Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары
Бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты- қоғам өзгерістеріне қарсы тұра алатын ғана емес, әлеуметтік экономикалық үдерістерін басқара алатын мамандықтарды қалыптастыру. Шын мәнінде, өркениетті қоғамдағы бәсекелес нарықтық қатынастардың барлық қиындықтары- оқушылардың мойнында. Мектептің білім беру жүйесінің стратегиялық міндеті- бәсекеге төтеп беретін тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуына жағдай тудыру.
Постиндустриалды қоғамда еңбек ететін мектеп түлегі белгілі қасиеттерді меңгеруі тиіс, атап айтқанда:
– өз бетінше сыни тұрғыда ойлай алуы, нақты өмірдегі қиындықтарды көруі және оларды тиімді шешу жолдарын таба білуі қажет;
– өзінің адамгершілігін, санасын, мәдениеттілік деңгейін дамыту үшін өз бетінше еңбектенуі қажет;
ҰБТ дегеніміз- мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігінде сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.
Жыл сайын ҰБТ өткізу келесі жағдайларды туғызады:
– Білім беру мәселелеріне қоғамның назарын аудару;
– Оқуда оқушы мен оқытушының жақсы нәтижелерінің себептерін жоғарлату;
– Білім сапасы бағасының әділдігін және нақтылығын орнықтыру;
– Білім беру ұйымының қызметін әділ бағалау;
– Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын басқару.
ҰБТ- ның жоғары нәтижесі 11- сыныпта ғана пайда болмайды. ҰБТ- ға дайындалудың
басты тұлғасы- оқытушы. Мұғалімге қойылатын талаптар:
• Оқушылардың білім алу себептерін айқындау;
• Пәндік оқыту үдерісін ұйымдастыру;
• Тиімді технологияларды қолдану.
Сонымен, мұғалім ҰБТ- ға дайындауда қандай мақсат қоюға тиіс?
1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушылардың 100% оқу үлгерімін талаптандыру;
4. ҰБТ- ның сапасын және орташа ұпайын жоғарлату;
• Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
• Оқыту өлшеуіштерін құрастыру;
• Интерактивті технологияларды қолдану;
• Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
• Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
Мұғалімнің жұмысында көп қиындықтар тудыратын орташа деңгейлі оқушы емес, потенциялды және үлгерімі төмен балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.
1- кезең. Диагностикалық:
– Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау;
– Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы
қиындық тудыраиын мәселелерді анықтау;
– ҰБТ- ны өткізу ережелерімен және ұсыныстармен танысу;
2 -кезең. Практикалық:
– Тест жинақтарымен жұмыс;
– Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
– Топтық және жек дайындық;
– Теспен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3- кезең. Синтетикалық (анықтаушылық) :
– Тақырыптар бойынша бақылау тестері;
– Мониторинг;
– Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
– Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.
Үш кезең бойынша өткізілген жұмыстар оқушыларды үш топқа бөледі. Тест нәтижелері шыққан соң қатемен жұмыс жасалады. Қатемен жұмыс парағына ағылшын тілінің грамматикалық тарауларының сұрақтары және лексикалық сұрақтар енгіземіз. Парақ бойынша түрлі жұмыстар ұйымдастыруға болады.
• грамматикалық терминдерді аудару, жаттау;
• түрлерін анықтап жазу немесе айту;
• ережелерін еске түсіріп жазу;
• мысалдар келтіру;
• тест жинақтарынан сұрақтар тергізу;
• бірін- бірі тексеру;
• өзін тексеру.
Сабақта жеке өткізілетін жұмыстар грамматикалық түсініктерді жақсы білуге, естерінде сақтауға көп көмегін тигізеді. Мектепішілік байқау- тестілеу нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың алдына қойылған мақсаттары және фактілік нәтиже салыстырылып қаралады. Келесі тоқсанның жұмысы жоспарланады.

A) Үлгерімі төмен оқушылар тобы үшін оқу материалы жай түрінен басталып күрделенуі тиіс. Әр тақырыпты қайталағаннан соң түрлі жаттығулар беріледі, үлестірмелі карточкалар тапсырмалары орындалады, тест өткізіледі. Алдымен бұл оқушыларға 2 жауап нұсқасы бар тест ұсынылады. (жауаптары: дұрыс- бұрыс немесе иә- жоқ). Кейін жасырын тест түрі (3 немесе 5 жауап нұсқасы бар тест) беріледі. Ең соңыңда ашық (жауаптары жоқ) тест түрі орындалады немесе сынақ өткізіледі.
Мысал ретінде
1. «Грамматика » тақырыбын алсақ ; ережелерді талқылау (оқушы -НЕ БІЛЕМІН, мұғалім- НЕ БІЛУ КЕРЕК.)
2. Бекіту жұмыстарын орындау(жаттығулар, үлестірмелі материалдар).
3. Тест (2 жауап нұсқасы бар).
4. Жасырын тест түрі (3 немесе 5 жауабы бар).
5. Ашық тест түрі (жауап жоқ немесе сынақ) .
6. Түзету жұмыстары жүргізіледі:
ә) Бұл оқушылардың жеке жұмыс өткізу кестесі құралады. Оқушылар міндетті түрде қатысуы тиіс;
б) Мектеп психолгінің кеңестері, оқушылардың аналитикалық қаблеттерін, есін, зейінін дамытып тренинг өткізу;
в) Оқушылардың ата – аналарымен кездесуін, үй тапсырмасын жоспарлау және бақылау;

II. a) Потенциялды немесе үлгерімі жоғары оқушылармен өзгеше жұмыс өткізіледі.
1. Тестілердің күрделі түрлері беріледі (жасырын және ашық).
2. Қазақ мектеп оқушыларына арналған өтіп кеткен оқу жылдарында өткізілген тестілер бойынша жұмыс.
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және жауапкершіліктерін
қалыптастыру үшін кеңесші рөлін атқару мүмкіндіктерін беру. Кеңесші ретінде олар үлгерімі төмен оқушыларға ережелерді түсіндіреді, көмектеседі, жауаптарын тексереді, бағалайды.
4. Тақырыптық тестілер құрастыру.
5. Интернет жүйесіндегі жаңа тест материалдарын қадағалау.
а) мектеп психолгі жеке жұмыс өткізеді. Оқушылардың өзін- өзі бағалау сезімдерін жоғарлату, алаңдаушылық сезімін төмендету тренингтерін өткізу;
ә)оқушылардың тілектері бойынша жеке жұмыс кестесі құрылады;

б) оқушылардың ата- аналарымен кездесу.
– Сонымен, үлгерімі төмен және потенциалды (үлгерімі жоғары )оқушылармен жұмыс жүргізу көп уақытты, төзімділікті талап етеді. Солай бола тұрса да, бұл – қажетті жұмыс, өйткені ол ҰБТ нәтижелеріне әсер етеді.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Saulesha2469 (2014-11-27) | Автор: Нурсауле
Просмотров: 1852 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 1:34 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru