Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

менің қалам
Қазақ тілінен күнтізбелік сабақ жоспары
Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Жобалау іс-әрекеті-білім сапасын арттыру құралы» Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында коммуникативті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында, жобалау әдісін қолдану» Жеке әдістемелік тақырыбы: «Оқушылардың тілін жаңа жобалар арқылы дамыту.» Күні:
Сынып: 5 «а» Пән: қазақ тілі
Мұғалім: Жакашева Д.К.
МЕНІҢ ҚАЛАМ - ҚОСТАНАЙ
Сабақтың тақырыбы: Менің қалам – Қостанай
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: зат есімді, зат есім сұрақтарын, септік жалғауларын қайталау, тақырып бойынша білімдерін толықтыру;
2.Тіл дамытушылық: сөздік қорларын молайту, сөз тіркесі, сөйлем құра білу қабілеттерін дамыту, тілдесім әрекетін жандандыру;
3.Тәрбиелік: өз туған жерін, туған өлкесін құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Оқушы нені білуі тиіс: тақырып бойынша өтетін сөздерді, септік жалғауларын орынды қолдануды, диалог құрастыруды, сөз тіркесін, сөйлем құрауды білу.
Оқушы нені игеруі қажет: мәтін бойынша сұрақ құрастыруды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру.
Сабақтың типі: саяхат сабақ.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география, әдебиет.
Сабақтың әдістері: сұрақ -жауап, әңгіме, көрнекілік, кластер, ой шақыру.
Көрнекiлiктер, техникалық
құралдары: интертақта, презентация, киіз үй, мәтін, таңбалар, тапсырмалар, қағаздар, инклюзивті тапсырма.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңi:
• Оқушылармен сәлемдесу;
• Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу;
• Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау;
• Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
• Сұхбат өткізу:
-Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстанның астанасы қай қала?
- Қандай қалаларды білесіңдер?
-Біз қай қалада тұрамыз?
- Сенің туған жерің қай жер?
- Туған жер дегенді қалай түсінесің?
- Туған жерді не істеуіміз керек?
- Туған жер туралы мақал білесіңдер ме? (мақал айту).
-Өте жақсы, балалар, ендеше бүгінгі сабағымыздың ұранын – «Туған жер – алтын бесік» деп белгілеп, туған жеріміз – Қостанай қаласы туралы айтамыз. Мақсатымыз – зат есімді, оның сұрақтарын, септік жалғауларын қайталау, мәтін бойынша жұмыс жасау, берілетін тапсырмаларды орындау. Сабақ барысында жақсы жұмыс істеген балаларға Қостанай қаласының таңбасы беріліп отырады, сабақ соңында көп таңба жинаған оқушы жақсы бағаланады. Сабағымыз саяхат түрінде өтеді, саяхатқа мына автобуспен аттанамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Астана қаласы туралы мәтінді оқып мазмұндау, баға беру.
Автобусқа отырдық, саяхатқа аттанбас бұрын Қостанай қаласының қайда орналасқанын біліп алайық. (Бір оқушы картадан Қостанай қаласын көрсетеді).
-Жақсы, балалар. Ендеше саяхатымызды бастаймыз.
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру.
1-аялдама – «Тарих беттерінен» аялдамасы. Мұнда біз мәтінмен танысамыз, жаңа сөздермен жұмыс жасаймыз, мәтінді оқып, аударамыз.
1.Сөздік жұмысы.
• Астықты өлке – хлебный край
• Мәдениет – культура
• тұңғыш – первый
• аймақ- территория
• солтүстік- север
• батыс-запад
• орналасқан-расположен
• ғимарат-здание
• қозғалыс-движение
• тарихи -исторический
-сөздерді оқып шығу;
-хормен оқу, тізбектеп оқу;
- тек орысшасын, тек қазақшасын оқу;
-тән дыбыстарды тауып, сипаттама беру.
-сөз тіркесін, сөйлем құру;
-дәптерге жазу.
2. Мәтінмен жұмыс.
Менің қалам-Қостанай.
• Ол Қазақстанның солтүстік-батыс аймағында, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. Қала 1879 жылы салынған. Қостанай жерін астықты өлке дейді.
• Қостанай – мәдениет орталығы. Онда мектептер, медицина колледжі, педагогика институты, қазақ және орыс драма театрлары, филормония, кинотеатрлар, мәдениет сарайы, өлкетану мұражайы бар.
• Қостанайда қазақтың тұңғыш педагог – ағартушысы Ыбырай Алтынсарин дүниеге келген. Біздің қаламызда Ыбырай Алтынсаринге арналған мұражай, ескерткіш бар. Қостанай шағын, таза қала.
- мәтінді мұқият тыңдау, не туралы айтылғанын сұрау.
- тізбектеп оқып, аудару;
- жаңа сөздерді табу;
ІІІ. Түсінгенін тексеру. Саяхатымызды жалғастырамыз, 2 аялдамамыз – «Сұрақтар сайысы». Мұнда сендер мәтін бойынша сұрақ жазып қорапқа саласыңдар оны араластырып бір-бірдн алып жауап бересіңдер.
2. Жазылым. 3-аялдама – «Грамматика көпірі». Мұнда зат есім, сұрақтарын, септік жалғауларын еске түсіреміз:
-Зат есім дегеніміз не?
-Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Неше септігі бар?
-Септіктерді қайталау үшін 1 топ – Қостанай сөзін, 2 топ – өзен, 3 топ – мұражай сөзін септейді. Тақтада «өзен» сөзін септейміз, «қостанай» сөзіне ауызша фонетикалық талдау жасаймыз. Плакаттағы септіктің жалғауларын құрыс қою.
А.с. не? қаланың
І.с. ненің? қаладан
Б.с. неге? қаламен
Т.с. нені? қала
Ж.с. неде? қалаға
Ш.с. неден? қалада
К.с. немен? қаланы
1.Тапсырмалармен жұмыс. 4- аялдама – «Тапсырмалар бекеті». Мұнда біз мәтін бойынша тапсырмаларды орындаймыз.
Қызыл түсті І деңгей – шығармашылық тапсырма. Қостанай қаласы туралы әңгімелеу.
Көк түсті ІІ деңгей – орташа тапсырма. Мәтін бойынша диалог құру.
Жасыл түсті ІІІ деңгей – қарапайым тапсырма. Мәтінді қажет сөздерін қойып, оқу.
3 оқушыға «Қостанай» сөзінен жаңа сөз жасау тапсырылады (Асель, Димаш, Тимур)
...останай _______ өзенінің сол жағында орналасқан. Ол 1879 жылы салынған. Қостанай ж...рін астықты _____ дейді.
Қостанай – _________ орталығы. Онда м...ктептер, медицина колл...джі, педагогика ____________, қазақ және ор...с драма театрлары, филормония, кинотеатрлар, мәдениет __________, өлкетану _________ бар.
Қостанайда қазақтың т...ңғыш педагог – ағартушысы _________________ дүниеге келген. Біздің қаламызда Ыбырай Алтынсаринге арналған __________ , ескерткіш бар. Қостанай шағын, ______ қала.

Ү. Бекіту кезеңі. 5 аялдама – «Бекіту шыңы» Түймедақ гүлін толтыру.
1. Біз тұрып жатқан қала қалай аталады?
2.Қалада нелер бар?
3. Қазақ тілінде неше септік бар?
4. Ілік септіктігі туралы айт.
5. Сөйлемнен септік жалғауларын тауып ата. Ол Қазақстанның солтүстік-батыс аймағында, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.
6. Барыс септіктігі туралы айт.
7. Қостанай шағын, таза қала. Сөйлемді аудар.
8. «Қостанай» сөзін септе.
9. Көп нүктенің орнына септік жалғауын жалғап тақтаға жаз. Қостанай Толыл өзені......... сол жағын........ орналасқан.

ҮІ. Қорытынды, бағалау. Сонымен, саяхатымыз аяқталды, бүгін сабақта не жөнінде айттық, не білдік, не үйрендік? Сабақ соңында көңілдерің қандай? (Көңілді, орташа, көңілсіз). Көңілдерінді бір көтеру үшін қазір Қостанай әнін тыңдаймыз, ал сендер таңбаларыңды санап, бағалайсыңдар.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді жаттау, ағартушы – септеу.
Қоштасу

Источник: http://менің қалам
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Danagul82 (2014-11-13) | Автор: Данагуль E W
Просмотров: 2423 | Комментарии: 2 | Теги: Dana, zgak | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2026-03-14, 1:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [179]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [80]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23296]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru