Главная » Статьи » Школа, как она есть |
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ Б.Т.Калиева «№ 11 Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ШҚО Семей қаласы Еліміз егеменді мемлекет болғаннан кейін қоғамда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Саяси- экономикалық, тағы басқа салалар секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бүкіл әлемге танытты. Жас тәуелсіз мемлекетімізді “болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып” нығайту қажеттілігі туындап отыр. Осы қажеттілікті өтеу мақсатында қоғам білім беру салаларына үлкен міндет жүктеп отыр. Ол “міндет - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелекті байыта отырып саналы азамат тәрбиелеп шығару”. Себебі, қандай халықтың даму стратегиясы болмасын, өскелен жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару оның басты бағдарларының бірі болып отыр. Қазіргі жас–ертеңгі ел басындағы халық тағдырын шешетін азамат. Сондықтан мектептің алдындағы тұрған міндет – қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Адамзат тарихын бағзы заманнан қазіргі күнге дейін бағдарлайтын болса, өшпейтін, өлмейтін, әрқашан жетілу үстінде тұрған құбылыс ретінде ең алдымен тілді атауға болады. Тіл – мәдениеттің негізгі тұғыры, ұлттық ұлт болып жасауының шарты. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін жеткізеді, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Тілді дұрыс пайдалану адамның сөздік қорына және оны орынды қолдануға байланысты. Сөз байлығы мол балалардың ойы ұшқыр болып, шешен, әсерлі сөйлейді. Бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – оқушыларда осындай қасиеттерді қалыптастыру, дамыту. Шәкірттердің тілі бай болса, онда ол ұлт тарихын, мәдениетін, халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл – маржандарын оңай игереді. Бұл – балаларды ұлтжанды етіп тәрбиелеудің алғы шарты. Мектепте интерактивтік технологияны қолдану мәселелері педагогикалық, психологиялық ғылыми зерттеулерде біршама қарастырып келеді. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары ресейлік Б.С.Гершунский, П.М.Лапчик, В.М.Монахов т.б. компьютерлендірудің педагогикалық, психологиялық негіздерін қарастырды. Б.С. Гершунский мектепке дейінгі білім беруді ақпараттандырудың проблемалары мен перспективаларын қарастыра отырып, компьютерлік техниканы білім беру мен ғылыми-педагогикалық қызметте, педагогикалық болжамдау мен басқару жүйесінде тиімді қолдану жағын, компьютерді оқу объектісі мен құралы ретінде пайдаланудың философиялық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және психологиялық-педагогикалық алғышарттарына тоқталды.З.Халықова баланы компьютер көмегімен дербес оқытудың педагогикалық мүмкіндіктерін, жұмыс істеу әдістемесін қарастырған. Оқытудың интерактивтік технологиясының оқу үдерісінің барлық құраушыларына мәнді әсері бар. Компьютердің оқу мақсаттарында пайдаланылуы баланың жұмысын жеңілдетіп, ұзақ уақытта орындалатын қызметтен босататыны қажетті ақпаратты өзі іздеп табуға мүмкіндік алатыны, қателесу қорқынышынан құтылатыны Б.С. Гершунский, С.А. Бешенков, Е.И. Машбиц, С.Г. Григорьев, С.А. Ждагнов, А.С. Лесневский, И.В. Роберт, А.П. Сейтешов, Н.Т. Ермеков, К.З. Халықова, Ко Ен Чоль, А.А. Қалыбекова, Д.М. Жүсібалиева, Ш.Х. Құрманалина, Ж.Ж. Нұржанова, Н.Ғ. Даумов т.б. еңбектерінде қарастырылған. Интерактивтік технологиялар жағдайындағы оқыту процесі тұлға теориясына сүйенеді. Әрбір тұлға өзін қоршаған ортаға көзқарсымен және өзіндік моральдық талаптарымен, белсенділіктің, түрлі сатысымен және басқа да маңызды қасиеттерімен сипатталады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу болу мүмкін емес. Ол тікелей бастауыш сынып мұғалімдеріне қатысты. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты педагогты қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «балаларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады [2; 59]. Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Әр дәуір, әр кезеңде ата –ана арман мақсаттарын бауырынан өрген балғын перзенттерінің - ертеңгі мұрагерлерінің тәлім – тәрбиесімен, ар – ождан, ақыл – қайрат, білім – білік тәрізді абзал қасиеттерге саналы тіршілігімен тығыз байланыстыра қараған. Заманына, қоғамына сәйкес талап – тілектерге, қажеттіліктерге қарай бала тәрбиесі келе – келе саралана, жүйелене түскенін айқын аңғарамыз. Білімді ақпараттандырудың проблемалары мен оларды шешу жолдарын, дамытудың түрлі деңгейлерін И.В. Роберт, В.И. Гриценко, Ю.С. Завальский, Б.Г. Киселев, С.С. Ландо, В.В. Рубцов, т.б. талқылаған.О.П. Таркаев, А.В. Иващенко, В.К. Цонева, В.П. Пустовойтовтардың зерттеулерiнде компьютерді оқу үдерісінде пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Интерактивтік технологияның оқыту үдерісіне тигiзер әсерiнiң психология-педагогикалық негiзi Н.Ф. Талызина, Б.С. Гершунский, В.А. Новиков, В.М. Монахов, А.Я. Савельев, О.К. Тихомиров және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнген. Қазіргі кезде бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қоры жылдам қарқынмен өсіп келе жатқаны белгілі. Бұл балалардың жанұя, қоршаған орта әсерінен ғана емес, оқулық мәтіндерінде қолданылған сөздер арқылы да жүзеге асырылды. Дамыта оқыту мен тәрбиелеу идеясына негізделген қазіргі заманның жаңа буын оқулықтарында мәтіндер құрылысы мен мазмұны жағынан күрделі де терең болып келеді. Мәтіндердегі танымдық, тәрбиелік, ғылымдық тұрғысынан қолданылған сөздерді оқушылар түсінбей, оны өздерінің белсенді сөздік қорына молайту қазіргі заманның өзекті мәселеріне айналып отыр. Бүгінгі таңға дейін бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын сирек қолданылған сөздер арқылы байыту мәселесі арнайы зерттеу нысанасы болмағанБүгінде елімізде жаңа инновациялық әдістермен оқыту, аудио және бейне материалдарды, компьютерлік мультимедиялы бағдарламаларды қолдануға мол мүмкіндіктер ашылды. Көптеген білім беру мекемелерінде интерактивті, интерактивтік құрылғылармен жабдықталып, компьютерлік базалары толықтырылып, жетілдірілу үстінде. Интерактивтік технология арқылы баланың - шығармашылық ізденістері дамиды. Мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен, сабақпен байланысты. Демек, сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ - мұғалімнің нышансыз еңбегінің айғағы. Әр сабақты уақыт талабына сай көрнекі құралдарды пайдалану қажет. Атап айтсақ, компьютердің мүмкіндіктері, интерактивті тақта, слайдтар, видеоролик, электронды оқулық. Мәселен, біздің заманымызға дейінгі ІХ ғасырда өмір сүрген Грециядағы Спарта елі халықты қорғауға қабілетті, қиындыққа төзімді, епті де ержүрек ұрпақ тәрбиелеу ісіне ерекше көңіл бөліп , қауымдаса қолға алған. Оған ежелгі ой алыптары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотельдердің пәлсапалығылығының бір тармағы саналған педагогика тағылымына айырықша ден қойып, құнды мұралар қалдырғаны дәлел. Аристотель: “Баланы жөргегінен бастап барлық жақсы қасиеттерге баулуға болады және бала 7 жасқа дейін өзінің отбасында тәрбиеленуі керек, еңбастысы кішкентайлар үшін олардың дене мүшелерін дұрыс жетілдіру, дұрыс тамақтану, шынықтыру керек”, - дейді. Аристотелдің өзі ұстаз санаған Платон баланың ішкі жандүниесінің көрінісі – сезімталдылыққа ерекше мән беріпті. Ол балаларға аңыз – әңгімелер, хисса – жырлар оқып беруді, ән салып, би билеуді, түрлі ойындар үйретуді тәрбие құралы ретінде аса бағалаған. Осындай ежелгі дүние даналарын солардың өз тілінде еркін оқи отырып, ұлағат ілімдерін одан әрі дамытқан, сөйтіп, дүниежүзілік ғылыми ой мен мәдениетке ұлы үлес қосқан отараралық ұлы бабамыз Әбу Насыр әл – Фараби болды. Ал қазақтың халық әндері мен күйлері тарихында бірінен – бірі өтетін қызықты аңыз – әңгімелер тұнып тұр ғой. Әңгіме – солардың отбасында, балабашада тәрбие мақсатына қалай пайдалана білуде, біздің ән – күй тарихын халық тағдырымен сабақтастыра балдырғанға қызықты етіп әңгімелеп беруімізде. Бастауыш сынып оқушыларының жазба тілінің дамуы бойынша ғылыми зерттеу жұмысы жасалған, бірақ ауызша тіл дамыту мәселесі әлі күнге дейін зерттелмей келеді. Ал оның өзіндік ерекшелігі мол және ол бастауыш сыныпта үлкен орын алады. Сондықтан бұл мәселенің зерттелуі теориялық – практикалық тұрғыда да өте қажет. Осы жағдайларды ескеріп, бастауыш класс оқушыларының тілін дамыту мәселесін зерттеу өте өзекті деп санаймыз. Әдебиеттер: 1. Нұрғали Р. Алаш ұранды әдебиеттегі Мұхтар Әуезов көтерген азаттық идеясы // Заман Қазақстан, 1997, 22 тамыз, Б. 11-12. 2. Ысқақұлы Д. Талант пен тағдыр. Алматы, 1997. 3. Дәуітова С. «Хан Кене» трагедиясындағы авторлық концепция // Жұлдыз, 1998, №12, Б. 176-181. 4. Жұртбаев Т. Талқы. Алматы, 1997. 5. Нұрғали Р. Драма өнері. Алматы, 2001. 6. Жұртбай Т. Өмір үшін өнерінен бас тартқан // Абай, 1995, №2, Б. 186-187. | |
Просмотров: 716 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|