Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№4орта мектебі»мм Бастауыш сынып мұғалімі Қойшыбаева Айнұр Төлеусарықызы Сабақтың тақырыбы: 10 саны және цифры. Мақсаты: Қазақстан Республикасының мерекелері туралы тоқтала отырып, 10саны мен цифрын, құрамын таныстыру. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар ұғымын қалыптастыру. Міндеттері: 1. Сандарды бір – бірімен салыстыру, саралау, талдау жұмыстарын жүргізуге нұсқаулар беру. 2. Отансүйгіштікке, татулыққа, бірлікке, еркін сөйлеу арқылы бір таңбалы, екі таңбалы сандар туралы өз ойларын айта білуге, математикалық тілде сөйлеуге тәрбиелеу. 3. Ақыл-ойын, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мерекеге қатысты суреттер, дидактикалық материалдар. Типі: жаңа білімді игерту Оқытудың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау. Сабақ мазмұны: І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. -Әрбір адам? -Досым, бауырым. -Әрбір сабақ? -Үйрену, оқу, іздену. Әрбір сөзің? -Шындық, бірлік, адалдық. Бүгін, балалар біз әр тапсырманы орындай отырып, ҚР-ның мерекелері туралы мағлұмат алатын боламыз. Қандай мерекелерді білеміз? ІІ. Өткен сабаққа шолу. 1-ден 9-ға дейін қазақ, орыс,ағылшын тілінде тура және кері санап көрейік. (Ағылшын тілі пәні кіріктіріледі.) ІІІ. Ой қозғау. Жұмбақ. Алшаға кеп күнара Қонушы еді 1 ара. Бүгін 9 туысын Ертіп келді бұл ара. Сонда бүгін алшаға Келіп қонды қанша ара? (10 ара ) IV. Жаңа сабақ. Міне, балалар математикада тоғыз цифр бар. Әр цифр бір таңбалы санды білдіреді. Бұл сандардан басқа екі, үш, көп таңбалы цифрдан тұратын сандар құралады. Біз сендермен сандардың көмегімен санауға, заттың ұзындығын, енін, биіктігін, қанша салмақ тартатынын білуге болады. Осы цифрларды ең алғаш VI ғасырда ойлап тапқан. Бұл үнді жерінде болған. Бұл цифрлар – араб цифрлары деп аталады. Міне, мынау 10 саны және цифры. Сандар қатарында 9-дан кейін тұрады. 10 – натурал сан, заттарды санауға қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. Оқылуы- он деп оқылады. Жазылуы натурал сандар араб цифрымен ондық жүйемен жазылады. 10-жұп сан, себебі 2-ге бөлінеді. 10см-де 1 дм бар. Наурыз мейрамы – 22 наурызда болатын мереке. Бұл күні адамдар бір-біріне игі тілек айтып, қонаққа барады. Әр қонаққа «наурызкөже» ұсынылады. №1. Суреттерді пайдаланып, теңдіктер құрастыр. 9+1=10 1+9=10 10-9=1 10-1=9 8+2=10 2+8=10 10-8=2 10-2=8 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Елімізде тұратын ұлттар арасындағы достық мейрамы. 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтті. №2. 10-3 7+2 8+2 9-2 5+1 8-8 9 мамыр – Жеңіс күні. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Әр отбасына көп қайғы әкелді. 630 мың қазақстандық соғыстан қайтып оралмады. 500 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды. Биыл Жеңістің 70 жылдығын атап өттік. Шығармашылық тапсырма. «Сиқырлы шаршылар» ойынын ойнату. №3. Көрші сандарды ата. . .. 1 ... ... ... ... 5 ... ... 8 ... ... ... ... 9 ... 6 шілде – Астана күні. 1998 жылы 6 шілде күні Ақмола қаласы елорда болды. Содан кейін бұл қаланы Астана деп атады. Астана – Отанымыздың жүрегі. Сергіту сәті. V. Бекіту. № 4. Суреттер арқылы теңсіздіктер құрастыр. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев ҚР-ның тұңғыш президенті болып сайланды. Бұл мереке – халықтың Елбасына деген сый-құрметі мен сенімін білдіреді. VI. Қорытындылау. №5. Салыстыр. 0+5*5+0 10-5*10-3 7-5*5+0 10-0*10-1 9-8*9-9 8-8*5-1 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Біз үшін ең маңызды мейрам. 1991 жылдан бері еліміз тәуелсіз. Біздің елімізде әр азаматтың құқы мен міндеттері бар. Біздің ата-бабаларымыздың ең басты аманаты – бәріміз туған жерімізді, ұлы Отанымызды қорғай білуіміз керек. Бүгінгі сабақтан алған әсерін әңгімелеу. VII. Мадақтау. | |
Просмотров: 892 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|