Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Оқушылар сарайы»ММ дизайн үйірмесінің жетекшісі Айгерім Алмагамбетова Мухамедсадыққызы Ашық сабақтың тақырыбы: Тік белдемше сызбасын құрылымдау,пішу Мақсатым:Өлшем алу,сызба сызып және үлгі дайындап пішуді үйрету. 1)Білімділігі: өз өлшемдерін есептеп сызба сызуды, пішуді, қиюды білу; 2) Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту; 3) Тәрбиелігі: эстетикалық талғамға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен сәлемдесу; ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру; б) сабаққа даярлығын байқау; в) оқушылардың назарын сабаққа аудару; II Өткен сабақты қайталау: Өткен сабақты қайталау:Слайд арқылы киімге қажатті өлшемдер алу және ережелермен қосымшалармен таныстырамын, өлшем ережелерін сұрақтар қою арқылы өткен сабақты пысықтаймыз. 1 Өлшем алу үшін қандай құралды пайдаланылады? 2 Сантиметрлік таспаны ең алғаш кім және қашан ойлап тапты ? 2 Артқы бойдың белге дейінгі өлшемді қалай айтады? 3 Бұйымның ұзындығын қысқаша қалай атайды? 4 Иықты бұйымдарға қандай өлшемдер жатады? 5 Қандай өлшемдер толық,қандай өлшемдер толық емес түрде жазылады? 5 Тік белдемше сызбасын құрастыру үшін қандай өлшемдерді түсіреді? Жаңа сабақ: Тік белдемше сызбасын құрылымдау,пішу. Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады.Белдікті және иықты.Белдемше, шалбар,белдемше шорты бұлар белдікті топқа жатады,ал көйлек,блузка,халат және т.б иықты топқа жатады.Белдемше белдікті бұйымдардың ішінде ең көп тараған,барлық жыл мезгіліне киуге арналған киімнің түрі.Силуэт бойынша белдемшелерді тік,етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады.Олар пішуіне байланысты үш топқа бөлінеді:тік,қиықты және клеш. Киімді конструкциялаудың барлық белгілі әдістерін 2 классқа жатады: 1класс әдісі – бөлшектердің типтік жіктелуі және олардың типтік денебітімдері өлшемдеріне, қосымшаларына негізделетін әдістер. Олар киім бөліктерінің маңызды құрастыру нүктелерінің орналасуын шамалап табуға ғана мүмкіндік берді. 2 класс әдісі – бұларға Чебышев торындағы және т.б. жайма бөлшектерин конструкциялаудың қима бөліктерінің әдістері жатады. Адамның пішімі симметриялы болғандықтан, сызбаны бұйымның жартысына салады. Тік белдемше екі бөліктен: алдыңғы және артқы бөліктерден тұрады. Қажетті өз өлшеміміз арқылы тік белдемше сызбасын құрастырамыз. Белдемше сызбасын жасауға арналған өлшемдер : Ст,Сб,Ди,Қ Қажетті құрал - жабдықтар: темір сызғыш, үшбұрышты сызғыш, масштабты пішу сызғышы, лекало, ТМ, ТМ2, карандаш, өшіргіш, миллиметрлік қағаз,калька . Сарамандық жұмыс: Өлшемдер :Бжа = 33,4 Қб = 0.5 – 1 Мжа = 48 Қм = 1 – 2 Аб.ұз. = 41,5 Базистік тордың сызбасы Конструкция сызбасының базистік торы деп бұйымның жалпы габаритын (оның ені және ұзындығы) анықтайтын көлденең және тік сызықтардың жиынтығын айтамыз. 1) ББ3 = Мжа + Қм = 48 + 1 = 49 2) БМ = 0,5 х Аб.ұз – 2 = 0,5 х 41,5 – 2 = 18,7 3) ММ2 = ММ3 : 2 – 1 = 49 : 2 – 1 = 23,5 (бұл белдемшенің артқы бой ені) 4) Б3 Б2 = ББ3 – ББ2 = 49 – 23,5 = 25,5 ( бұл белдемшенің алдыңғы бойы) 5) БЕ = Бұз = Бұз = 50(бұл белдемше ұзындығы) Бел сызығы бойындағы бүкпелердің есеп – құрылымы 6) 0,4 х ББ2 = 0,4 х 23,5 = 9,4 (артқы бой бүкпесінің орыны) (Артқы бой бүкпесінің ұзын- дығы 11 – 15 см) 7) 0,4 х Б3Б2 = 0,4 х 25,5 = 10,2 (алдыңғы бой бүкпесінің орны) ( Алдыңғы бой бүкпесінің ұзындығы 7 – 11 см) Белдемшенің қабырға (бүйір) бүкпелері және бүкпе тереңді 8) Б2 О= 1см = 1 9) 0,5 х ∑В = 0,5 х 14,4 = 7,2 (Қабырға бүкпесі) 10) 0,35 х ∑В = 0,35 х 14,4 = 5,04 (Артқы бой бүкпесі) 11) 0,15 х ∑В =0,15 х 14=2,1 (Алдығы бой бүкпесі) Белдемше пішуге арналған мата мөлшерін есептеу Белдемше дайындауға арналған мата мөлшерлері матаның еніне және белдемше үлгісіне байланысты. Маталардың ені 70, 90, 110, 140, және 160 см болады. Қиықты белдемшені тігу үшін 140 см болатын матаны таңдаған жөн. Сабақты бекіту:Сұрақтар арқылы бектеміз:Тік белдемше сызу үшін қандай өлшемдерді аламызБүгінгі сабақтан не түйдіңіздер,айтып кетсеңіздер? Сабақты қорытындылау: «Шебердің инесі де алтын, соққан күймесі де алтын». Олай болса, шебер қолдардан шыққан алтын бұйымдарыңыз көбейе берсін - деп бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз. | |
Просмотров: 1234 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|