Главная » Статьи » Школа, как она есть |
"№ 48 орта білім беретін мектеп" КММ,ШҚО Семей қаласы Амренова Айгерім Айтахметовна-бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік-есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту. 2.Дамытушылық-есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту. 3.Тәрбиелік-жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: ойын элементтері араласқан мерекелік жарыс сабағы Әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, ойын элементерімен көрнекілік қолдану Сабақтың көрнекілігі: ойын элементтеріне керекті жабдықтар, қима қағаздар, Азиада эмблемасы, кестелер Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиет; Сабақтың барысы І.Психологиялық көңіл-күйі- -Балалар, сендер теледидардан жаңалықтарды көріп, естисіңдер ме? -Алда, осы қаңтар айының соңына қарай қандай спорттық ойындар өтпекші? (VII Қысқы Азия ойындары) -Дұрыс балалар! Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз осы Азиадаға байланысты өтеді. (Балалармен қысқаша әңгіме өткізу. Алау, шеру жөнінде) Бұл Азиада ойындары біздің елде, Қазақстанда өтпекші. Оған 27 елдің спортшылары қатысады. VII Қысқы Азия ойындары 30 қаңтарда басталып 6 ақпанға дейін жалғасады. Әл-Кувейт қаласында Азиада алауы жағылды. Олимпиада алауының эстафетасын сендер теледидардан көріп тамашаладыңдар. Азиада алауын Қазақстанның құрметті, қадірлі, атақтары азаматтары алып жүреді. Ал, сендер сол азаматтардың ізбасарлары, Қазақстанымыздың болашағысыңдар. Сондықтан біз де «алау жағуды» сыныбымыздың озат, үлгілі, тәртіпті оқушыларына тапсырамыз. Барлық сынып оқушылары осы «алау шеруіне» қатысамыз. Өз білімдерімізді көрсетеміз. «Алауды жағу»- (Алау орнына сырты алау пішініне келтірілген қалта шамы қолданылады.) Алау шеруін «бір қаладан екінші қалаға апару үшін тапсырмаларды өте жақсы орындауымыз керек. (Әрбір партада қала аттары жазылған плакат) ІІ.1 тапсырма- Алматы Ауызша №1, 16 бет оқулықтан 20*4 6*20 9*20 30*20 100*7 630:70 400:200 810:9 900:10 320:40 50*20 8*20 6*100 3*200 70*2 2 тапсырма (Көкшетау) №2 Әр өрнекке ыңғайлы тәсіл іздеп тап: (6+2)*30 (60+30)*5 (100+100)*4 (3+4)*20 (70+20)*9 (200+300)*2 3 тапсырма (Қызылорда) Мәселе есеп №3 а.ауызша б.жазбаша (тақтада) 4 тапсырма Сергіту сәтін өткізу, тапсырма (Ақтөбе) №4, 17 бет оқулықтан 456 +235 456 +399 400 -312 505 - 65 324 +676 446 +312 323 -122 654 -79 5 тапсырма Өзіндік жұмыс (Қарағанды) №5 Ж Жасыл, көк, қызыл фигуралардың периметрін және аудандарын анықтау. Р-? S-? жасыл көк қызыл а=2см в=6см р=2*2+6*2=16см s=2см*6см=12см2 а=2см в=4см р=2*2+4*2=12см s=2см*4см=8см2 а=4см в=4см р=2*4см+2*4см=16см s=4*4=16см2 | |
Просмотров: 2028 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|