Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің берілуіндегі кіріктіріп оқыту технологиясының тиімділігі
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№4 орта мектебі«мм-де «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің берілуіндегі кіріктіріп оқыту технологиясының тиімділігі» тақырыбында қазан айының 20-21 күндері ашық есік күні өткізілді. Математика пәнінің мұғалімі А.Қалыбаева «Модулі бар жаттығуларды орындау» тақырыбындағы сабағын география пәнімен кіріктіріп өткізді.География пәнінің мұғалімі К.Бұрқан «Аласа таулар»тақырыбындағы сабағын тарих,технология,музыка пәндерімен кіріктіріп өткізсе,химия пәнінің мұғалімі С.Әлиманова «Химиялық формулалар бойынша есептеулер»тақырыбындағы сабағын математика пәнімен кіріктіріп оқыту технологиясының элементтерін пайдалана отырып өткізді.Физика пәнінің мұғалімі Д.Ақылбекова «Бүкіл әлемдік тартылыс заңы»тақырыбындағы сабағын география пәнімен,ал биология пәнінің мұғалімі Д.Сулейменова «Мидың сұр және ақ заты» тақырындағы сабағын медицинамен байланыстыра өткізді. Мектеп психологы А.Шанова «Оқушылардың тіл табыса алуы мен қарым қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырып, ой бөлісті. Ашық есік күнін мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары К.Еңсепованың ұйымдастыруымен қорытындыланып, ашық сабақтарға қатысқан мұғалімдер ризашылықтарын білдіріп, тәжірибе алмасу мақсатына жеткендіктерін айтты.