Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ «Бақытсыз Жамал» романы.
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«Оқушылар Сарайы»ММ
«Тұмар» драма үйірмесінің жетекшісі
Жұмабаев Болат Жаңабергенұлы
Сабақтың тақырыбы: МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ «Бақытсыз Жамал» романы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалардың бірі – саяси-қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту, тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал» туындысының тақырыбын,мәнін түсіндіру.
2. Дамытушылық.:білімгерлердің ойлау, сөйлеу қабілеттерін байыту.
3. Тәрбиелік:Шығарманы талдау арқылы білімгерлердің бойында танымдық тәрбиені қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтыңәдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың құрал-жабдықтары: М.Дулатов портреті, тақырыпқа қажетті кітаптар, бүктемелер, интерактивті тақта.
Күтілетін нәтиже: сабақты толық меңгерту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Білімгерлермен сәлемдесу, кезекші мәлімдемесі.
2. Үй тапсырмасын сұрау: Алдыңғы өтілген тақырып бойынша алған білімдерін еске түсіру. Эпикалық жанрдың роман деп аталатын түрін еске түсіреміз.
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
А) Міржақып Дулатовтың өміржолы, қоғамдық қызметі: Ұлтына «Оян қазақ!» деп ұран салған қайраткер қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданында дүниеге келген. 1897ж орыс-қазақ мектебіне оқуға түседі. 1905ж Қарқаралыда патшаның отарлау саясатына қарсы ереуілді көреді. «Серке» газетінің бірінші санына «Жастарға» деген өлеңін жариялайды. Екінші санында басылған «Біздің мақсатымыз» мақаласы «Қазақ халқын жергілікті және отарлық өкіметке қарсы қою» рухында жазылған деп бағаланады. Қазақ халқының жаңа өмі рқұруы ісіне араласып жүрген кезінде елімізде демократиялық принциптердің бұзылуы тұсында жазықсыз жазаға тартылады. 1928ж қазақстанда ірі байларды тәркілеу тұсында «соларға іштартты, саясатты қолдамады» деген айып тағылып түрмеге жабылады. Балтық теңізіндегі Соловки тұтқын лагеріне жер аударылып, солжерде 1935ж қайтыс болады.
Ә)Шығармалары: «Қазақ жерлері», «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдерінде ақын өзінің азаттық, еркіндік идеяларын дамыта түскен. М. Дулатовтың даңқын қазақ даласына ғана емес, Ресейдегі түрік әлеміне тұтас жайған «Оян, қазақ!» кітабы. Бұл шығармасы 1909ж Уфа қаласында шығып, 1911ж Орынборда екінші рет басылды. Бұл-қазақ әдебиеті тарихындағы көп қудаланған шығармалардың бірі.
Б) «Бақытсыз Жамал» романы – қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман. Бұл – ұлттық әдебиетте роман деген атпен басылған тұңғыш кітап. "БақытсызЖамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де еск і әдет ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып,бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. … Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумал көл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз.
4.Сабақты бекіту:
1- топқа. Шығармадан автордың Жамал мен Ғаниға берген мінездемелері мен портреттерін тауып жазыңыз (тақтамен жұмыс).

Жамал бейнесі Ғани бейнесі
Кестені толтыру
Тақырыбы: «Бақытсыз Жамал» романы
Идеясы
Кейіпкерлері
Кейіпкерге мінездеме
Кейіпкерлердің іс-әрекеті
Шығармаға талдау жасау: (дәптермен жұмыс)
Романдағы оқиға құрылысын табыңыз.
 оқиғаның басталуы;
 дамуы;
 шарықтау шегі;
 шиеленісуі;
 шешімі.
5.Сабақты қорытындылау:
Сұрақтар:
1. «Бақытсыз Жамал» неліктен қазақтың тұңғыш романы саналады?
2. Жамал бейнесі арқылы жазушы нені көрсетуді көздейді?
6.Үйге тапсырма: «Міржақып – азаттық жолындағы күрескер» деген тақырыпта шығарма жазу.
7.Білімгерлерді бағалау.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Айару9167 (2017-05-31) | Автор: Болат E
Просмотров: 1638 | Теги: Жаңабергенұлы, Жұмабаев | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 7:47 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru