Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Білім берудегі инновациялық технологиялар. Абдибаева Гульфайруз Усенқызы Қордай ауданы.қордай ауылы №3.Абай атындағы орта мектебі.ағылшын тілі пәні мұғалімі күн талабы.Білікті білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңгерумен қатар,тұлғаны дамытуға бағытталған әдістерді білім беру үрдісіне енгізе отырып,тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде.Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,ол оқуды ізденуді тоқтатқанда,оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды,деп К.Ушинский айтқандай мұғалімдер заман көшінен қалмай,жаңалықтың жаршысы болуы керек.Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі оқушыны білімді,әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын,шығармашылық таныммен тікелей қатынас жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.Мен өз іс-тәжірибемде баланың мінез-құлқын,психологиясын зерттеп отырамын.олардың емін-еркін сөйлеп,ойын толық жеткізуге,жасқаншақтықтан құтылуға,бар мүмкіндіктерін ашып,әрқайсысының пәнге деген қызығушылығын тудыруға,дарын,алғыр балаларды жетелей отырып,оқушылардың жаңа технологияларды игертуде күш саламын. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданылатын қарым-қатынас,амал-тәсіл,инновациялық технологиялар елеулі орын алады.Өзіне-өзі сын көзімен қарап,қалайда ұстаз деген абыройлы атаққа лайықты адамгершілік норманың үлгісі ретінде көрінуді армандаймын. бұндай мұғалім жан-жақты білімді,жаңа технологияны игеріп,оны оқушыларға меңгертіп қана қоймай,сондай ақ әділ де әдепті,қарапайым да кішіпейіл,бауырмал да қайырымды жоғары саналы азамат болуы тиіс деп ойлаймын.Мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Инновациялық технологияларға сүйенсек оқытудың мақсатын,мазмұнын,әдістерін ғылыми негізделген теорияға сүйене отырып жобалау,сұлбалау оқушыларға оқу үрдісінде хабарланады. Дәстүрлі оқуда «жекеден жалпыға»,ал жаңа технологияда «жалпы дан жекеге»қағидасы жүзеге асатындығын ескеру қажет.Ш.А. Амоношвили айтқандай:жаңашыл педагог білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату,танымдық күшін қалыптастыру,дамыту,білімін кеңейтуге,тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. Инновация бұл педагогикалық жүйені сапалы жетілдірудің бірлігі арқылы алынған идеялар,үрдістер,тәсілдер және нәтижелер инновациялық педагогика тәрбие үлгісін өзгертуді талап етеді.Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады.Сондықтан да білім берудегі инновациялық технологиялар мектептегі оқыту процесі жеке тұлғаға бағдарланған оқыту принціпіне негізделіп,баланың жеке ерекшелігіне қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.Баламен жеке жұмыс жүргізуді қажет ететін жеке тұлғаға бағытталған инновациялық технологиялар мұғалімді жаңа,бұрын өзіне таныс емес кәсіби позицияға қояды.Әр баланың жеке даму процесіне,оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін ол бір мезгілде пән мұғалімі де,психолог та болуы тиіс. Ғылым мен техника ғарыштай дамыған қазіргі дәуірде оқу-ағарту жұмысын одан әрі дамытуға қажетті жағдайлардың бәрі жасалуы мен бірге,мұғалімге талап тілек те өсе түсуде. Инновациялылық өзін-өзі анықтау,шығармашылықпен идеяларды іздеуге мақсатты бағытталған саналы түрде мотивацияланған үрдіс. Өзін-өзі дамытудан дамытудың ерекшелігі –ол кездейсоқ жүреді және ішкі қарама-қайшылықтарды шешу нәтижесінде тұлғалық сапалардың өзгерісі байқалады.Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе –тез өзгермелі жаңа әлемде бәсекеге төтеп бере алатындай білім берудімақсат тұтатын жаңа білім мазмұнына сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдердің, инновациялық технологияны меңгерген жаңашыл ұстаздарды даярлау.Жаңа ғасырда жаңашыл ұстазға қойылатын талап та жоғары болуы даусыз.«Ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім.» А. Байтұрсынов. XXI ғасырда ғылымның қарыштап алға дамуында мұғалімнің инновациялық білімге деген қажеттілігі артып отыр. Инновациялық оқытуда мұғалімнің өзіне, кәсіби іс-әреектіне деген жаңаша көзқарасын, жаңаны білсем, үйренсем, қолдансам деген жаңа іс-әрекеттерін жатқызуға болады. Мектеп жұмысын нәтижелі етуде, оны дұрыс жолға қоюда мұғалімнің шешуші ролі ерекше.Мұғалімнің педагогикалық іс- әрекеттің нәтижесі: Оқушылырдың жалпы білімділік ,іскерлдік дағдыларын дамыту, сабақтаОқушының пәнге деген қызығуы , шығармашылық белсегділігі, оқушылардың пән бойынша білімі, пән олимпиадаларының қорытындысы. Мектеп үшін ең керектісі- мүғалім. Тамаша жақсы педагогикалық құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды. Ы.Алтынсарин. Источник: http://литература сборник новые технологий | |
Просмотров: 1093 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|