Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Қ. Амралина (Ростовка орта мектебі,Қарағанды облысы) Ресурстық орталық жағдайындағы білім мен тәрбие беру ортасы жасөспірім-тұлғаны әлеуметтендіру факторы. Болашағын ойлаған ел - ұрпағын саналы, білімді, салауатты етіп тәрбиелеуді көздері анық. Мұндай ізгі қадам бүгінде көбіміз жамандайтын кеңес дәуірінде де болып «бар жақсымыз балаларға» деген қағида қалыптасқан-ды. «Тәрбиеге бас иген - құл болмайды, тәрбиесіз - ел болмайды » деген Б.Момышұлының сөзінде көп мағына бар. Тәрбие жұмысының ұйымдастыру жүйесі -оқушылардың білім алу мен сабақтан тыс өмірін, жан-жақты қызметі мен қарым - қатынасын, әлеуметтік және пәндік, эстетикалық ортаның әсерін бүкіл педагогикалық үрдіспен кіріктіре қамтитын тәрбиенің педагогикалық бағдарламасы. Тәрбие жүйесі бір жағынан өзінің мақсаттары, әдістері, қағидалары, тұжырымдамасы бар тәрбие жұмысының жүйесі ретінде, ал екінші жағынан, тәрбиенің іске асырылатын бағдарламасы ретінде қарастырылады. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жағдайында озық технологияларды дұрыс таңдай білу және тиімді қолдану, бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау - өскелең өмір талабы. Ростовка Ресурстық Орталығында осы міндеттер төмендегі жолдармен шешілуде. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды жан-жақты зерттеу: а) денсаулығы; б) әлеуметтік жағдайы; в) білім деңгейі, қабілеті, қызығушылығы. «Қазақстан-2030» бағдарламасында Қазақстан алдағы болашақта Орта Азия барысына айналады делінген.Үш тілді бірдей меңгерген білімді ұрпақ еліміздің өркениетті болуына өз үлесін қосуға тиісті. Олай болса, оқыту-тәрбиелеу жүйесінде озық педагогиканы қолдану өмір-талабы. Мектепте оқушылардың қабілетін ескере отырып, тәрбие жұмыстарын жүргізу жақсы нәтиже беретіні сөзсіз.Осыған орай мектебімізде «Мұрагер», «Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс жасауда. Өзін-өзі басқару ұйымын құрудағы мақсат: оқушыларға өздеріне-өздерін басқарта отырып, олардан тәртіпті, білімді, жеке тұлға қалыптастыру, яғни өзін-өзі басқару, тәрбиелеу дегеніміз- адамның өзін-өзі қалыптастыруға бағытталған өз күші.Әр түрлі мектепішілік шараларды өткізуде оқушылар ұйымының атқаратын рөлі зор.Олар аудандық, облыстық іс-шараларға белсенділікпен қатысады. Ата-аналармен байланыс. Ата-ана- мектеп тірегі. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі зор. Мектеп ата-аналармен тығыз байланыс жасай отырып, оқушыларды болашақта саналы азамат етіп, тәрбиелеуге күш салады. Қазіргі таңда мектеп, мұғалім, ата-ана, оқушы арасындағы қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінуде.Осының айғағы ретінде мектебімізде салауатты өмір салтын уағыздауда «Әкелер сайысы» мен «Аналар сайыстарының» тәрбиедегі жемісі ерекше. Ата-аналар комитеті мүшелерінің мектеп жұмысын жандандыруға берер көмегі мол. Ата-аналармен жүргізілген “ Баланың бас ұстазы - ата-анасы”, “Отбасы - тәрбие бастауы ” атты семинар-тренингтің тәрбиелік мәні зор. “Ана-ақылшым”, “Әке-қамқоршым” тақырыбында өткен ашық тәрбие сағаты өз мәнінде өтті. Кештің ата-аналар үшін де, оқушылар үшін де маңызы зор болды. Құқықтық тәрбие беру. Қазіргі заман талабына сай кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдерді құқықтық тәртіп бұзушылықтан сақтау барысында жүргізілетін жұмыстарға баса назар аударуды жолға қойып отырмыз. Осыған орай мектеп ұстаздары алдындағы міндеттің бірі-оқушыларға құқықтық тәрбие беру. Мектеп жанынан ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға арнайы “құқықтық мектеп” арқылы әр түрлі тақырыптарда лекция-сабақтар өткізіліп келеді. Құқықтық тәрбие беру мақсатында “Менің елімнің негізгі заңдары”, “Сен,өз құқығыңды білесің бе?”, “Қылмыс және заң”, “Бала құқықтары” тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 2005-2011 оқу жылы аралығында мектеп бойынша құқықтық тәртіп бұзушы оқушылар саны жылдан-жылға төмендеді. Заң қызметкерлерімен, аудандық жасөспірімдер инспекторларымен бірлескен жұмыстар іске асырылады. Видео-фильмдер көрсетіледі. Мақсаты: оқушыларды имандылыққа баулу, қылмыстық істерден аулақ болуға шақыру. Салауатты өмір салты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық Жолдауын басшылыққа ала отырып, мектеп ұжымы “Салауатты өмір салты-ұзақ өмір сүруге ашылған жол” ұранымен әр түрлі тақырыптық жұмыстарды іске асырды.Зерттеудің мақсаты: пәндер, үйірмелер, сынып сағаттары, танымдық-тәрбиелік шаралар арқылы салауатты өмір салтын уағыздау. Білімді, дені сау, мемлекетімізге пайдасы тиетін азамат тәрбиелеу. Мектебімізде адам денсаулығы, рухының саулығы үшін әлеуметтік жауапкершілігі туралы қазіргі заманға сай ұғым қалыптастыру ісіне көп көңіл бөлінуі – тәрбие жұмысының басты мақсаты. Жалпы қоғамдық санада шылым шекпейтін, ішімдіктерді аузына алмайтын дені де, жаны да сау, спортпен шұғылданатын жастардың тартымды бейнесін қалыптастыру ісі жалғасын табуға тиіс. Бұл құқықтық, экологиялық сана, эстетикалық, және моральдық-этикалық тәрбие, дәстүрлі діндер туралы дұрыс ұғымның қалыптасуы және түрлі діни қоғамдардың жасампаздық іс-әрекеттерін бүлдіруші әрекеттерінен ажырата білу, психологиялық және сезім деңгейіндегі қысымға төтеп бере алу. Сонымен қатар, “Жаңа ғасыр азаматы-дені сау, рухани бай адам” тақырыбын басты назарға алып, іс-шаралар іске асырылуда. 2010-2011 оқу жылында “Денсаулық дегеніміз не?” деген сұраққа сауалнамалар алдық. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, мектепте 5-11сыныптар аралығында “Денсаулық фестивалі”, “ЖИТС қатеріне жолықпа”, “СПИД қатерін жолатпа”, “Темекінің денсаулыққа зияны” атты және т.б. көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мектебімізде мамандық таңдауға жағдай туғызу арқылы кәсіптік дағдыларды ұйымдастыру басты назарда: («В,С» категориялы автомобиль жүргізуші, «Кондитер-кулинар», «Мастер-тігінші», «Бал өндіру», оператор-қолданушы, кіші медбике). Жыл басында оқушылармен сауалнамалық жұмыс жүргізіп, «Қандай үйірмеге қатысқың келеді ?» деген сауалнама қортындысымен оқушылардың бойына өнерді дамыту мақсатында әр түрлі үйірме, курстар, факультатив ұйымдастырылды. Олар: ырғақты би (3 топ), бейнелеу студиясы, қолөнер, спорттық үйірмелер тоғызқұмалақ, шашки-шахматы, қол күшін сынасу, волейбол, баскетбол, «қазақша күрес», «дзюдо», жолда жүру ережелері мен өртке қарсы күрес ережелерін сақтау, азаматтық қорғаныс пен әскери дайындық. Мектеп өмірінде оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың саналуан қыры мол. Қайтсек ұлымыз – ұлағатты, қызымыз –инабатты болады? «Балалар еліне» айналған тәрбие ордасында оқушыларды жаңа заман талабына сай білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға етіп қалыптастыруда мектеп ұжымы аянбай еңбек етуде. | |
Просмотров: 7625 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|