Учительские университеты
Біз таңымызды жаттығудан бастаймыз!
Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданы Керней орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Тулеутаева Т.К.
Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік тізгіні жас ұрпақтарда, ал дені сау жастарды тәрбиелеу негізі мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеп,күн тәртібін ұстану мақсатында , біздің Керней орта мектебінде күнделікті таңертенгілік жаттығулар ұйымдастырылған. Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пән мұғалімдері, оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында әр түрлі жаттығу түрлерін ұйымдастырып ,бекітілген кесте бойынша жұмыс жасайды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Масалинова Ш.С. жаттығулардың орындалуын және оқушылардың толық қатысуын қадағалайды.Таңертеңгілік жаттығулар балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек ,шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етеді және тәрбиелеуге бағытталған басты құрал болып табылады.Оқушыларымыз әр күн сайын болатын таңертеңгілік жаттығу жұмыстарына белсене қатысып , жақсы көңіл күйлерімен сабақта белсенділіктерін танытуда. Сондағы біздің мақсатымыз оқушыларды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеп шығару.
|
Категория: Школа, как она есть | Добавил: tuleutaevat (2016-04-28)
| Автор: Тогжан E
|
Просмотров: 509
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]