Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «Оқушылар сарайы» ММ «Сымбат» би үйірмесінің жетекшісі: Булкайрова Айнур ТАҚЫРЫБЫ: «Отбасы алтын үйім» Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру. Отанының бір бөлшегі екендігін ұғындыру, халқымыздың тәлім-тәрбиесі әкенің ақылымен, өнегесімен, аналық сүтімен даритынын оқушы бойына сіңіру. Отбасы мүшелерінің арасында бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы да инабатты болуға тәрбиелеу. 1.Кіріспе сөз. Құрметті оқушылар! Баланың жастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп Кешкенің өмір босқа тек-демекші, баланың ыстық – суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата – ана жоқ шығар. Отбасы адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Н.Ә.Назарбаевтың сөзі. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана. Міне бүгінгі сабағымыз осы жайлы болмақ. Оқушылар отбасы туралы не айтасыздар? - Балаларымыз өз отбасы туралы айтып берді. Біреуі әкесіне, әжесіне, апайларына ұқсағысы келгендерін, кімді мақтан тұтатынын, құрметтейтінін естіп, көрдік. 2. «Жылы ұя» -Әрбір адамның жеке баспанасы болуы шарт. Бірақ жай қорған емес, сені жақсы көріп түсінетін, әрдайым күтетін, сені сол қалпыңда қабыладайтын орта болуы керек. Бұл орта жылы да, ыңғайлы ұя болғаны жақсы.Мен сіздерге бір аңыз айтып берейін. Ерте заманда бір отбасы болыпты. Отбасында жүзден астам адам болған екен. Адамдардың көпшілігіне қарамастан, отбасында татулық, сүйіспеншілік және түсінушілік болыпты. Осындай отбасы туралы сөздер билеушінің құлағына келіп жетеді. Бір күні билеуші отағасынан ренжіспей өмір сүрудің құпиясын сұрайды. Сонда қария қағазды алып, оған бір нәрселерді жазды. Билеші қағазды алып таң қалды. Сөйтсе қағаз бетіне «Түсінушілік» деген сөз жүз рет жазылыпты. Яғни, отбасының беріктігі ол түсінушілікте екен. 3. «Бақытты сәт» Айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатыр. Сендер де өз жанұяңызбен бақытты сәтті бастарыңыздан өткізіп жатсыздар. Көңіл күйлеріңіз өте жақсы, сіздер күліп тамаша сезімге бөленіп жатырсыздар. Тұлға бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы. Бақытты отбасы дегеніміз не? 1.Сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді. Жақсылыққа жетелейді. Еңбектенуге, білім алуға көмектеседі. Үлкендерді құрметтеуге, кішілереге қамқор болуға тәрбиелейді. Мен сендер үшін өте қуаныштымын, жанұяларыңыздың жарқын күндері туралы айтып жатырсыңдар. Рахмет! 4.Ойын: «Қошемет». 1.Кім анасына ұқсайды? Тұрыңдар! Қошемет! 2.кім әкесіне ұқсаған? 3.Кім үйінен кеткенде ата-анасын сағынады? 4.Кімнің отбасы спортпен шұғылданады? 5.Кім ата-анасына құпия сырын жасырмайды? 6.Кімнің үйіне достары қонаққа келеді? 7.Кім үй шаруасына көмектеседі? 8.Кім отбасын сүйеді, құрметтейді? Қошемет! -Сабақтың басында біз, бір – біріміздің жанұяларымызға жылы тілектер тіледік, жаздық. Қорытынды сөз. | |
Просмотров: 740 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|