Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Кос Истек мектебі Аманжолов Ертай Аралбаевич Технология пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: «Табиғи материалдардан бұйымдар дайындау» Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі:: табиғи материалдардан әр түрлі бұйымдар, ойыншықтар, бейнелержасап үйренуге баулу,табиғи материалдардың қасиетін меңгеру. ә)Дамытушылығы: өз бетіншежұмыс жасауға,ізденуге,қызығушылығын дамытуға үйрету. б)Тәрбиелігі:ұқыптылыққа үйрету,табиғатты аялауға тәрбиелеу,ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау Сабақтың көрнекілігі: табиғи материалдар түрлері,тірек сызбалар,үлгі суреттер. Пәнаралық байланыс: дүниетану,еңбекке баулу,бейнелеу өнері. Сабақтың барысы. І .Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Өткен сабақты қайталау.Үй жұмысын тексеру. ІІІ Тақырыппен жұмыс 1 Қызығушылығын ояту Табиғи материалдарға нелер жатады? Табиғи материалдарға талдың қабығы,бұтақтар, тал түбірі, құм ,жапырақ,гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабанжәне тағы басқа эаттар жатады. Әсем бұйымдар жасау үшін табиғи материалдардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде белгілі бір білім керек болады. 2 Мағынаны тану.Табиғи материалдардың түрлерін көрсетіп тұрып, олардың қасиеттерінежәне қандайбұйымдар ойыншықтар жасауға болатындығына тоқталамын. Бұйымдар жасалатын негізгі табиғи материалдар Табиғи материал түрлері Түр түсі қасиеті Не жасауға болады? Әр түрлі ағаш бұтақтары Иілгіш Қол, аяқ, мойын,жіңішке таяқша Қоға үлпілдегі Жұмсақ,кесуге қолайлы Қонжық, қоян Жер жаңғағы Тесуге,кесуге оңай жеңіл Әр түрлі ойыншықтар,жәндіктер Грек жаңғағы Тең екі бөлікке бөлінеді Аққу, тасбақа,қоңыз,балапан Әр түрлі орман жаңғақтары Қатты, түстері әртүрлі Ойыншық басының бейнесі Шырша мен қарағай бүрлері Жақсы желімде Адамның, жануарлардың кеудесі Қайың қабығы Мықты, иілгіш, тығыз Ойыншықтар Ағаш қабығы Қалың, қатты Тұғыр Мүк Тез желімделеді Түктері әр түрлі Жапырақтар Өте әсем,әр түрлі Көбелек, құстар, балық Құс қауырсыны Жұмсақ мамық Құс бейнесі Табиғи материалдармен жұмыс жасауға арналған құрал- саймандарға тоқталайық. Түрлері Сипаттама Біз жіңішке,тұтқалы,инелі,темірден жасалған Қайшы ұштары жұмыр Пышақ шағын,үшкір емес Ине сабағы арнаулы матада қадаулы Қысқаштар сымдарды бұрауға,қиюға Лак түрлері жылтыратып сәндеуге,өңдеуге Барлық жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауымыз керек ! 3 Топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді.Қолдарында бар материалдармен әр топқа тапсырмалар беріледі.Мысалы: тасбақа,бағдаршам,балапан қораз,қарапайым ойыншықтар бейнесін жасаймыз. 4 Бұйымды дайындау сияқты жұмыс ретін түсіндіремін. Әр топ жұмыстарын көрсетеді,салыстырады. ІV.Сабақты қорытындылау. Табиғи материалдар қайдан алынады? Қандай түрлерін білеміз? Қандай бұйымдар жасауға болады? Бөліктер қалай бекітіледі? V.Бағалау кезеңі. VІ.Үйге тапсырма беру. Табиғи материалдармен өз бетінше жұмыс жасап келуге. | |
Просмотров: 3539 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|