Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ә ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ Мақсаты: Ә әрпімен таныстыру, ә дыбысының жіңішке айтылатын дауысты дыбыс екенін анықтау. Дамытушылық: Бейнетаспадан ә дыбысына байланысты үзінді көрсету арқылы есте сақтау, фонемалық есту қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Отбасы мүшелеріне, үлкендерге сүйіспеншілік, құрметтеу сезімдерін ояту. Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, бейнетаспа, кеспе әріптер. Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың сабаққа даярлығын тексеру. Психологиялық дайындық. Армысың, Алтын Күн! Армысың, Жер – ана! Армысың, достарым, Сендерді көріп қуандым. - Балалар, бізге әже қонаққа келіпті. Ол сендер сияқты Әсел, Әсет атты немерелерін іздеп жүр. Сендерден көмек сұрап тұр? Әжеге көмектесейік, балалар.Әженің тапсырмасы мынадай: алдарыңа әріптер берілді, солардың дауысты дауыссыз дыбыс екендерін ажыратайық.Тақтаға екі үйдің суреті ілінеді. Дауысты дыбысты қызыл үйшікке, дауыссыз дыбысты көк үйшікке кіргізейік. Балалар сабаққа даярланады. Шаттық шеңберін айтады. Балалардың жауаптары тыңдалады. Балалар тапсырма орындайды. Ұйымдастыру – іздестіру. Жаңа тақырыпқа кіріспе. Балалар, жаңағы әже, Әсел, Әсет деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр? - Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз Ә дыбысымен танысайық. Қазір осы дыбысқа байланысты бейнесюжет көріп алайық. Ә дыбысынан басталатын қандай сөздермен таныстыңдар? Әр айтылған сөздердің суреттері ілінеді. - Балалар, шаршадық қой бір демалып алайық. Сергіту сәті. Бейнетаспадан «Топ – топ балақан» әні қосылып тұрады. - Жақсы, бір демалып алдық. Дәптермен жұмыс: Енді жұмыс дәптерімізді ашып, Ә дыбысыны жазайық. Бірінші мен сендерге ауада жазып көрсетейін. - Ә дыбысынан басталып тұр. Балалар бейнесюжет көреді. Балалардың жауаптары тыңдалады. - Әйнек, әже, әткеншек, әуежай т.б. Сергіту сәтін орындайды. Балалар Ә дыбысын жазады. Рефлексивті – түзетушілік қорыту. - Өте жақсы, балалар, сендер әжелеріңе сыйлық жасайсыңдар ма? Онда Әсел мен Әсет те әжесіне алма теріп бермекші. Сендерді көмекке шақырады. Тапсырма: Әр алмада суреттер берілген, сол суреттерді буынға бөлу. Сабаққа белсене қатысқан балалар күліп тұрған смайликтермен бағаланады. - Сабаққа белсене қатысқандарыңа рахмет, балалар, осымен сауат ашу пәні аяқталды. Балалардың жауаптары тыңдалады. Тапсырмаларды орындайды. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып бөлінетінін; Нені игереді: Ә дыбысының дауысты екенін; Нені біледі: Ә әрпін танып, көрсете білуді. Семей қаласы, № 31 жалпы орта білім беретін мектеп, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:Дуспанова Гульзира Калихановна | |
Просмотров: 551 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|