть в) Техникалық диктант ........................................................... бұл шағын ............................................редактор. Оның көптеген мүмкіндіктері бар. Мысалы: мәтінді енгізуге, құжат құруға, мәтін үзінділерін .................................................., .................................................................., .........................................................................................................................................., ..........................................................................., ............................................................., ............................................................................................................................. болады. Қажетті сөздер:WordPad, мәтіндік, жылжытуға, көшіруге, күн мен уақытты кірістіруге, мәтінді іздеуге, ауыстыруға, суреттрді кірістіруге. г) Не үйрендік, не білдік, тексеріп біх көрелік. (ActivVote-мен тест жұмысы) д) Өзің таңда! 6 оқушыға тапсырма беріледі. «Өзің таңда» .Деңгейлік тапсырма. Өлең жолдарын ретке келтір «5»-тік Кәпір көздің дүниеге араны үлкен, Кәпір көздің дүниеде араны үлкен Тоя ма екен дүниеге алған сайын Дүниеге алған сайын тоя ма екен өлген қанша тірі жүрсе де күні Қанша тірі жүрсе де өлген күні болады екен бірдей-ақ көзбен өзге. Бірдей-ақ өзге көзбен болады екен./А.Құнанбаев/ «4»-тік Ер жігітке жарасар Ер жігітке жарасар Найзасы қолына алған Қолына алған найзасы, Жарасар би жігітке Би жігітке жарасар Пайдасы халқына тиген. Халқына тиген пайдасы./Бұхар жырау/ «3»-тік Туғат тілді сүйемін ана тілді Сүйемін туған тілді, ана тілді, Жатқанда-ақ бесікте берген білім. Бесікте жатқанда-ақ берген білім./С.Торайғыров/ е) «Кім білімпаз?» Сөздерді ағылшын, орыс және қазақ тілінде айту. 6.Білімгерлердің білімін бағалау. Әр тапсырма орындау кезінде әрбір оқушының сәйкесінше ұпайлары Excel программасына салынып отырады. Сабақ соңында ұпайлары саналып, баға автоматты түрде қойылады. 7.Үй тапсырмасын беру. «Интернет» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу | |
| Просмотров: 1246 | |
Форма входа |
|---|
Категории раздела |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|