Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Білім беру жүйесін ақпараттандыру: негізгі басымдылықтары
Қазақстан Республикасында ақпараттық коммуникациялық технологиялар негізінде білім беру жүйесі қарқынды дамуы ұлттық басымдылықтардың бірі болып табылады, олар бірнеше нормативті құжаттармен бекітілген: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасы (1997-2002 годы) [1]; Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы [2]; Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы [3]; Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы [4]; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [5]; Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [6]. Білім беру ұйымдары жаңа компьютерлермен, мультимедиялық проекторлармен, интерактивті тақталармен және де басқа құралдармен жабдықталды, мектептер Интернет желісіне кезең-кезеңмен қосылды, соңымен қатар e-learning электрондық оқыту жүйесі енгізілді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінінің ақпараттандыру кезеңдері.
Бастапқы кезең (1997-2002жж.). Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасы алдына мынадай мiндеттердi қойып отыр:
- жаңа ақпараттық технологияларды оқыту да сонымен қатар оқу процесiн басқаруда да қолдану үшiн мектеп мекемелерiн есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарымен қамтамасыз ету;
- барлық мектеп мекемелерiнде бiлiм беру ақпаратының ашық болуын қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды дамыту;
- пәрмендi нормативтiк-құқықтық базаны әзiрлеу;
- телекоммуникациялық желi жүйесiн жасау;
- жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мен енгiзу саласында орта бiлiм беру жүйесi үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау.
Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
- оқу процесінде мемлекеттік тілде әзірленген қазіргі заманғы электрондық оқу материалдарын жасау, тарату және енгізу, оларды дәстүрлi оқулықтармен бiрiктiру, сондай-ақ сүйемелдеушi және қолдау құралдарын әзiрлеу. Оқыту мақсатындағы ақпараттық технологиялар құралдарының сапасын, оларды стандарттау мен сертификаттауды қамтамасыз ету;
- мейлiнше жаңа ақпараттық технологияларды оқу процесiнде пайдалануға қабілеттi, мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң педагогтiк, әкiмшiлiк және инженерлiк-техникалық мамандарын даярлау;
- мемлекеттiк білiм беру мекемелерiн есептеу техникасы құралдарымен, қазiргi заманғы электрондық оқу материалдарымен, сондай-ақ ғаламдық ақпараттық желiлерге қол жетiмдiлiгi бар құралдармен қамтамасыз ету;
- барлық деңгейдегi бiлiм беру мен бiлiктiлiк арттырудың ақпараттық жүйесi мен ресурстарын, сондай-ақ бiлiм беру саласының ғылыми-зерттеу, оқу-әдiстемелiк және технологиялық орталықтарын бiрiктiретiн Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң бiрыңғай ақпараттық инфрақұрылымын құру;
- ақпараттандыру процесiн ғылыми қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар негiзiнде бiлiм берудiң қазiргi заманғы бiлiм беру әдiстемесiн әзiрлеу;
- бiлiм беру саласында мемлекеттiк басқару мен реттеудiң бiрыңғай ақпараттық инфрақұрылымын құру, оның инфрақұрылымын қалыптастыру.
Кеңейту және тұрақтану кезеңі (2005-2010жж):
- АКТ-ны оқу процесiне енгізу жөнiндегі нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
- компьютер техникасымен қамтамасыз етiлудiң әлемдiк көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн орта бiлiм беру ұйымдарын одан әрi компьютерлендiру;
- орта бiлiм беру ұйымдарын Интернет желiсiне қосу;
- бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде қашықтан оқыту технологияларын әзiрлеу және енгiзу;
- өңiрлерде бiлiм беру ақпараттық ресурстар орталықтарын және министрлiктiң бiлiм беру порталын құру;
- орта бiлiм беру ұйымдарын білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес электрондық оқу басылымдарымен қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасы негiзiнде порталды және өңiрлердiң ресурстар орталықтарын бiрiктiру;
- бiлiм беру ұйымдарының мониторинг, талдау және басқару ақпараттық жүйесiн енгізу.
Ілгерілген кезең (2011-2020жж.) Көрсетіліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы алдына мынадай мiндеттердi қойып отыр:
- оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.
- білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 wacko
- білім беру процесінің барлық қатысушыларына ашық білім беру ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі, желілік өзара іс-қимыл жасау үшін жағдай жасалатын болады.
Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың келесі кезені болып:
1. Желілік педагогикалық қауымдастықта өзара іс-қимыл жасау үшін коммуникативтіктік аспектілерін дамытуға арналған педагогтарды мақсатты түрде дайындау.
2. Бiлiм беру жүйесiнде Smart-технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану.
Бүгінгі күні педагогтер мен білім беру процесіне қатысушылардың желілік белсенділігі оқу жүйесін ақпараттандыру процесімен байланысты өзекті тақырыптардың бірі. Педагогтердің желілік қоғамдастығы – бұл желідегі кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір пән саласы немесе ортақ проблемамен айналысатын кәсіби қызмет аясында жұмыс жасайтын мамандар тобы. Кәсіби желілік қоғамдастық жұмысына қатысу бір елдің түкпір-түкпірінде және шет елде тұратын мұғалімдерге өзара қарым-қатынас жасауға, кәсіби мәселелерді шешуге, өзін іске асыруға және кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Желілік қоғамдастықтың мақсаттары әртүрлі:
- бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;
- тәжірибемен алмасу, қолдау көрсету және ынтымақтастық;
- нәтижелі педагогикалық практиканы тарату;
- кәсіби тақырыптарда формальды және формальды емес қарым-қатынасты ұйымдастыру;
- виртуальды өзара әрекеттесуге ынталандыру, одан кейінгі Интернеттен тыс өзара әрекеттесуге белсендендіру;
- кәсіби деңгейін арттыру;
- жаңа педагогикалық бастамаларға қолдау көрсету.
Smart-білім беру педагогтардың алдына жаңа мақсаттар қойды. Олар өздерінің кәсіби облыстарын жақсы меңгеріп қана қоймай көптеген ақпарат, білім, ресурстарды игеріп, білім алушылармен жұмыс барысында әр түрлі технологияларды пайдалануы керек болады. Smart-білім беру педагогтар үшін өздерінің тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісу, ғылыммен көбірек айналысу, тыңдаушының құзыреттілігі мен өзінің міндетіне қарай курсты дербестендіру, қолда бар контентті жетілдіре отырып уақытын үнемдеу сияқты көптеген жаңа мүмкіндіктер ашты [7].
Smart-білім беру тұжырымдамасы көптеген дереккөздердің болуын көздейтін икемділік, мультимедиялардың көптүрлілігі, педагогтың деңгейі мен қажеттілігіне қарай тез әрі қарапайым түрде бейімделу қабілеттілігі. Сонымен қатар мекеме оқу үдерісінің икемділігін оңай қамтамасыз ете алған жағдайда Smart-білім беру оңай басқарылатын және ықпалдастырылған болуы керек, яғни сыртқы дереккөздерден үнемі қоректеніп отырады.

Список использованных источников.
1. Государственная программа Президента Республики Казахстан информатизации системы среднего образования Республики Казахстан. Распоряжение Президента Республики Казахстан от 22 сентября 1997 г. N 3645. [Электронный ресурс] // Режим доступа http://adilet.zan.kz/rus/docs/N970003645_.
2. Концепция информатизации системы образования Республики Казахстан на 2002-2004 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2001 года N 1037. [Электронный ресурс] // Режим доступа http://adilet.zan.kz/rus/docs/P010001037_.
3. Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 11 октября 2004 года N 1459. [Электронный ресурс] // Режим доступа http://adilet.zan.kz/rus/docs/U040001459_.
4. Программа снижения информационного неравенства в Республике Казахстан на 2007-2009 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 октября 2006 года N 995. [Электронный ресурс] // Режим доступа http://adilet.zan.kz/rus/docs/P060000995_.
5. Государственная программа развития системы образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118. [Электронный ресурс] // Режим доступа http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1000001118.
6. Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан на 2016 - 2019 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 1 марта 2016 года № 205. [Электронный ресурс] // Режим доступа http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1600000205
7. SMART-обучение: тенденции, проблемы, новые возможности для развития: Методическое пособие / Под общей редакцией д.п.н.С.Д. Мукановой. Караганда, 2014.- 39 с.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: 123454859 (2016-11-10) | Автор: Салтанат E
Просмотров: 1207 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:56 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru