Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің Домбыра класының мұғалімі Елтежі Гүлшат Анатолийқызы Сабақтың тақырыбы: «Динамикалық белгілермен жұмыс» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әнді ойнаған кезде динамикалық негізгі орынды пайдалана отырп, нотаны бірден оқып ойнау арқылы техникасын орындаушылық шеберлігін жетілдіре түсіру. Дамыту: Оқушының бойында музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу, ырғақты сезіну, ести білу және есте сақтау қабілеттерін, аспапта ойнау шеберлігін шыңдау. Тәрбиелігі: Оқушының зейін жинақылығын қалыптастыру және оның тапсырманы ұқыпты меңгеруге тәрбиелеу, сабаққа жауапкершілікпен қарауға және ұқыпты болуға үйрету. Сабақ типі: Жаңа сабақ Сабақ көрнекілігі: Буклет. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру: Қол жүргізу мақсатында D-dur гаммасы штрихтарымен ойнату. Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйін ансамбльмен қосылып ойнау. Мұғалім сөзі: Біз ән-күйді не болмаса шығармаларды ойнаған кезде оны өз мәнінде ойнауымыз керек. Аспапты ойнау кезінде ондағы динамикалық белгілерді де ескеруіміз қажет. Олай болса бүгін біз осы динамикалық белгілермен кеңінен танысатын боламыз. Жаңа сабақ: «Динамикалық белгілермен жұмыс» Динамика дегеніміз (гр тілінен аударғанда-күшейту)-дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерешеліктері мен дыбыс күшейту немесе азайту дәрежесі динамикалық белгілер арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер орындау мағынасынан білдіретін италян сөздерінің бас әрпімен кейде арнайы белгілермен де белгіленеді. Негізгі динамикалық белгілер Айтылуы (итальянша) Жазылуы (Таңбасы) Мағынасы (қазақша) Форте f Қатты , күшті Пиано p Ақырын, жәй Мецце-форте mf Орташа, күшпен Мецце-пиано mp Ақырын Фортиссимо ff Өте күшті, қатты Пианиссимо pp Өте ақырын, жәй Крещендо Бірте -бірте күшейте Деминуэндо Бірте -бірте азайта Сфорцандо sf Кенеттен күшейтіп Бүгін біз жаңа сабақта орыс композитор Василий Сергеевич Калинниковтың «Тырна» әнінде кездесетін динамикалық белгілермен жұмыс жасаймыз. Василий Сергеевич Калинников 13 қаңтар 1866-11 қаңтар 1901 1866 жылы 13 қаңтарда Орлов облысында Мценской ауданында шенеулік отбасында дүниеге келген. Әкесі хор уйымдастырушысы, дирижер болған. Өзі Орлов үрмелі семинарында білім алады. 1884 жылы Консерваторияның дайындық класына түседі. Алайда, оқу ақшасын төлей алмағандықтан көп оқымай оқудан шығып кетеді. Оған қарамастан ол Музыка драма училищесіне түсіп, онда фагота и композиций класын 1891 жылға дейін оқып шығады. Оның ұстаздары С.Н. Кругликов, А.А. Ильинский, П.И. Бларамберг болды. Калинников Москва университетіндегі В.О. Ключевскогоның лекцияларын тыңдап жүрді. Оған тапшы болғандықтан ол театр оркестрінде скрипка, фаготе аспабында ойнап нота жазумен айналысты. Оған көмек берген музыка дәріптеуші Пётр Чайковский оған театрда дирижер болуға ұсыныс тастайды. Сонымен қатар ол жеке музыка әдебиеттен сабақ береді. 1893 жылдың күз айында денсаулығы нашарлап ол Крым қаласына кетіп, қалған өмірін сол жақта өткізіп, сол жақта шығармашылығын жалғастырды. Бүгін біз Василий Сергеевич Калинниковтың «Тырна» деген пьессасымен танысатын боламыз. Сергіту сәті: Қимыл қозғалысты жаттығу Альтерация белгілері: Фа, До, соль диез. А dur гаммасында жазылған. Өлшемі: 2/4 Пьеса тез ойналады. Пьесада кездесетін динамикалық белгілер пиано, мецце-форте, крещендо, форте, деминуэндо. Олай болса «Тырна» пьесасын жақсылап тыңдап алайық. Дамыту: В.С. Калинниковтың «Тырна» пьесасын нотамен талдау. Бекіту: 1/ В.С. Калинников қай жылы дүниеге келді? 2/ Динамика дегеніміз не? 3/ Пьесада қандай динамикалық белгілер кездеседі? Қорытындылау: Бүгінгі сабақты қорыта келе, орыс талантты композиторы В.С. Калинниковтың өмірі мен «Тырна» пьесасын үйрендік. Пьесада кездесетін динамикалық белгілермен кеңінен таныстық. Қазақтың киелі домбырасында тек ән мен күй орындап қана қоймай әр елдің пьеса, шығармаларын шебер орындауға болатынына көз жеткіздік. Киелі аспапты меңгеру оқушының домбыраға деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, одан әрі шебер орындау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін мұрагер болатынына сенімім мол. Үй тапсырмасы: В.С. Калинниковтың «Тырна» пьесасын белгіленген жерге дейін ойнау. Бағалау: | |
Просмотров: 1894 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|