Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы «Саржансай орта мектебі»ММ Балмуханов Куттыорай Барлыханович Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар» Сабақтың мақсаты: а) теориялық ойын түрлерін, мазмұныны, ережелерін, ерекшелігін меңгерту. ә) жетілдіру өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін жетілдіру. б) тәрбиелік Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару. Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан – жақты түсіндіру. Құрал – жабдықтар: Ысқырық, доптар, сақина, арқан т. б. Сабақтың мазмұны: ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢ 1. Оқушыларды сапқа тұрғызу 2. Сынып санын түгендеу. Себепсіз оқушыларды анықтау 3. Рапорт қабылдау. Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау. 4. Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау. Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау 5. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары - Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. - Екі қол белде өкшемен жүру - Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. - Бір қалыпты деңіл жүгіру. - Тіркеме адыммен оң және сол бүйірімен жүгіру. - Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру. - Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізу жүгіру. - Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру. - Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру. - Екі қол тізеде, толық отырып жүру. - Отырып секіре жүру. - Дем алу, дем шығару.- Аяқ ұшымен өкшесімен, сыртқы ішкі қырымен жүруін ескерту. Оң және сол бүйірімен жүгіруін ескерту. Алақанға аяқтың ішкі сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту. Отырып жүру, жүгіруін ескерту. Саптағы бой жазу жаттығулары - Саппен келіп бірнеше қатарға тұру. - Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру. - Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру. - Қолды алға түзу созып, кезек – кезек айқастыру. - Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу. - Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу. - Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу. - Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру. - Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру. - Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру. - Дем алу, дем шығару. 10 минут Қатарға дұрыс тұруын ескерту. Қолды белге ұстауын ескерту. Дұрыс иілулерін ескерту. Қолдың аяққа тиюін ескерту. Артқы тізенің бүгілмеуін ескерту. Аяқтың қолға тиюін ескерту. Тізені дұрыс айналдыруын ескерту. НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар «Тұтқынға алу» - ойыны Ойынның ережесі: Екі топқа бөлінеміз де бір бірімізге қарап сызылған сызықтың екі жағында тұрамыз. Тұрдық па? Енді қарама - қарсы тұрғандар бір - бірінің қолынан ұстап әр бақталас топ өз жағына қарай тартады. Кімнің тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске жетеді. «Арқан тарту» Ойынның ережесі: Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді. Тартыс — ұлттық ойын Ойынның ережесі: Ойыншылар тепе - тең екі топқа бөлінеді, екі - екіден жұптасып тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір - біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін - бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір - бірімен орын ауыстырады. 1 Сабақты қорытындылау 5 минут Түгел тыңдауын қадағалау 2 Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. Толық сапқа тұруларын қадағалау. 3 Үйге тапсырма беру Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау 4 Оқушыларды бағалау Сабаққа қатысуларына байланысты бағалау | |
Просмотров: 562 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|