Тақырыбы: Мақсаты: 1. Білімділік: Әлия Молдағұлованың өмірбаянымен таныстыру. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру, шығармашылық қиялын дамыту. Өз ойын ашық айтуға баулу. 3. Тәрбиелік:Отанын қорғауға, батырлыққа, ержүректікке тәрбиелеу. Әлия Молдағұлованың ерлігіне сүйіспеншіліктерін арттыру. Түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап. Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, Ә. Молдағұлованың суреті, Кеңес Одағының Батырларының буклеті. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. (түс таңдау). Балалар, сендер алдыларыңда жатқан түстердің өздеріңе ұнаған біреуін таңдап алыңдар. (1-2 оқушыдан неге ондай түстерді таңдағандарын сұрау). Балалар, көпшілігіміз ашық түсті таңдаппыз. Ендеше аспанымыз ашық болсын. Сендерге сәттілік тілеймін. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге қандай тапсырма берілді? (тақтаға шығарып сұрау) Үй тапсырмасын бекіту. Бауыржан Момышұлы кім? 7 ата кім айтып береді? Кім өзінің 7 атасын жатқа біледі екен? ІІІ. Жаңа сабақ. Мақсаты: Шаршамаймыз, талмаймыз, Білімге құштар баламыз. Өрге қарай самғаймыз. Ендеше, балалар, осы мақсатты алға ұстап, өз ойымызды ашық айтып, білім алуға тырысайық. Кіріспе: - Сағи Жиенбаев 1934 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны. Ақынның «Көктем самалы», «Ақ толқын», «Сырлы теңіз», «Қыр гүлі», «Әлия» және тағы басқа өлеңдері жарық көрді. Біраз жинақтары шет елдер тілдеріне аударылған. С. Жиенбаев 1994 жылы дүниеден өткен. - Балалар, бүгін біз сендермен осы ақынның «Әлия» атты өлеңімен таныспақпыз. - Әлия Молдағұлова кім? Біз бірінші сыныпта танысқан болатынбыз. - Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы 1924 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Әлияның шын есімі – Ілия болған. Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Анасы қайтыс болғаннан кейін Әлия нағашысы Әбубәкірдің қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің мектебін үздік бітіріп шықты. 1943 жылы 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. 1944 жылы Новосокольники темір жол станциясы маңайында болған ұрыста қаһармандықпен қаза тапты. - Балалар Кеңес Одағының Батыры Әлия, Мәншүктер ғана емес, олар: Т. Тоқтаров, Н. Әбдіров, Б. Момышұлы, т.б. 1. Оқулықпен жұмыс. 1. Мұғалімнің оқуы 2. Хормен оқу 3. Тізбектей оқыту 4. Мағынасын ашу - Бірінші шумақта не жөнінде айтылған? - Әлияны ақын неге теңейді? (Жұлдызға) - Екінші шумақта не делінген? - Үшінші шумақта ше? (Балалар, сендер осы Ә. Молдағұлова туралы әнді білесіңдер ме? Ол әнді кім орындаушы еді? Білсек, есімізге түсірейікші). 5. Сөздікпен жұмыс Мәрмәр – сәнді құрылысқа пайдаланылатын жылтыр тас. Балауса гүл – жаңа өскен жас гүл 6. Проблемалық сұрақ. - Балалар бізде мынадай сұрақ туындап тұр. - Не үшін Ә. Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді? 2. Сергіту сәті. - Балалар, шаршадық па? Ендеше өздеріңді еркін ұстап, Р. Рымбаева апамыздың орындауында «Әлия» әнін тыңдап жіберейік. 3. Дәптермен жұмыс. - Балалар, батырлық, ерлік туралы қандай мақал білесіңдер? Енді мына мақалды жалғастырайықшы. Мақал Батыр ел үшін туады... 4. Шығармашылық тапсырма: - Балалар, өз Отанымызды сүйетіндігімізді, әрқашан қорғауға дайын екенімізді білідіріп, Отан туралы 4 жол өлең құрап көрейікші. Отан. ...................сүйемін .................. күйемін. ................... қорғаған, ....................иемін. IV. Жаңа сабақты бекіту. - Балалар, енді жаңа сабағымызды бекітейік. Топтастыру стратегиясы бойынша Кеңес Одағының Батырларын топтастырып жазайықшы. V. Қорытынды. - Бүгін біз не үйрендік? - Қандай жұмыстар жасадық? VI. Бағалау VII. Үйге тапсырма. - Үйде өлеңді мәнерлеп оқып келейік.
|