Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «Оқушылар сарайы»ММ Музыка сүйемелдеуші Утебасов Ануарбек Есенжолұлы Хор және вокаль үйірмесінің жетекшісі және музыка сүйемелдеушісі «Ақпыз, қара, сарымыз ағайынбыз бәріміз» атты концертінің сценарийі Мақсаты: Ауданымызда тұратын басқа ұлт өкілдерінің мүдесін қорғау, олардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дамыту жолындағы қызметтеріне қолдау көрсету, мерекелік көңіл –күй сыйлау. Жоспары: 1. Фанфар. 2. Жүргізушілер сөзі 3. Ашылуы сөзі (білім бөлімі) 4. Музыкалық бағдарлама 5. Қорытынды. (жабылуы) Барысы: Фанфары (Оркестрдің орындауындағы 2 шығарма орындалады . Біткесін сахна сыртында орындалған шығарма хабарланады ) БАРЫСЫ: І жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді қонақтар! ІІ жүргізуші:Қайырлы күн! Ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ақпыз, қара, сарымыз ағайынбыз бәріміз» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер! І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, Қазақ елі – Қас сақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт мекен болған еді. ІІ жүргізуші: Зобаланда көп шеккен қасіретті, Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті. Риза көңілменен елге деген, Арнайды барша халқы ақ тілекті. І жүргізуші: Өздеріңізге белгілі,2015 жыл Қазақстан Республикасының Призиденті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы ретінде жарияланды. ІІ. Жүргізуші: Иә, осыдан жиырма жыл бұрын, яғни 1995 жылдың 1 наурызында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт –Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлыққа қол қойылған болатын. Осы мерзім ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы нағыз жалпы халықтық, азаматтық, саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйым ретінде танылып, бүгінгі күні конституциялық мәртебеге ие болып отыр. І жүргізуші: Иә, қайырымды қазақ елі қашанда кеңдігімен, көңілінің ақтығымен ерекше. Қазақстанда тұратын әр ұлт өкілі бірін бірі бауырдай көрген абзал. Өйткені осынау Атыраудан Алтайға дейінгі кең атырап кім-кімді де жатсынбай құшағын аша білді. Осы бір мағыналы әрі мәнді,көрген адамның көңіліне қонарлықтай кешіміздің шымылдығын ашу үшін Аудандық білім бөлімінің сөз береміз. ІІ жүргізуші: Нәсілдерге нәсіп болсын нұрлы күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. Татулығын жырға қоссам ұлттардың, Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін. І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір, Ұлыдостықмәпелегенжүрекгүл. Қазақстан бар ұлысқашаңырақ, Шайқалмастаншаттығымызтірептұр ІІ жүргізуші: 1.Ән: «Қазақ осы». Қ.Мырзалиев. орындайтын: Халықаралық «Бала –өмірдің гүлі» балалар конкурсының жүлдегері Бақырадинов Рамазан. 2. Доброхотов «Фантазия» орындайтын Абдолова Н.Концертмейстер Сүлейменова А. І жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен. ІІ жүргізуші: Қазақ деген Қайырымды нар халық Хас өнерді тірейтұғын арқа ғып Қазақ деген, қазыналы кеңпейіл Бар жаханды құшатұғын арқалық- демекші келесі тамашалайтындарыңыз- 1. Қобызшылар ансаблінің орындауында Абайдың әні « Айттым салем Қаламқас» 2. Ән: «Жайнай бер, жастар жаңаша» әнін республикалық «Ақ көгершін» және «Шәмші әндері» байқауының жүлдегері Тәңірбергенова Ақмерейдің орындауында қабыл алыңыздар. 3. Би: «Қазақ биі» орындайтын республикалық, халықаралық би байқауларының жүлдегері «Көркем-ай» би тобы І жүргізуші: Далам менің не деген кең құшағың, Саған қарап кеудеме жыр құшамын. Сен дегенде сан ұлттың тілегі бір. Тілі бөлек болғанмен жүрегі бір. ІІ жүргізуші: Қазағымның пейілі кең ғой шіркін, Дүбірлеткен тойларын талай дүркін. Өзбек, орыс, грузин деп бөліп жармай, Таба білдің достықтың алтын кілтін. 1.Прима аспабында орындайтын шығарма Саз мектебінің оқушысы Зрянова Ританың орындауында Орыстың халық әні «То не ветер ветку клонит». Концертмейстер З Абилова. 2. Би: Грузин биі орындайтын «Оқушылар сарайы» ММ –нің «Сымбат» би тобы 3. Александр Альябев «Зимняя дорога » орындайтын республикалық «Ақкөгершін» байқауының жүлдегері Самен Салтанаттың орындауында қабыл алыңыздар. І жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 24 жыл. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 24 жылы. Бұл ат а- бабамыздың қанымен келген қасиетті,ұлы жеңісіміз. Егеменді елдің қабырғасы жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. ІІ жүргізуші: Иә, Бірлігі жарасқан азат еліміз көк байрағымыздың астында берекелі,мерекелі күн кешіп жатырмыз. Бүгін біздің ортамызды толтырып отырған өзге ұлт өкілдеріне де ерекше сәлемімізді жолдай отырып,сіздерге айтарымыз: Көк аспанның астында татулықта күн кешіп,көк Тәңірдің қолдауымен қанатын кеңге жайған достығымыздың тұғыры биік болсын. І жүргізуші: 1.Сырнайшылар ансамблінің орындауында украйнаның халық әні «Перевоз Дуня держала» Сыражадин Д,Төремұратова С, Кенжеболатова А 2. Ән: халықаралық «Ақкөгершін» балалар байқауының жеңімпазы Нұрадин Аяулым орындауында «Шашу» әні. 3.Баян аспабының орындауында Иса Ж. А Шатров «На сопьках Манчонурий» 1 жүргізуші: Қазақ елі- жақсылықтың сәулесі Өнер менен әнге толған көмбесі Қазақ дейтін қаны таза халқыма Көк тәңірдің мейірімі сөнбесін! 2 жүргізуші: Өзбекті қазақ өз ағамыз деп сыйлаған, Өн бойына еңбекқорлық жинаған, Бірлігі бекем,тірлігі тату бұл жұрттар, Бір-бірін әркез бауырдай көріп қимаған. ІІ жүргізуші: 1.Сахнада өзбек биімен республикалық, халықаралық конкуртардың жүлдегерлері «Салтанат» би тобы 2. Л Бетховеннің «К Элизе» шығармасын фортепиано аспабында Оразаева Ұ орындауында қабыл алыңыздар. І жүргізуші: Жақсылықты ту еткен елім менің Енді көрме азапты,егілмегін Көк байрағын желбіреп көк аспанда Жарқырасын әрдайым көгіңде күн ІІ жүргізуші: Асыл елім,асқар сенің арысың Еңбегің мен ерек болған табысың Сен- ұрпаққа баға жетпес мол мұра Татулықтың сөнбейтұғын шамысың 1. Примашылар ансамблінің орындауында Гендельдің шығармасы «Пассакальяны» қабыл алыңыздар. 2. Отарова В (Қылқобыз, жетіген) 3. Ахметқали Шерхан «Байтақ елім» әні. ІІ жүргізуші: Ел іргесін мекен еткен ұлыстарымыз бен ұлттарымыз біздің қандас бауырларымызға айналды. Біздің шын ниетпен қолға алып сіздер үшін ұйымдастырып отырған осы мерекелік кешіміз сіздердің көңілдеріңізден шығып жатса, біздің де мақсатымыздың орындалғаны. І жүргізуші: Міне құрметті көрермен,аса қадірлі қонақтарымыз! Татулық, ынтымақтастық қанымызға сіңген қасиет. Тыныштықты, достықты,бейбіт өмірді қалайтын әр азамат үшін қазақ елінің қақпасы әркез ашық. Олай болса достығымыздың алтын көпірі құламасын, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын- дей келе аудандық «Оқушылар сарайы» ММ мен Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы аудандық саз мектебінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік кешіміз осымен аяқталды. Бірге: Келесі нұрлы күндерде кездескенше сау болыңыздар! | |
Просмотров: 1395 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|