| Главная » Статьи » Школа, как она есть |
| Еркінбекова Айнаш Еркінбекқызы, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылы Сасан би атындағы орта мектеп психологы Адамдарға жақсы әсер қалдырудың қарапайым тәсілдері Адам туралы қалыптасатын пікірдің алтыдан бір бөліг оның не сөйлеп тұрғанында емес, оның қалай сөйлеп тұрғанына байланысты. Біз көбінее сөзге көңіл бөлеміз, ал ым-ишара, қимыл, жүріс-тұрысымыздан бастаймыз. Мысалы, өзін жігерлі деп санайтындар инициативасы жоқ ұялшақ, біреуге бағынышты адамдарға қарағанда өздерін тік ұстайды. Жүріс-тұрыстың өзгеруі мен тұлғасын дұрыс ұстау адамның ішкі жағдайын өзгертеді. Адамның өмірге оң көзқараспен қарауына, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуына көмектеседі. «Түзу арқа» жаттығуы Мақсаты: алдағы аптаның барлығын тік арқамен, түзу иықпен, көтеріңкі баспен жүру. Иығыңыз бен мойыныңыздың бүкіреюіне жол бермеңіз. Тік қараңыз, ішіңізді тартып, қатты қысым түсірмеуге тырысыыз. Бірнеше күннен кейін алған әсеріңізді бағалаңыз. Егер сіз күнделікті бақылауыңызды арнайы дәптерге жазып жүрсеңіз жақсы болады. • Өзіңізге қысым түскенін сезіндіңіз бе? • Қоршаған ортаңыздың көзқарасы өзгерді ме? • Айналаңыздағылар сіздің жүріс-тұрысыңыз туралы қандай да бір өзін байқаған ойын айта ма? • Сізбен қарым-қатынас түсу үлкен дайындық байқатпай ма? • Өзіңізден тағы қандай өзгеріс байқадыңыз? Жаттығуға түсініктеме Егер сіздің жүріс-тұрысыңыз бұрын тік болмаса онда осы жаттығуды орындау нәтижесінде өзіңіз үшін көп нәрсе білгеніңіз ықтимал. Біздің ойымызша, тік жүріп-тұруды сақтау үшін жіберілген күштерге қарамастан сіз өзіңізді физикалық тұрғыдан жақсы сезінуіңіз мүмкін. Нақтылы логикалық ойлауыңыз дамиды. Болған өзгерістер қалаулы және қуанышты болатыны сөзсіз. Жан-жағыңыздағы адамдардың реакциясына келсек, олар сізге үлкен достық сезімдерін білдіріп, байланысқа түскісі келеді. Енді тамаша жүріс-тұрысқа ым-ишараны қосамыз. Әңгімемізді әрі қарай жалғастыратын жаттығуымызды орындап көрелік. «Күнделікті ым-ишара» жаттығуы Адамдардың дауыссыз қарым-қатынас жасайтындықтарын бақылайтын орынды таңдаңыз. Ақпарат алмасуда қандай ым-ишара қолданылатынын бақылаңыз. Бақылауға талдау жасаңыз. • Ым-ишара қарым-қатынастың қаншалықты тиімді тәсілі болып саналады? • Олардың кемшіліктері мен шектеуліктері неден көрінеді? • Өтініш пен талаптың қандай түрлерін ым-ишарамен білдіру жеңілірек? • Бәрінен күрделісі қайсы? • Олардың қайсысын мүлдем ым-ишарамен білдіруге болмайды? • Ым-ишаралар эмоцияларды көрсете ала ма? «Түсін мені» жаттығуы Достарыңызбен «Түсін мені» ойынын ойнаңыз. Ойын барысында қатысушылар ым-ишарамен берілген фильмнің, телешоудың, радиобағдарламалардың немесе кітаптың атауларын табу керек, әрбір дұрыс жауап есептеледі. Ойлануға берілетін уақыт екі минутпен шектеледі. Ойын тек қана ым-ишараның тілін сезіну ғана емес, ортадан рахатты сезіну. Соңында төмендегідей сұрақтарға жауап беруіңіз керек. • Жағдайлар мен атаулардың қандай түрлерін ым-ишарамен көрсету жеңіл болды? • Құрал ретінде адамдар ым-ишараның қандай түрлерімен қарым-қатынас жасайды? • Ым-ишара мен дене қозғалысы арқылы беруге болатын жағдайлардың кілттік сәттерін қалай анықтауға болады? Жаттығуға түсініктеме Әрине, сіз ым-ишараның ақпараттың көп көлемін беретінін білдіңіз. Олар мынандай түрде алмасады: адамның сөйлесуін илюстрациялайды, эмоциялық көңіл-күйін анықтайды, адам сөйлеушінің тыңдаушы екенін анықтайды. Ым-ишара адамдар арасындағы қатынасты барынша нақтылайды және нығайтады. Алайда, ым-ишара арқылы ақпараттың аз ғана бөлігі беріледі; ишарамен біршама нәрсені жеткізуге болмайды. Мысалы, адам атымжөні және мекен жайы. Ал, ишарамен бар болғаны нені білдіруге болады? Әрқайсысының өзіне тән қарапайым және күрделі қажеттіліктері, сондай-ақ ишараның көмегімен беріледі. Бәрінен бұрын ым-ишара қарым-қатынас пен эмоцияны анықтайды. Екінші жаттығуды орындау барысында сіз ишара арқылы жағдайды немесе сөз тіркесін, сондай-ақ қимыл немесе іс-әрекетті жеткізу жеңіл болатынын түсіндіңіз. Алайда жаттығу бойынша жұмыс жасай алмайтын адамдар да кездеседі. Бұл шындық. Жестикуляцияны жиі қолданатындар қоршаған ортаға ақкөңіл, ерік жігерлі, жақын болып көрінеді, әрине бұл ишара шынайы болса. Сол үшін қарым –қатынаста белсенді және сенімді түрде ым-ишара танытыңыз, тұйық кейіп көрсетуден аулақ болыңыз, аяғыңызды айқастырмай, алақаныңызды ашып, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз. Шынында ақкөңіл, ақжарқын адамдар іскерлік қарым-қатынаста жағымды болып келеді. Сондықтан шынайы қатынас жасау үшін күлкімізді жөндеу қажет. Біздің бояусыз күлкімізді ажырату оңай. Әдетте, біз жымию арқылы сәлемдесеміз, көңіл күйімізді көрсетеміз, күлу арқылы жағымсыз эмоцияны анықтауға болады. Жай жымию арқылы ақкөңіл, ашық болып көріну үшін жаттығулар орындаймыз. «Өзің қаламасаң да күлімсіре» жаттығуы Эксперимент жасап көріңіз. Бірнеше күн кездескен адамдарыңызбен күліп амандасыңыз. Соңында мынандай сұрақтарға жауап беріңіз: Адамдардың сіз туралы реакциясын белгілеп қойыңыз. Олар сіздің күлкіңізге күліп жауап қайтара ма? Сіздердің әңгімелеріңіз күндегіден ұзақ немесе қысқа болды ма? Жеке көңіл-күйіңізді бағалаңыз. Жаттығу сізге қандай да бір қиындық туғызды ма? Өзіңізше күлкілі болып көрінді ме? Сізге дөрекі көрінетін адамдарға көзқарасыңыз өзгерді ме? Жауап беру, күлу сізге жағымды ма? Жаттығуға түсініктеме Енді сіздің қалай өзгергеніңізді бірге қарап көрейік. Шынайылықтың көп бөлігін анықтайтын не? Адамдардың көбі сіздің жымиған сәлеміңізге жымия жауап қайтарады. Кейбіреулер сізге күмәнмен қарап: «Бұл не үшін?» деген сыңай білдірді. Сіздің уақытыныздың көп бөлігі адамдармен әңгімелесумен өтіп, эмоцияңызда жағымды өзгерістер орын алдыү Ортаңызда сіздің жақсы жаққа өзгергеніңізге қуанышты. Енді жеке мсезіміңіз қалай? Біздің ойымызша, сізге еш қиындық тудырмаған сияқты. Тамаша! Шынында сіздің көзқарасыңыз көтерілді. Адамдар сізге күліп қарайды – бұл өте жағымды, олай емес пе? Оларға да сіздің күлкіңіз ұнамды. Сол үшін өмірдің көп бөлігінде күліп жүріңіз. Сіздің әріптестеріңізге, достарыңызға қызығушылығыңыз сіздің бет пішініңізден байқалып тұрады. | |
| Просмотров: 1713 | |
Форма входа |
|---|
Категории раздела |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|