Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№4 орта мектебі»мм Шындаулетова Гаухар Есеналықызы Тақырыбы: Бағдаршам – біздің досымыз. Мақсаты: Білімділік: қалыптасқан түсініктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін бағдаршамның қажеттілігін түсіндіру, көше қатынас ережелерін жасына сай меңгерту. Дамытушылық: ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейіп, тілін ұстарту, сұрақтар қою, жұмбақ, өлең айту, ойын арқылы ойларын, есте сақтау қабілеттер дамыту. Тәрбиелік: Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетіне, сақтыққа, жауапкершілікке, сергектілікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға тәрбиелеу. Міндеті: - Жолда жүру ережелерін түсіндіру - Бағдаршам, жол белгілері туралы ойларын дамыту - Жолда жүру мәдениет сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Бағдаршам суреті», транспорт модельдері, жол белгілері, «Тоқта!сақтан!жол ашық!» газеті. Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, ойын. I.Ұйымдастыру кезеңі II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Мұғалім: Сабағымызды жұмбақпен бастайық. Көзін ашып жұмады, Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам) Міне, көшеден бізге кім қонаққа келіпті? (Бағдаршам) Мұғалім: Бағдаршам - өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу – баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам – жол элементтерінің ішінде ең ерте пайдаланыла бастаған. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Әрі оның кескін-келбеті де, құрылысы да әлденеше рет өзгерді, жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді. - Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал, ендеше тыңдап көрелік. Ең алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын. Ол 1968 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Ол газды шаммен жұмыс істеді. 1914 жылы Америкада электрлі бағдаршамдар пайда болды. Тек екі түсті: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана 3 түс қолданылған. 1924 жылы Мәскеу қаласында орналастырылды. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлықпен аспай-саспай тұруға тиіс. Көшеде бағдаршам болмаса, Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе. Кідірме, абыржып онда аса, Сенгейсің өзіңнің көзіңе, Көшеде ортаға жеткенше, Әуелі көзің сал сол жаққа. Балақай, ортадан өткен соң, Мойның бұр сол жақтан оң жаққа. Әдеби-монтаж. 1. Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда, Қалт тоқтай қал табанда. 2. Сары жарық: Сары шамы жағылса, Сақ абай бол барынша! 3. Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық! Зымырай бер,бел асып. 4 – оқушы: Көрген дәу қырағы, Көшемізде тұрады. Бағынамыз әрдайым, Ашса кезек үш көзін- Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Мұғалім : бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді. 5-оқушы: Қызыл көзі жанса, Мейлі көлік жоқта. Қатып қалған жанша, Қыбыр етпе тоқта! Мұғалім : бағдаршамның сары көзін көрсетеді. 6-оқушы: Сары көзі жанса, Мейлі көлік жоқта. Қатып қалған жанша , Қыбыр етпе тоқта! Мұғалім : бағдаршамның жасыл көзін көрсетеді. 7-оқушы: Жанса көзі жасыл, Жолың айдай, ашық. Жүре берген батыл, Керегі жоқ сасып. 8-оқушы: Бағдаршам жоқта, Асықпағын текке. Ондай жерде тоқта, Жолды қиып өтпе. 9-оқушы: Үлкен жолдың үстінде, Әмірші де, күшті де. Бағдаршам екенін, Есте сақта, достарым! Мұғалім: Балалар, қазір «Бағдаршам» ойынын ойнап жіберейік. Бағдаршамның үш түрлі көзін көреміз. Қызыл жанса – тыныш тұрамыз. Сары жанса – оң аяғымыз көтеріп, дайындаламыз. Жасыл жанса – топ-топ басып жүреміз.Бағдаршам жоқ жерден қалай өтеміз? - Алдымен сол жаққа қарап, ешбір қауіптің жоғына көз жеткізген соң ілгері жүреміз де, жол ортасына жеткеннен кейін оң жағымызға қараймыз. Келе жатқан көлік болса, оны өткізіп жіберу керек. Жолды тек тура бағытта кесіп өту керек. Көшеде жүргенде бізге бағдаршамнан басқа көмектесетін белгілер де бар екен. Олар 4 топқа бөлінеді: 1. Ескертуші белгілер (алдағы қауіп туралы ақпарат береді) 2. Тыйым салушы белгілер (белгілерде көрсетілген бейнелердің жүруіне тыйым салады) 3. Сілтеуші белгілер(адамға қажетті нысанның қайда екенін көрсетеді) | |
Просмотров: 1281 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|