Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы «Саржансай орта мектебі»ММ Еркналиева Айман Амангалиевна Орыс кластарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абаймен таныстыру, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу; ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; б) тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары Сабақтың көрнекіліктері: А.Құнанбаевтың портреті, тірек сызбалар, семантикалық карта. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй тапсырмасын тексеру.Шоқан Уәлиханов өмір баяны а) «Мәтін бөліктері» ойыны бойынша әңгіме ә) Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру үшін кестені толтыру. Әңгіме кейіпкерлері Қандай? 3. Жаңа сабақ. 1. . Абай өміріне қысқаша тоқталу 2 . Әдебиет теориясы. Өлең – поэзиялық жанр түріне жатады. Онда ұйқас /рифма/, ырғақ /ритм/ болады. Мысалы: 3. Оқулықпен жұмыс. Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз. А.Өлеңді мәнерлеп оқу Ә.Сөздік жұмысын жүргізу. (nүртіп алу жүйесі бойынша) Ғылым – оқу, білім Ғалым – оқымысты адам. Б.Өлеңді оқушыларға шумақ бойынша тізбектеп оқыту, мазмұнын ашу. 5. Семантикалық картаны толтыру. Тақырыбы Авторы Жанры Түйінді ой Негізгі идеясы Ғылым таппай мақтанба Абай Құнанбаев поэзия Жас уақытта оқып, білім алуға шақырады Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. 6. Мағынаны тану стратегиясы. - Мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілеңдер. (параққа жазылған қасиеттер, таза парақ «Топтастыру» үшін). Қасиеттері: • Еңбекқор • Әдепсіз • Мейірімді • Ақылсыз • Надан • Дарынды • Залым • Өз Отанын сүйетін патриот • Еріншек • Сауатты • Білімді - Сендерден де осы қасиеттерді көремін деп ойлаймын. 7.Үйге тапсырма. Өлеңнен үзінді жаттау. 3-тапсырма 100-бет /жазбаша/ Өз таңдаулары бойынша өлең шумағын талдау. 8. Бағалау | |
Просмотров: 1233 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|