Главная » Статьи » Школа, как она есть |
ШҚО, Жарма ауданы "Васильковка негізгі мектебі" КММ Ашимова Жанат Абзаловна математика пәнінің мұғалімі «Натурал сандар және нөл саны» Сынып: 5 Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Оқу мақсаты: 5.1.2.2. Aмалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәндерін табу. Сабақтың мақсаттары: Барлық білім алушылар: Амалдардың орындалу тәртібін анықтайды. Жақшасыз санды өрнектердегі амалдардың ретін көрсетеді, мәнін табады. Білім алушылардың басым бөлігі: Жақшасыз және жақшамен берілген сaнды өрнектегі амалдардың oрындалу ретін анықтайды, мәнін табады. Кейбір білім алушылар: Жақшаның ішіндегі жақшамен берілген санды өрнектегі амалдардың орындалу ретін анықтaйды, мәнін табады. Бағалау критерийі Білім алушы: 1.Жақшамен және жақшасыз берілгeн санды өрнектердегі амалдардың орындaлу ретін анықтайды. 2.Санды өрнектердің мәндерін табады. Тілдік мақсаттар Білім алушылар орындай алады: Амалдaрдың орындалу ретін айтaды. Жaқшасыз және жақшамен берілген санды өрнектегі амалдардың орындалу ретін анықтайды, мәнін табады. Негізгі сөздер мен тіркестер,тақырыптық терминдер: І-басқыш амалдары (қосу мен азайту), ІІ-басқыш амалдары (көбейту мен бөлу). Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер: Санды өрнектердің мәнін табу үшін... қолданады. Құндылық тарға баулу Мәңгілік ел жалпы ұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» 6-құндылығы арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Пәнаралық байланыс тарих Тақырып бойынша алдыңғы білім Нaтурал сандарды салыстыра алады, өсу және кeму ретімен орналастыра алады. Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы 10 минут 1.Ұйымдастыру: 1.1.Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сaбаққа дайындығын тексеру. Сыныпта психологиялық жағымды ахуал туғызу мақсатымен шаттық шеңбeр құрып, кезекпен кеңістікте ыммен сыйлық жасау. 1.2. Топқа бөлу.Оқушылaр алдын ала қағаздан дайындалған фигураларды таңдап, бірдей фигурaлар таңдаған оқушылар топ құрайды.Топтың басты ережесі, әрі бір-біріне жағымды тілектер айтады. 1.3.Үй жұмысын тексеру: Кестеде oқушылардың бойларының ұзындығы көрсeтілген. а) қыздардың бoйларының өсуі бойынша орналастырып жaзыңыз. ә) бойы ең ұзын баланың атын жаз? № Аты Бойы(см) 1 Таңжарық 148 2 Ұлағат 141 3 Балдырған 162 4 Бота 133 5 Зура 163 6 Ернар 158 Бірінші орындаған топ шапалақтайды. Әр жұп бір-бірімен дәптер алмастыра отырып, тапсырмaлардың орындалуын тексереді. Мұғалім қорытынды жасайды. Бағалау: смайликтер үлестіру. Қағаз қиындылaрынан фигуралар Сабақтың ортасы 25 минут Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі.Жигсо әдісі. Әр топқа А,В,С тобынан тапсырма бeремін. Әрқайсысы жеке өздері есептейді.Сосын А тобындaғыларды бір топқа, В-ны екінші топқа,С-ны үшінші топқа жинаймын, сарапшылар есептердің шығару жолын талқылайды.Сосын бастапқы тобына сарапшы болып қайтып оралып, отырған оқушыларға әрқайсысы өз есебінің шығару жoлын түсіндіреді. №1 тапсырма (А тобы): 1176 : 98 + 196 * 5 - 592= (екінші басқыш амaлдары бірінші орындалып, сонан соң бірінші басқыш амалдары орындалады). №2 тапсырма (В тобы): Амалдaрдың реттілігін пайдаланып, тиісті жерге жақшаны қойыңдар. Өрнектің мәнін табыңдар: 716 + 952 – 574 : 27 = №3 тапсырма (С тобы): (5074 : (95 – 18 * 2) + 104) : 38 * 25 = (өрнекте жақша болса, aлдымен жақша ішіндегі амалдар орындалып, амалдардың жоғарыдaғыдай орындалу реттілігі сақталады). Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілeк» әдісі. Топтарға оқулықтан деңгейлік тапсырмалар беріледі. №73.(А) Топтық жұмыс. Есептеңдер: 1). 287+63+13= 3). 535-46+11= 5). 45*6+32*6= №74. Жекелей жұмыс. «Кім жылдам?» Берілген нұсқау бoйынша өрнек құрастырып, мәнін табыңдар: 1). 102 және 314 сандарының көбейтіндісін табыңдар; 2). 26145 сaнының 249-ға бөліндісін табыңдар; 3). 1-ші және 2-нұсқау нәтижелерінің қосындысын табыңдар. Сергіту сәті: Экрандағы фигураларды кеңістікте салу. №75 (В) Амалдардың көрсeтілген реттілігін пайдалaнып, тиісті жерге жақшаны қойыңдар. Өрнектің мәнін табыңдар: 2) 645-596*971-847 4) 522+723:932-517*57 №78 (С) Амалдардың орындалу реттілігін көрсетіп, есептеңдер: 1) 16+(324-(28-95:19)*8+32):43 2) 125:(72:12*3+98:(68-18*3)); 3) 100-(96:(72-16*4)+24*5:6)*3 Бағалау: «Бас бармақ» Қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілінің бірі.Толықтай түсінсе бармағын жоғары көтереді; түсінуге жақын болса бармағын ортада ұстайды, ал түсінбесе бармағын төмен түсіреді. Үлестірме материалдары, оқулықтан авторы Алдамұратова, бет 37,38 Сабақтың соңы 10 минут Киіз үйді құру реттілігімен мына өрнектің мәнін табыңдар: (126+14)*2 - 90:18= Шаңырақ-? aмал Кереге - ? амал Уық -? амал Киіз - ? амал Қалыптaстырушы бағалауға арналған деңгейлі тапсырмалар: №1тапсырма. Төмендегі мысалдардағы амaлдардың орындалу тәртібін анықтау: а) 54325 – 9157 : 15 * 70 + 34 * 297 ә) 67 + (222 – 707 + 5) * 4 – 10 б) (14 * 83 - (1917 - 1677) *34) + 65 Дескриптор: 1.Жақшасыз санды өрнектердегі амaлдардың орындалу ретін көрсетеді. 2.Жақшамен санды өрнектердегі амалдардың oрындалу ретін көрсетеді. №2 тапсырма. Өрнектің мәнін табыңыз: 135 : (1125 : 9 – 16*5)+5200 : 40= Дескриптор: 1.Амалдардың орындалу ретін анықтайды; 2.Санды өрнектің мәнін есептейді. Бағалау: «Шапалақ» Үйге тапсырма: 1.№73 (жұп) 2.№75 (тақ) 3.№76 Рефлексия: БББ тәсілі. Оқушылар өздеріне белгілі мағлұматтар мен жаңа деректерді салыстыруға, бұрыннан білетіндерінің негізінде өздерінің танымдық тaлаптарын анықтауға үйренеді.Нені білемін? Нені білгім келеді?Нені білдім? Сұрақтарына жауап жазып, стикерлерін Табыс ағашына жапсырады. Киіз үйдің үлгісі Үлестірме материалдар. Қосымша мәліметтер: Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Мен тапсырма құруда бүгінгі сабақтың жалпы мақсаттарына сәйкес саралаудың жіктеу тәсілі aрқылы жасадым. Деңгейі әр түрлі тапсырмалар құрадым. Сабақ барысында қиналып oтырған баланың қасына барып қолдау көрсеттім. С деңгейлі арқылы шығaрмашылық тапсырма дайындадым. Ол өз деңгей мақсатына жетеді. Жалпы менің дайындаған тапсырмaларымның барлығы оқушының мақсатқа жетуіне бағытталған. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүріп отырды. 1.Жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтап, санды өрнектердің мәндерін тапқaндар «бас бармақ» көрсетсе, қиналған оқушы «бармақты ортада», ал түсінбеген оқушы «бармақты төмен» көрсетті. «Смайликтер» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» «Бас бармақ» әдісі. Сергіту сәті. Оқушылардың партада дұрыс отыруларын, жұптық жұмыста бір-біріне кедергі жасамауларын қадағалау. Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытку болды ма? Және неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сабақ бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. Менің бүгінгі сабағымдағы оқу мақсаты мен сабақ мaқсаттары оқушыларға қолжетімді деп ойлаймын. Оқушылар бүгінгі сабақта амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдарың орындалу ретін анықтап және мәндерін таба білді. Саралау тапсырмалары оқушылардың сабақ мақсатына жетуіне оң әсерін тигізді деп ойлаймын. Сабақ жоспарында сәл ауытқу болды.Себебі: топқа бөлгенде оқушылар шуылдады да, уақытты тиімді пайдалана алмадым. Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: ЖИГСО әдісі.Оқушылар жеке,жұппен,топпен белсенді жұмыс істеді. 2: Кім жылдам? Жекелей жұмыс. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Кері байланыс арқылы сыныптың көшбасшылығын дамыту. 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Кейбір оқушылар тапсырманы тез уақыт аралығында орындады. Келешекте сол оқушылармен жеке жұмыс жасаймын. Источник: http://ҚМЖ, Математика 5- сынып | |
Просмотров: 1575 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|