Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Жоғары деңгейде оқитын оқушылармен жүргізілетін мотивациялық жұмыстың жүйесі. Жалпы білім беретін мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін , икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде , шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Оқушылардың білімін арттыру олардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсатында жүзеге асырылады. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалану, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімдеу және оның кейбір жерлерін түсінгендерін қысқаша айтып беру, шағын хабарлар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор. Шетел тілі пәні оқушылардың жан- жақты дамып жетілуіне, дүниеге көзқарасының, сана- сезімінің, рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге дағдыға айналдыруына игі әсер етеді. Шетел тілін оқып уйрену барысында оқушылар өз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, сөз әріптерін дұрыс пайдалануға дағдыланады. Шетел тілін мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қаблетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты – оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады. Мектеп жасындағы балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі – ойын. Мектепте оның орнына басты іс- әрекет түрі болып оқу әрекеті кіреді. Бірақ мектепте ойынды сабақтан мүлде бөліп қарауға болмайды. Жалпы орта білім беретін мектептердегі шетел тілдерін оқыту тұжырымдамасында төменгі және ортаңғы сатыда, тіпті жоғарғы сатыда да сабақта ойындар мен ойын элементтерін кеңінен қолдануға тиімді болатыны көрсетілген. Шетел тілінде сөйлесуді, қарым- қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз. Ойындар жаңа тақырыпты өткенде, сөздерді, грамматикалық материалдарды, тұрақты сөз тіркестерді пысықтауға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар оқу процесінде әр оқушы өзінің жеке ерекшеліктеріне қарай, сабақтың әртүрлі бағыттарында өз мүмкіндіктерін толықтай көрсететіндей етіп, бірнеше жұмыс түрлерін ұйымдастыру тиімді. Оқушыладың сезім ағзаларының белсеңді болып келуіне байланысты, берілген тапсырма түрлері осы жастағы балалар психикасының ерекшелігі: тез түсініп, сонымен қатар тез ұмытандықтарын ескере отырып, олардың назарын сақтайтындай, әрекет түрлерін қысқа да, алуан түрлі. Қосымша қызықты, логикалық тапсырмалар беру арқылы жаттықтырамыз, әрбір бала сабақта шаршап, зейінін шаршатпауы, олар үнемі қозғалыста болып, сабақта белсенді қатысу үшін әртүрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Жұмыс дәптері мен оқулықта берілген тапсырмаларды оқушылардың шығармашылық қаблеттерін дамытуға бағытталған, бұл жаттығуларды оқушылар үлкен қызығушылықпен орындау дағдыларын қалыптастыру. Ол оқушылардың рухани жан- дүниесін байытады, ой- өрістерін кеңейтеді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. «Мектептегі әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болуы керек. Әрбір оқушының мұғалімімен тілдесуі бала бойына қуаныш пен өмірге құлшыныс беруі тиіс»- деп Ш.А. Амонашвили айтқандай әрбір сабақты қызықты да мәнерлі өткізу керек. | |
Просмотров: 707 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|