Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Биология 6-сынып Тақырыбы: Сабақтың бойлап және жуандап өсуі. Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы Мақсаты: Оқушыларға сабақтың бойлап және жуандап өсуі мен қатар сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы жайлы білім беру. Көрнекілігі: сабақтың суреті, тірек-сызбалар, кеспелер Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру Сабақ беру әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық 2. Үй жұмысын тексеру 1. Сабақ қандай қызмет атқарады? 2. Сабақтың түрлерін атаңдар? 3. Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар? 4. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады? 5. Өзек қандай қызмет атқарады? 6. Қабық бөлімдерінің, атқаратын қызметін талдаңдар? 3. Жаңа сабақ. Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан-жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байланысты. Өсімдіктің ұзарып өсуі Төбе бүршік Жанама бүршік Сабақтың жуандап өсуі. Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір маусым ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді. Ағаштағы бүршіктер мен жапырақтар зақымданбаса, камбий жасушалары да тез бөлінеді. Камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады. Оны жылдық шеңбер деп атайды. Жылдық шеңбер құбылыстары Өсімдік жасын Жарықтың Ауа райын Көкжиек Жауын- анықтайды түсуін анықтайды бағытын шашанды Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы Тамырдың топырақтан сорған минералды заттары тамырда қалып қоймай сабақ бойымен көтеріліп жер үсті мүшелеріне барады. Су мен минералды тұздар сабақтың сүрек қабатымен қозғалады. Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы Сағатына 20 см Сағатына 30 см Судың сабақ бойымен көтерілуі тамыр қысымына байланысты көктемде 4-5 литр шырын ағызып алуға болады Шырын Су Минералды тұз Қант Біліміңді тексер. Берілген сөйлемдерді зер салып оқып сабақтың қай қабатына тән екендігін анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар. Қабық Камбий Сүрек Өзек 1. Сабақты жуандатып өсіреді. 2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі. 3. Органикалық заттар қорға жиналады. 4. Су мен минералды заттар қозғалады. 5. Тін талшықтары орналасқан. 6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. 7. Қабық пен сүректің арасында орналасады. 8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады. Зертханалық жұмыс №8 орындау 4. Бекіту. 1. Өсу нүктесі қайда болады, қай ұлпаға жатады, қандай қызмет атқарады? 2. Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты? 3. Жылдық шеңбер деген не? 4. Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды байқауға болады? 5. Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуын түсіндіріңдер? 5. Үйге тапсырма.§13,14 оқу | |
Просмотров: 4962 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|