Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Ақтөбе автожол көлігі колледжі Әбдіғаниева Лейла Абылайқызы Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі Негізгі идея: Сыныпта оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру Мақсаты: - Абай шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, өлең тақырыбын меңгерту, кейіптеу туралы әдеби-теориялық түсінік беру -көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу техникасын дамыту, поэзиялық шығармаларға талдау жасауға дағдыландыру; - қоршаған ортаның сырларын түсіне білуге, табиғатты сүюге, тәрбиелеу; Табыс критериі Барлық оқушылар: Абай шығармашылығы туралы біледі, өлең тақырыбын ұғынады. Оқушылардың көпшілігі: Поэзиялық шығармаларға әдеби талдау жасауға дағдыланады. Жекелеген оқушылар: шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады. Мұғалімнің іс-әрекеті Үй тапсырмасын тексеру Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» «Автор орындығы» «Конверт-сұрақ» тапсырмасы Оқушының іс-әрекеті Әңгімені мазмұндайды. «Автор орындығында» отырып, «Байлық көзі – еңбекте» тақырыбындағы шығармаларын оқиды. Ыбырай шығармашылығы туралы және әңгіме мазмұны бойынша стикерге сұрақтар жазып, конвертке салады. Мұғалімнің оқыған сұрақтарына жауап береді. Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» Ең жақсы сұрақты анықтайды. Ресурстар Оқулық Стикерлер Қызығушылықты ояту Абай туралы не білемін? Абай туралы не білетіндіктерін ауызша баяндайды. Мағынаны тану Абай өмірі мен шығармашылығы туралы бейнежазбаны тамашалату. Өлеңді мәнерлеп оқу. Сөздік жұмысы Кейіптеу туралы әдеби-теориялық білім беру. «Балалар философиясы» Бейнежазбаны қарап отырғанда Абай туралы айтылмай қалған тағы қандай деректер білуге болатынын айтады. Ұшпа, Қондыбай,Қанай сөздерінің мағынасын сөздік дәптерге жазады. Ақын қысты кімге теңейді? - Шалдың киімдері қандай? - Киім деп отырғаны не? - Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? - Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? - Соқыр - мылқау деген себебі не? -Түр, түсі қандай? Түсі ақ қырау сияқты суық - Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? - Ақын балалар мен малшыны қалай суреттеген? Бейнежазба Оқулық Сөздік дәптері Топтық жұмыс І топ өлеңге мұғалім берген сызба бойынша талдау жасайды. ІІ топ «Қыс сипаты» немесе «Қысқы ауыл тақырыбына сурет салады. ІІІтоп «Венн диаграммасы» арқылы Ыбырайдың «Өзен» өлеңімен салыстырады. Постер, маркер Ой толғаныс .«Синквейн» ( Бес жолды өлең) әдісі: 1. Синквейн тақырыбы, талқыланатын нысан мен заттың атауы. (Бір сөзден тұратын зат есім) 2. Тақырыпта талқылайтын нысан мен затты сипаттайтын екі сөз (Сын есім) 3. Іс-әрекетін сипаттайтын 3 етістік 4. 4 сөзден тұратын автордың тақырыпқа көзқарасын білдіретін фраза. 5. Түйін Бес жолды өлең жазады. «Автор орындығында» отырып оқиды. Оқушы дәптері Кері байланыс Сабақта нені түсініп, нені игере алмағанына кері байланыс беруді тапсырады Стикерге «Екі жұлдыз, бір тілек» жазады. Жұлдызшалар арқылы бағалау Стикерлер Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау Бағалау Күнделікке баға қойдырады | |
Просмотров: 1140 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|