Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Семей қаласы .№31 жалпы білім беретін мектеп .Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:Дуспанова Гульзира Қалиханқызы. Сабақтың тақырыбы: «Т дыбысы мен әрпі» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Т дыбысы мен әрпін таныстыру. Т дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту. 2. Дамытушылық. Балалардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Балаларды тапқырлыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, дөңгелекшелер, әріптер жинағы. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Сабаққа назар аударып, ашық сабақты хабарлау. ІІ Өткен сабақты пысықтау: 1. Өткен әріптері әндетіп айту. 2. Ә дыбысы бар сөздер айту. ІІІ Жаңа сабақ Ой қозғау. (Тақтаға Дымбілместің суреті ілінеді) -Мынау кім? -Ол қандай бала? -Оған көмектесе аламыз ба? -Оның дорбасында не бар екен? (бірнеше тапсырмалар жазылған парақшалар) 1-тапсырма: Жұмбақ шешу. Иір-иір денесі, Сахараның кемесі. Ащы шөптер тамағы, Шөлге шыдап бағады. -Ол не? -Түйе -Түйе дегенде қандай дыбыс бірініші естіледі? -Т дыбысы Т дыбысымен таныстыру, әндетіп айттыру, ауада, тақтада жазу. Т әрпінен келетін сөздер айттыру. 2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Буындарды хормен оқыту. Тау, бұлт сөздеріне түсінік беру, суреттерін көрсету. Буын санын анықтау. 3-тапсырма: Суретпен жұмыс. -Суреттегі кімдер? -Атасы мен немересі. - Немересіне Т әрпінен келетін ат қояйық. -Толғанай. - Екеуі не істеп отыр? -Дастархан басында отыр. -Дастарханға қойылған тағамдарды атайық. -Торт, құрт, қант. -Немересі қандай қыз деп ойлайсыңдар? -Тәртіпті, тәрбиелі,әдепті. 4-тапсырма: Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкене ағаштар Үп-үлкен боп өседі. 5-тапсырма: Дәптермен жұмыс. Балапан дәптеріндегі Т дыбысын жазу. 6-тапсырма: «Шашылған буындар» ойыны. Шарты: Буындарға басқа буындар жалғау арқылы жаңа сөз жасау. ША ТА ТИ НА ШУ ІV Сабақты бекіту: -Бүгін қандай дыбыспен таныстық? -Т дыбысы қандай дыбыс? -Т дыбысын қандай түсті үйшікке орналастырамыз? V Үйге тапсырма: Кітаптағы сөздерді оқып келу. VІ Қорытындылау: Балалардың білімдерін геометриялық фигуралармен бағалау ( жұлдызша-5, төртбұрыш-4, үшбұрыш-3), Дымбілмеске көмектескендері үшін тәттілермен барлық бала марапатталады. | |
Просмотров: 604 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|