Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Милы аулы «Милы орта мектебі» мм Китарова Айгуль Орынбасаровна тарих және география пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы. Сабақтың мақсаты: Хандық биліктің жойылуының алғышарттарын айқындау, шаруашылық, саяси және қоғамдық дамудағы жаңа бағыттарды сипаттау. 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» нәтижесіндегі өзгерістердің мәнін түсіну. Сабақтың міндеттері: Білімдік: Оқушыларға «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептерін түсіндіру; Дамытушылық: Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға үйрету; Тәрбиелік міндет: Оқушылардың өздік, жұп, топ болып жұмыс істеу қабілетін дамыту. Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: «ХІХ ғ. І жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы» карта. Тірек – сызба. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы. Сабақтың әдісі: Баяндау, СТО – ның стратегиялары: топтық жұмыс. Пәнаралық байланыс: География, қазақ әдебиеті, бейнелеу. Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. . Сабақтың жоспары: 1. Хан билігін жоюдың себептері мен алғышарттары. 2.Орта жүздегі хан билігінің жойыла бастауы. 3. Басқарудың жаңа жүйесін енгізу. 4. Сыртқы округтардағы сайлау тәртібі. 5.Округтық приказдың негізгі міндеттері. 6. Алым-салықтар. 7. Қазақ даласында шаруашылық пен сауданың дамуы. Сабақтың барысы. І. Жаңа тақырыпты меңгеру: 1. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс. Бейне үзік көрсету арқылы мағынаны ашу. І топ: 1-2 тақырыпша бойынша постер қорғау. ІІ топ: 3-4 тақырыпша бойынша постер қорғау ІІІ топ: 5-6-7 тақырыпша бойынша постер қорғау. Ү. «Дұрыс – бұрыс» ойыны Ойын шарты: Сұрақтар оқылады. Дұрыс жауабын айтса, оқушылар қол шапалақтайды, егер қате оқыса үнсіздік білдіреді. 1.Хан билігінің сақталуы патша үкіметінің өлкені шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергі келтірді. (дұрыс) 2. Қазақстандағы жаңа реформаның басты мақсаты: хан билігін сақтау (бұрыс) 3.1822 жылы Сібір қырғыздары туралы жарғыны жасаған Сперанский (дұрыс) 4.Округтерді аға сұлтандар басқарды (дұрыс) 5. болыстарды ауыл старшындары басқарды (бұрыс) 6.Ауыл старшындарын көшпелілердің өзі сайлады (дұрыс) «Сандар сөйлейді» ойыны 1812 ж Бөкей сұлтан Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарына хан болып тағайындалды. 1815ж Орта жүзде Уәли хан болып сайланды. 1822ж Сібір қырғыздары туралы жарғы күшіне енді. 15-20, 10-12 Әр округте болыс Әр болыста ауыл 50-70 Әр ауылда үй 1854ж Аға сұлтандыққа шыққан тегі Шыңғыс әулеті емес адамдар да сайлана алатын еді. ІҮ. Бекіту: Б) «Кім жылдам» бекіту сұрақтары 1. Қазақстанда хан билігін жоюдың негізгі себептері? 2. «Сібір қырғыздары туралы жарғы бойынша» патша үкіметінің көздеген басты мақсаты ? Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: 1.§ 17 1.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы. Ребус құрастыру. . Кері байланыс | |
Просмотров: 1111 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|