Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№ 4 орта мектебі»мм Тахаева Сәнімкүл Аманкелдіқызы Ұйымдастырушы педагог Тақырыбы: «Мейірімді жүрек» Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. 1-Жүргізуші: Қайырымды бола білу үлкен іс, Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп. Жақсылықты жаса қолдан келсе егер, Біле білсең өзің үшін ол жеңіс. Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! «Мейірімді жүрек» атты тақырыбындағы мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Сөз кезегi мектеп директоры Ізтлеуова Айғаным Қорабайқызынаберіледі 2-Жүргізуші: Балаларды қорғау керек бәрінен, Қардан, қыстың қаһарынан, кәрінен. Қорғау керек нәзік гүлдей аялап, Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш Балаларға бөлінбесін алалап. 1-Жүргізуші: Мектебіміздің күміс көмей өлеңімен ортаға шақырамыз. 2-Жүргізуші: Егеменді еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі жас бүлдіршіндер. Сондықтан, барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады. 1-Жүргізуші: Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені, Жарқыратып жібереді-ау дүниені Жетеді ме күлгеніне сәбидің. Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері.- дей келе, кезекті 2-Жүргізуші: Мейірімділік – ғажайып өмір ес1гі, Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетілер бесігің. Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің, Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім. 1-Жүргізуші:Ортаға мың бұралған шақырамыз. 2-Жүргізуші: Біз тілейміз бар бөбекке, Бақытты өмір сүргенін. Туған елге еркелеп, Қуанғанын, күлгенін. Сусынымыз қанады, Өнер, білім, нәрімен. Әлемдегі баланың, Дос боламыз бәрімен. 1-Жүргізуші: Сөз кезегі мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2-Жүргізуші: Алаңдатпай сәби сүйген ананы. Қатыгездік, безбүйректік, өктемдік, Жауыздықтан қорғау керек баланы. Ауру, апат, жоқшылықтан, аштықтан, Жалқаулықтан, жат қылықтан, мастықтан. Балаларды қорғау керек, ажыратпай, Ойын-күлкі, ұйқысынан шаттықтан. Адамдарға адамдардың оғы ұшқан, Қорғау керек баларды соғыстан. Болашақтың, барша ұлттық тағдырын, Балалардың тағдырымен тоғысқан. 1-Жүргізуші: Балаларды қорғау керек, ажыратпай, Ойын-күлкі, ұйқысынан шаттықтан. Адамдарға адамдардың оғы ұшқан, Қорғау керек баларды соғыстан. Болашақтың, барша ұлттық тағдырын, Балалардың тағдырымен тоғысқан. 2-Жүргізуші: Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен, Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен. Мейірімділікті сіңірген адам бойына, Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен. 1-Жүргізуші Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз. 2-Жүргізуші: Көрмей өскен өмірдің дала мұңын, Бақыт деген балдәурен балалығын Бақыт деген ата-анам қуандырған, Жеңістерім, табысты әр адымым. 1-Жүргізуші: Сүйкімділер, періштелер сендерсің, Қандай бейне өздеріңе тең келсін. Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да, Ең алдымен балалықты меңгерген Сендер дағы өздеріңше күрессең, Өздеріңше сендер де өмір сүресің. Болашақты жалғау үшін болашақ, Бола жатар сендердің де үлесің. 2-Жүргізуші: Осымен өткізілген қайырымдылық акциямызды аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз. 1-Жүргізуші:Бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош, Сау болыңыздар! | |
Просмотров: 1313 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|