Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Қызыл ту негізгі мектебі»мм Бастауыш сынып мұғалімі Қуатова Феруза Баймырзақызы Тақырыбы: Менің жарқын болашағым Мақсаты: Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; Дамытушылық: ”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Міндеті:Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету; Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету; Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру; Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру. Қызығушылықты ояту. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. Шаршы, үшбұрыш,шеңбер Шаршы. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік дминистратор шығады Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін. Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар. Мағынаны тану 1. Бейнеролик «Жастық. Жігер. Еңбек»жастар форумы 2. Ашық сұрақтар А) Мамандық дегеніміз не? Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі Оқушылардың пікірлері сұралады • - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда; • - адамның болашаққа апаратын жолы; • - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі; • - мамандық бойынша адам жұмыс істейді; • - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық; • - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру; • - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады; • - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол • - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады. Ә) Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар? Б) жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет? Интерпритация Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек. 3. Топтық тапсырма «Мақсатымыз-айқын, жолымыз жарқын» І топ: Сіздерге шаруа қожалығын ашу туралы мүмкіндігі берілді. Әрекетіңіз............ ІІ топ: Сіздер Шалқар қаласының білікті мамандарысыз. Қаланы жасыл желекке айналдыру үшін жасайтын әрекетіңіз ІІІ топ: Сіздер бизнесменсіздер. Елімізді дамытатын өнеркәсіп орнын ашу мүмкіндігі туды. Әрекетіңіз 4.«Бұл кім» кәсіби бағдар ойыны. Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер. Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, програмист, эколог, заңгер,ұшқыш 5. Бейнеролик «Бала тағдыры» 6. Оқушылар шығармашылығы « Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау» Рефлексия: Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген | |
Просмотров: 5809 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|