Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
Аязбаева Л.Т.

«Жарқын жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ

ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ

Отбасы - адам өмірінің алғашқы сатысы. Ол ерте жастан бастап балалардың саласын, еркін, сезімдерін бағыттап отырады. Ондағы салт-дәстур, бала – болашақ оқушы жанұяда қандай орын алады, отбасы мүшелерінің оған тәрбиелік қатынасы қандай екендігіне көп нәрсе тәуелді, байланысты. Ата-ананың жетекшілік етуімен бала өзінің алғашқы өмірлік тәжіри-бесін, қоршаған ақикат дүниие туралы қарапайым білімдерін, қоғамдағы өмірлік икемділігі мен дағдыларын жинақтайды. Сондықтан да, мектептік дезадаптацияның қалыптасуына от–басының әсері, сонымен қатар, бала дамуының жанұя ішіндегі қатынастар сипаты мен ата-аналардың отбасында дұрыс тәрбие берудің маңыздылығын түсінуіне тәуелділігі деген сұрақты қарастыру міндетті.

Отбасы әсерінің ісуші, оның үнемі, узак уақыт және әртүрлі жағдаяттар мен жағдайлар-да жүзеге асуында. Сондықтанн да, балаларды мектепке дайындаудығы отбасының әсерін тиісінше бағаламауға болмайды. Балалармен карым-қатынас көзінде, кейін «жақсы» немесе «жаман» жеміс беретін, мінез-құлық дэні себіледі. Біздің балаларымыздың мектептегі сәтсіздіктері, олардың бірден ұжымға, жаңа ортаға ене алмауы, оқуда үлгірмеуі мен оқығысы келмеуі - көбінесе, ата-аналардың жіберген ңателіктерінің, отбасындағы қарым-қатынастың, жанұяда кабынданатын өмірлік бағдарлардың нәтижелері. Мектепте оқу, жанұя бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап оның тек физикалық дамуына ғана камкорлық жасап кана қоймай, сонымен қатар, бала бойында' еңбекқорлық, ұйымшылдың, дербестік, тапсырылған іске жауапкершілікті қатынасты тәрбиелеуді қолға алған жағдайда ғана сәтті, жемісті бола алады. Сондықтан да, бала өмірінің бірінші күнінен бастап оған қойылатын талаптарда ешқандай асығыс, әбігершілік болмау керек. Баланың мектепке дайын болмау себептерін қарастырып көрейік.

Баланың ұжымда бақыланған жүріс-тұрысы арқылы, оның мінез-құлқы, әдеттері мен педагогикалық ынтасы туралы көп нәрсе білуге болады. Жақындарымен қарын-қатынас барысында бала алғаш рет өзін басқалардың көзімен көре алады және соның негізінде балада өз-өзі туралы көзқарас құрылады. Оның көзқарасы ақиқатқа сәйкес болуы өте маңызды, әйтпесе, жаңа таныстар тарапынші асыра бағалаушылыққа ұшырауы мүмкін және ол баланың балалар ұжымына енуін күрделендіре іүседі, сонымен қатар, баланың тұлғалық қалыптасуына әсер етеді. Содан кейін, ондай балалар «тәуекел тобы» категориясындағы немесе «кнын тәрбиеленетін» деп аталатын категориядағы балалар тізіміне енеді.

«Қиын» (немесе дезадаптацияланған) бала - бұл, «мектепке негативті қатынас және өз міндеттерін орындаудан бас тарту» қалыптасқан, дөрекі, тәртіпсіз, ата-анасы мен мұғалімлердің реніші мен ашу-ызасын келтіретін бала. Сондықтан төменгі мектеп жасында мұғалімдер дабыл соға бастады.Оның пайда болуын не анықтайды? Барлық нәрсенің бастауы, ата-аналардың балаға «қалыпты өмір» қамтамасыз етпеуінен, мақсатты тұрдегі тәрбие орнына стихия мен жоспарсыз әрекеттердің болуынан. Балалардың мінез-құлық философиясының өзіндік заңдары бар. Бұған дейін жүргіілген бақылаулар көрсеткендей, төменгі сынын оқушыларының мінез-құлқының тоқсан пайызы отбасында және мектепте қалыптасатын эмоционалды-адамгершідіктік атмосфераға тәуелді болады екен. Бірақ, отбасындағы климат ерекше орын алады.

Жалпыға мәлім көзқарас бойынша, отбасындағы тәрбие жағдайы айтарлықтай деңгейде баланың өмірлік жолын анықтауға мүмкіндік береді. Отбасындағы ахуал оған

толығымен әсер етеді. Сондықтак да, балада қандайда болмасын келелі мәселе, сонымен қатар, мектепте қиындықтар пайда болса, оның себебін отбасы жағдайының ерекшеліктерінен іздестіре бастайды. Сәтсіз құрылған отбасынан шыққан бала, әдетте, онша жақсы оқынайды, өзін жаман жақтарынан көрсетеді, ал жасөспірімдік шақта мінез-құлықтың қоғамда әлеуметтік қолдау таппайтын формаларын тандайды.

Нарықтық экономикаға өту қазіргі отбасының өмірлік іс-әрекетіне жан-жақты өзгеріс-тер енгізді. Әр жыл сайын өз бетімен әлеуметтік-экономикалық өмірдегі қиыншылықтарды жеңе алмайтын, «дағдарыс жағдайындағы жанұя» деп аталатын отбасыларының саны өсуде. Зерттеу жұмыстарының қорытындылары жанұядағы бала санына байланысты отбасы жағдайларының материалдық деңгейіндегі айтарлықтай дефференциацияны анықтаған. Жанұяда бала саны неғұрлым көп болса, соғұрлым отбасының материалдың жағдайы да төмен. Ал, нақты уакыттағы көишілік көп балалы отбасыларының жағдайы өте төмен, тіпті кей білеулері естен тандырарлықтай.

Осы заманға отбасы «катып қалған әлеуметтік институт немесе ұйым емес, ал керісінше, үнемі диелектикалық даму үстінде болатын динамикалық микрожүйе ретінде танылады. Отбасы құрылымында болған белгілі бір өзгерістер жалпыға мәлім: жанұя көлемінің және балалар санының азаюы, жанүлдағы үлкен аға мен эпкенің рөлінің азаюы, отбасы мүшелерінің арасындаш айқын дифференциадияның толықтай жоғалуы». Ер адамдар уақыт өткен сайын өз балаларын тәрбиелеуден шет қалуда (бұл беталыстың бұрын да болғанын ескере кеткен жөн), өздеріне осы процеске байланысты аз мөлшердегі жауапкершілікті жүктеуге ұмтылады. Әйелдер өз балаларына мінез-құлық моделінің шындыққа сай келмейтін стереотипін ұсынады (қоғамдағы жыныстың дефференциацияға байланысты): ұлдарға - әкесінің жеке үлгісін есепке алмай, «керемет ханзада» мен «Шварценегердің» қосынды үлгісін, ал қыздарға - күнделікті кез алдында туған анасы үлгі бола тура, әлі күйге дейін, бүгінгі танда-ғы шынаіты әйелге сай келмейтін, қарапайым., шаруақор, сыпайы әйелдін мінез-құлық стереотипі әсер етеді.

Нақты уақытта, бір жағынан жанұяның экономикалық қызметінің кеңеюіне, екінші жағынан, отбасына да. қоғамға да кері әсерін тигізетін тәрбиенің әлсіреуіне әкеліп тіреген әлеуметтік - экономикалық факторлар әрекет етеді. Ата-аналардың жауапкершіліксіздігі, отбасын құратын адамдардың инфантилді мінез- қулқына байланысты аналық және әкелік міндеттерін, борыштарын орындауға қабілетсіздіктері ата-аналар мен балалар арасындағы күрделі, әрі қиын өзара қатынастың және көпшілік жағдайда дезадаптацияланған балалар санының өсуінің себептері болып табылады. Бүгінгі күні көптеген ата-аналар өздерінің жанұяларын жан-жақты қаматамасыз ету үшін, екі - үш жұмыс орнында жұмыс істеуге мәжбүр. Оларға, бала тәрбиесіне, физикалвд тұргадан уақыт жетпейді. Ал, балалармен айналысуға уақыты да, ынтасы да бар ата-аналарға, жиі, қарапайым білім қоры жетіспей жатады. Бүгінгі танда кепшілік ата-аналардың психолого-педагогикалық сауатсыздығы айдан анық. Өкінішке орай, өздерінің туған балаларын тәрбиелеуден саналы түрде бас тартып, оларды тағдар тәлкегіне тастап кететін әке-шешелер де бар.

Дж.Пирстің анықтамасы бойынша осы заманғы ата-аналар бір-бірінің жанында тіршілік етеді, өмір сүреді бірақ бірге емес. Отбасының әрбір мүшесі балаға үнемі мейірімділік, қолдау, көмек, көніл бөлу керектігін және оның ойынша шешілуі қиын мәселелерін түсінуді қажет ететін ұмытып, өздерінің келелі мәселелерімен айналысады. Мұны істеудің орнына қазіргі ата-аналар балаларының тәрбиесін мүмкіндігінше тезірек балалар мекемесіне жуктеп, бос уақытында өзінің карьерасы туралы ойлап, жеке өмірімен айналысады. Ал, бұл жағдай кай жағынан алып карасак та, баланың дамуына қолайлы жағдай жасамайтыны анық. Кейде, бүгінгі өмір талабы өзіндік қызығушылықтар мен талпыныстарға сай емес, тіпті қарама-қайшы шешімдер қабылдауға мәжбүр етеді. Бұған былай жауап беруге болады: тек ынта, талабың болса, компромиссті әрқашан табуға болады. Дж.Пирстің ұсынған, «ата-аналықта бірігу» («Воссоединение в родитеяьстве») ұғымы шын мәнінде осы заман отбасына қойылатын, қазіргі жағдайда шынайы орындауға болатын, актуальді талап. Бұл көпшілік жағдайда балалардың жүйке ауруларының алдын

алуға, ал ол өз кезегінде болашақ ұрпақтың психикалық денсаулығыя қамтамасыз етуге көмектеседі. Балалар ересек өмірге қарым-қатынастың бала-лық шақта қалыптасқан стереотипімен өтеді. Егер бала ата-анасының ұрсыс-керісін жиі көретін болса, онда ол ондай әрекетті өмірдегі қалыпты жағдай, норма деп қабылдайды да, өз бойында сондай әрекет дағдыларын қалыптастырады. Өз кезегінде ата-ана болғанда балалық шақта қалыптасқан өз отбасы туралы кезқарастарын санадан тыс түрде жүзеге асырады. Ал, жанүлдағы қатынастағы үйдесімділік, гармония болашақ үйлесімді тұлғаны тәрбиелеуге толығымен негіз бола алады (әрине қателеспейтін жан болмайды).

Біздің елде әлі күнге дейін әлеуметтік тұрақсыздық жағдайы орын алып отыр. Сол себепті ондай жағдайда өмір сүретін тұлға, әлеуметтік орта бейнесін құруда қиыншылықтарға кездеседі де, осьтдан ортаға адаптациялану мәселесі туындайды. Адамзат алдында құндылық-тар жүйесін қайта құру мәселесі тур, тұлға ең бірінші кезекте тіршілік ету үшін күресуге мәжбүр. Сонымен қатар, - тұлғаның сәйкестік мәселесі. Ол тұлғаның белгілі бір класқа, типке жататындығын болжайды. Тұлғаның есеюіне байланысты, аталған проблемалар өз әсер ету сипатын өзгертеді, бірақ, ол мәселелерді бастан әткеру ересек адамдарда да (ата-аналар мен мұалімдер), төменгі сынып оқушыларында да эмоционалды және мінез-құлық қиындықтарын күшейте түсетіні сөзсіз. Олардың қатарына әлеуметтік және мектептік дезадаптацияның туындауына себеп болатын мазасыздық, стресстер, депрессиялар, агрессиялар, корқыныш және т.б. жатады.

Э.Эриксон былай «Көпшілік балалардың дамуы, отбасы өмірінде баланы мектеп өміріне даярлай жүзеге аспаса немесе мектептік өмір ерте кезеннің үмітін ақтамаған жағдайда ашынады» деп айтып өткен. Баланың мектепке келген көзінде балаға қойылатын талаптар шексіз өседі, сонның мектептегі алғашқы жылдары лакмус қағазы сияқты, ең алдымен отбасынадағы тәрбие ерекшеліктеріне байланысты, дамудың ерте бұзылыстары байқалады. Сөйтіп, баланың нәрестелік кезеңдегі өзіне жақын ересек адамдармен (ен алдымен, анасымен) өзара қатынасынын бұзылысы, кейіннін анасына деген үрейлі құптарлықтың немесе қоршаған әлемге сенімсіздіктің қалыптасуына әкеледі. Сәбидің мұндай ерте құштарлықтары оның адамдармен болашақтағы қарым-қатынасының негізін құрауы әбден мүмкін, ал, ерте балалық шақта ересек-термен сенімді байланыс құра алмаған бала ертеңгі күні есейген кезде басқа адамдармен қарым-қатынас көзінде айтарлықтай қнындықтарға кездеседі. Бұл негативті белгілер баланың есеюіне қарай әртүрлі формаларды иемдене отырып, жеткілікті тұрақты сипатқа ие.

Мектепке келген кезде, анасына деген үрейлі құштарлығы бар балалар басқаларға қарағанда кебірек үлкендердің бағалауына тәуелді, құрбыларымен контактіге қиын түседі, ортаның стрессогенді әсерлеріне өте сезімтал. Баланын еркелік, қиқарлық, қырсықтық, қияңқынық және агрессивті мінез-құлқы отбасы педагогикасыныд жиі кездесетін теріс жақтары болып табылады. Бұл сипаттар ерте жастағы балаға тән және үш жас дағдарысы деп аталатын көрсеткіштер болып табылады. Бұл алғашқы өзіндік «Меннің» айқындалуы, көп нәрсені өзі істеп үйрену мен өз мәселелерін өз бетімен шешу үшін, ата-аналармен психологиялық қашықтықты алшақтатуга талпыну. Ата-анасынан психологаялық алшақтаусыз балаға өмірдегі өз орнын табу, сәтті адаптациялану мен әртүрлі жағдайға икемді мінез-құлық механизмдерін өңдеу қиынға түседі. Бұл даму дағдарысының жедел ету теріс көрсеткіш болып саналмайды. Керісінше, баланың жаңа сипатта өзін-өзі басқара алуының айқын көрінісі. Осы кезде, бала психикасында оның тұлғалық дамуына қажетті жасерекшелік жаңашылдық пен адаптивті қабілеттер қалып-тасады. Қиқарлық - балаға қажетті ерік-жігер сипатының көріну деңгейі, ал, еркелік – басқа-ларға өзін көрсеті немесе демонстрациялаудын, өзіндік «Менінің» көрінісі, агресснвтілік -өзіндік корғаныс формасы сипатында көрініс табады.

Ақылгөй, дана тәрбиешілер дағдарыстың өтуін жеңілдетуге, қалыптасушы маңызды сапалардың ауыр формаларының бекіп қалуына жол бермеуге тырысады. Бірақ, көбінесе ата-аналар баланын еркелігі мен қиқарлығын, агрессиясын, олардың көрінуіне сөзсіз тыйым салу жолымен, толығымен ығыстыруға ұмтылады. Бұл жағдайда жақсы, тәртіпті,

тіл алғыш, ата-анасының мактанышы, әжесінің сүйіктісі болатын балалар жан-жақты мейірімділікке «ішкі стерженнің» бұзылысымен жауап береді. Өсе келе, ондай балар көбінесе «жоқ» деп айта алмайды. Ерте жастан өз беттелік пен автономдылықтың дамымауы және негативті сезімдердің көрінуіне тыйым салу мектепке оқуға бару кезеңінде адаптацияның әртүрлі қиындықтарына айналады. Бұл мәселе әртүрлі көрініс табуы мүмкін: бір балада есеюден қорқу мен дептессивті симптоматика, екіншісінде - өз күшіне сенбеу және соның себебінен сабақта бауап бере алмау мен маңызды тапсырмаларды орындауга қабілетсіздік, үшінші біреуде -жалпы «жақсы болуға» талпыныс көзінде, кенеттен негізсіз ашу-ызаның пайда болуы.

Мектепке дейінгі жас кезеңі бала тұлғасының қалаптасуыңда соншалықты,сан-салалы және маңызды. В.А.Сухомлинский «балалар - бұл, әкелер мен шешелердің адамгершіліктік өмірінің айнасы», - деп текке айтпаған. Баланы жақсы білу үшін, оның мінезін, мінез-кұлқының мотивін, рухани сұраныстарын түсіну үшін, оның жанұясын терең білу керек.

Әдебиеттер:

1. Андрюшенко Т.Ю., Карабекова Н.В. Коррекция психологического развития младших школьников на начальном этапе обучения. //Вопросы психологии. - 1993. -№ 1 -с.47-53.

2. Барқан А.И. Типы адаптации первокласников // Педиатрия - 1993. - № 5 - с. 36-45.

3. Божович Е.Д. Личность и ее формироваше в детском возрасте. М., 1986.

4. Венгер А.Л. Переход от дошкольного к младшему школьному возрасту. /Вопросы психологии. №2,1994, стр 22- 28.'

5. Гугкина Н.И. Психологическая готовностъ к школе. М, 2004.

6. Кравқова Е., Кравкова М. Как нс отбить у детей желания учиться. // Школьный психолог. – 2004. -№ 12 -с. 35-37.

7. Рахманкулова Р. Программа работы по профилактике и коррекции дезадаптации у
Категория: Школа, как она есть | Добавил: jirgau75 (2017-10-23) | Автор: Аязбаева Л.Т. E
Просмотров: 1157 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru