Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Жол қозғалысының жас инспекторлары
Амралина Құралай Айткеновна
Ростовка орта мектебі,
Бұқар жырау ауданы,
Қарағанды облысы


Жол қозғалысының жас инспекторлары

Слайд 1

Жол қозғалысы жас инспекторлары тобын (ЖҚЖИ) құру
Ростовка Ресурстық Орталығы жол қозғалысы жас инспекторлар тобы – балаларды азаматтық жауапкершілікке, жоғары мәдениетке, кәсіптік бағдарға, ұйымшылдыққа тәрбиелейтін оқушылардың ерікті бірлестігі.
Жол қозғалысы жас инспекторлары (ЖҚЖИ) тобының негізгі мақсаты төмендегідей:
- Оқушылардың белсенді өмірлік бағыт-бағдарларын қалыптастыру;
- Көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік ережелерін оқып-үйрену, жол қауіпсіздігі ережелерін (ЖҚЕ) насихаттау, оқушылар арасында ЖҚЕіне байланысты шараларды ұйымдастыру;
- Жол - көлік оқиғаларынан (ЖҚО) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ісіне машықтану.
1.ЖҚЖИ топтары жұмысының негізгі міндеттері:
- Жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) тереңдетіп оқып-үйрену, балалардың жол - көлік оқиғалары (ЖҚО) жарақаттарының алдын алу әдістерін үйреніп, ЖҚО-нан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге машықтану, жол қозғалысын реттеудің жедел - техникалық құралдарымен танысу;
- Мектепте, балабақшада, техникалық насихат құралдарын пайдалану арқылы ЖҚЕ-ін насихаттауға арналған бұқаралық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- ЖҚЖИ слеттары мен автоқалашықтарының қызметтерін ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;
- Жас велосипед жүргізушілерімен жұмыстар ұйымдастыру;
Слайд 2. Слайд 3-4.
1.ЖҚЖИ топтарының құрылымы:
- ЖҚЖИ топтарына жасы 10-ға толған оқушылар қатысады. ЖҚЖИ тобы жұмысына белсене араласуға тілек білдірген мектеп оқушылары мүше бола алады;
- Топты құру үшін оның мүшелерінің саны 10-нан кем болмауы керек және ол жеке бөлімшелерге бөлінеді;
- ЖҚЖИ тобына мүше етіп қабылдау топ жиынында тілек білдірушінің ауызша өтініші арқылы жүзеге асырылады. Жас инспекторлар сынақ тапсырып, салтанатты жиында оларға куәлік, кеудеуге тағатын белгі және қолдың қарына тағатын жас инспектордың арнайы жеңбелгісі тыпсырылады.
- ЖҚЖИ тобының күнделікті жұмысына топтың жалпы жиналысында сайланған ЖҚЖИ штабы басшылық жасайды. Штаб өз құрамы арасынан топтың командирі мен комиссарын сайлайды. ЖҚЖИ штабы өз жұмысын мектептегі «Мұрагер» ұйымының басшылығы арқылы жүргізеді. «Жас талап» тобы мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының құрамына енеді. Топ командирі мен комиссары арнайы бекітілген айырым белгілерін тағады.
1. Жас инспектордың міндеттері:
- Жол қозғалысының жас инспекторы деген атақ - абыройды жоғары ұстау, топ жұмыстарына белсене араласу, штаб пен командирдің тапсырмаларын дер кезінде бұлжытпай орындау;
- Жол қозғалысы ережелерін оқып - үйреніп, оларды бұлжытпай орындауда өзгелерге үлгі көрсету;
- Өз қатарластары мен кішентай балалар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Қоғамдық құқық ережелерін әр кез сақтап нығайту, балалардың ЖҚЕ бұзуының алдын алуға қатысу;
- Өз денсаулығын шыңдау, дене шыңықтыру және спортпен ұдайы айналысу.
Слайд 5-6-7.
2. Жас инспектордың құқықтары:
- топ қызметіне байланысты кез-келген мәселені талқылауға қатысу, ұсынысын айту;
- ЖҚЖИ тобы штабын сайлау және оған сайлану;
- балалардың жол - көлік зақымдарының алдын алу жұмыстары әдіс – тәжірибелерді меңгеру жөніндегі білімді, біліктілікті және машықтарды оқып-үйреніп, «Қозғалыс қауіпсіздігінің жас нұсқаушысы» атағын алу;
- жол қозғалысы қауіпсіздігі (ЖҚҚ) мен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жергілікті полиция органдарынан және ЖП бөлімшелерінен ақыл-кеңес алу;
- жол қозғалысы жас инспекторының бекітілген айырым белгісін тағу;
- полиция қызметкерлерінің басшылығымен көшелерде, мектеп, ықшам аудандарда ЖҚЕ сақтауға байланысты рейдке шығу;
- ЖҚЖИ тобындағы белсенді қызметі үшін ЖП органдарының, қоғамдық ұйымдардың мақтау қағаздарымен, кеудеге тағатын белгілерімен, бағалы сыйлықтарымен, жол қозғалысы жас инспекторларының аудандық, облыстық, республикалық слеттеріне делегат болып қатысу.
- ЖҚЖИ тобы қызметінің мазмұны бірнеше бағыттарға бөлінеді.
- Ақпараттық қызмет:
- ЖҚЖИ тобы қызметінің нәтижелері бойынша мектепте радиохабарлар ұйымдастыру, тоқсан сайын «Жас талап» журналын, «Бағдаршам» қабырға газетін шығарып , «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» ұраны мен «Достар» әнін бекіту;
- күнделік, ай сайынғы кеңес жұмысы, жылдық жоспарлы есеп беру папкасы, шағын аудандағы ЖҚЖИ тобының қызмет аймағы картасы, топтың төлқұжаты сияқты құжаттарды мұқият жүргізу.
Слайд 8.
Үгіт – насихат қызметі:
- жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбына байланысты жұмыстар:
- әңгімелер, викториналар, кинолекторийлар, ойындар, саяхаттар, жарыстар, конкурс, КВН, тақырыптық ертеңгіліктер мен мерекелер, спетакльдер ұйымдастыру, ЖҚЕ бойынша көрнекі құралдар мен әдістемелер базасын жасауға және оны қолдануға ат салысу.
Слайд 8-9-10-11-12-13-14.
Қамқорлық қызметі:
- «Ботақан», «Гүлдер» балабақшаларында, бастауыш сыныптарында жол қауіпсіздігіне арналған сурет конкурстарын, ән-өлең сайыстарын өткізу, тәлімгердің ( вожатый) көмегімен «Жол әліппесі» саяхаттарын ұйымдастыру.
- авто алаң, авто қалашықта бүлдіршіндерге арналған саяхат ұйымдастыру;
- үйірме мұғалімдерімен бірге шеберханаларда құралдар жасау;
- ЖҚЕ бұзуының алдын алу мақсатында жүргізілетін кезекшіліктер мен рейдтерге қатысу;
- балалардың ЖҚЕ бұзу туралы мектеп оқушылары мен ата-аналарды құлақтандыру;
- Авто қалашықта ЖҚҚ бойынша және авто алаңда жол қозғалысын реттеуге байланысты оқу - тәжірибе ойындарын ұйымдастыру;
- жас велосипед жүргізушілермен жұмыс жасау;
Топ командирінің негізгі қызметтері:
- топ жұмысына басшылық жасау; жұмыс жоспарын жасап, мектептегі өзін өзі басқару органдарының бекітуіне ұсыну, бөлімшелердің қызметіне бақылау жүргізу, штаб отырыстарын, қорытынды жиындар өткізу, аудандық семинарлар мен ЖҚЖИ топтары семинарлары мен ЖҚЖИ топтары командирлерінің жиналыстарына қатысу.
Слайд 15-16-17-18-19-20-21-22.
Жарыстар мен конкурстардың шарттары:
1. «Жол қозғалысы ережелерінің белгілері»
2. «Жас насихатшылар»
3. «Жас велосипедші»
4. «Жас жүргізуші»
5. «Жас реттеуші»
6. Сапта жүру байқауы
7. Командирлер байқауы
8. «Жас автомобильші»
9. «Жас санитар».
10. Үгіт бригадаларының байқауы
Слайд 20-21-22-23-24-25.
Ата-аналар үшін ақпарат.
Ата - аналар балаларына көшелер мен жолда жүру ережесін білуде үлгі көрсетеді. Мектепке дейінгі баланың ең жақсы адамы жолда жүру ережесін сақтамаса ешқандай оқыту тиімді болмайды. Ата анасы жол ережесін бұзса, баласы да оларға еліктеп, жолда жүрудің денсаулық пен өміріне қауіпті әдеттеріне дағдыланады, бұл орны толмас қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан ата - аналарға олардың бәрінен бұрын балаларының қауіпсіздігіне жауапты екенін, сол үшін дұрыс үлгі болу керектігін түсіндіру қажет.Ростовка орта мектебінде ата - аналармен жұмыс барысында мақсатты түрде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз: ақыл - кеңестер, жиындар, бос уақытты балалармен бірге өткізу, буклеттер тарату. Біз сіздердің назарларыңызға ата - аналармен жүргізілген жұмыс түрлерін ұсынамыз. Баланың балабақшаға, мектепке барып - қайту жолы оған жолда жүру ережесін үйретіп, көше қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді тәсілі. Көбінесе ата - ана көшелер мен жолдарда өзін - өзі ұстау тәртібін баланың 5 - 6 жасында, бірінші сыныпқа барарда үйретеді. Бірақ баланың әдет - дағдылары баланың ерте балалық шағынан бастап бойына сіңе бастайды. Сондықтан ата-ана 1,5 - 2 жасынан баламен бірге көшеге шығып, бойында «көліктен сақтану» дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін ата -анасы келесі міндетті талаптарды орындауы тиіс:
- бала көшеден асықпай өтуді үйренуі үшін үйден ерте шығу керек;
- жүргінші жолынан өтерде міндетті түрде тоқтаңыз;
- жолдан асықпай, баланың адымына ыңғайланып жүріп өтіңіз, бала жүгіріп отырмауы тиіс;
- балаларды жолдың жаяу жүргінші өтетін тұсынан және қиылыстардан ғана өтуге үйретіңіз;
- ешқашан жолды көрсетпей тұрған көліктің немесе басқа заттардың артынан шыға келмеңіз; аялдамада тұрған көліктің алдынан да, артынан да өтуге болмайды, әрі қарай барып жақын жердегі жаяу жүргінші жолынан немесе қиылыстан өту керек;
- қарсы жақта тұрған трамвай, троллейбус, автобусты көріп, асығыс жүгірмеңіз; балаға да осылай үйретіп, қауіпті екенін, келесі көлікті күткен дұрыс екенін түсіндіріңіз;
- жолдан өтіп бара жатқанда баламен бос әңгімені тыйыңыз; бала жолдан өткенде алаңдамай, бар назарын жол үстіндегі жағдайға ғана аударуға дағдылануы тиіс (үлкен адам жолдағы жағдайды түсіндіріп, қысқа ғана айтуына болады);
- көшені қатаң түрде тік бұрыштың бойымен қиып өтіңіз, бұл көліктердің қозғалысын жақсы бақылауға және тез өтіп кетуге мүмкіндік береді;
- бағдаршам бар жерде жолдан жасыл белгіде ғана өтіңіз, өтетін жолдың қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз; бала көлік болмаса да қызыл және сары түсте жолдан өтпейтініне дағдылануы тиіс;
- жолдан өтерде, аялдамада баланың қолынан мықтап ұстаңыз, жолға жүгіріп кетуі мүмкін;
- кез келген көліктен баладан бұрын шығыңыз, әйтпесе бала құлап қалуы немесе ересек болса жолға жүгіріп кетуі мүмкін; баланың жолдан сізден бұрын жүріп, жүгіріп өтуіне тыйым салыңыз жан - жағына қарап өтуді үйретіңіз;
- балаға жол үстіндегі жағдайды бақылауды үйретіңіз, бұрылуға бет алған немесе өте тез жылдамдықта келе жатқан көліктерді көрсетіп, сақтануды үйретіңіз (ондай көліктерді өткізіп жіберу керек);
- баламен бірге келе жатып «мен көшені қарау үшін басымды бұрамын; көліктердің қозғалысын байқаймын; жолдың бос екеніне көз жеткіземін» сөздерімен өз қимылдарыңызды оған көрсетіңіз;
- балабақшаға, мектепке, дүкенге баратын қауіпсіз жолды көрсетіңіз;
- балаңыздың велосипедті балалар немесе спорт алаңында тебуін қадағалаңыз, жолға жақын немесе көше жолдарымен жүруге тыйым салыңыз.
Есте сақтаңыз! Баланың көзінше жолда жүру ережесін ешқашан бұзбаңыз, бала жол тәртібін ата - анасына қарап үйренеді.
Слайд 28-29.
«Үй - мектеп» маршруты - бұл құжат. Мұнда бала мен ата-ананың үйінен мектепке дейінгі және мектептен үйіне дейінгі жол кескіні бейнеленеді.
«Үй - мектеп» бағыты және оны пайдалану.
«Үй - мектеп» бағыты әзірлемесі - бұл баланың үйден мектепке баруы - қайтуына ұсынылатын жолын сипаттайтын және кескіндейтін құжат. Бағыттама ата - аналардың көмегімен әзірленіп, ортаңғы топ балаларынан бастап ұсынылады. Ол үшін бағытты әзірлеу және балаларға үйрету әдісін түсіндіру мақсатында ата - аналарға кеңес беру жұмысы ұйымдастырылады. Әрбір әзірленген бағыттама топта талқыланып, сол бағытпен жүретін баланың өзі түсіндіре білуі тиіс.
Бағыттама әзірлеу міндеттері:
- баланың мектепке бару - қайту қозғалысындағы қауіпсіздікті арттыру;
- балаға мектепке бару - қайту жолының жағдайына бейімделуге үйрету;
- бағыттама құрастыруға, жол жағдайына бейімдеуге және қауіп - қатердің алдын алуға ата - аналарды үйрету;
Бағыттама әзірлеу тәртібі (үш кезең)
1. Ата - ана баласымен бірге үйден мектепке бару - қайту жолын жүріп қолайлы түрін белгілейді және қауіпті жерлерді атап көрсетеді.
2. Үйден мектепке дейінгі жолда орналасқан ғимараттардың кескін - сызбасын құрастырады, көшелердің атын жазады, бағдаршамдар мен жол белгілері және жаяу жүргіншілер өтуге арналған жолақтар көрсетіледі.
3. Қозғалыс жолы тұтас сызықты көрсеткішпен белгіленеді.
Қауіптілігі жоғары жерлерді түгел суреттеуге баса көңіл аудару қажет: үйден шығу, жолды кесіп өту (әсіресе бағдаршам жоқ болса), ауламен жүргенде көліктер өтетін жерлерді байқау.
Жүріп өтуге тура келетін әрбір жолға арнайы сипаттама беру:
- көліктердің жүру белсенділігі;
- бұрылыстан көлік шыға келу мүмкіндігі;
- көшені көруге бөгет жасайтын заттардың тұруы.
Үй тұрған көшені жеке сипаттап, көрсету керек.
Көбінесе балалар үйге қарай жүгіреді, жақын - таныс адамдарды көрсе жан - жағына қарамай жүгіреді. Оларға «Үйге жақындағанда асықпа, жолдан ақырын өт» деп түсіндіру керек.
«Үй - мектеп» бағыттамасын пайдалану.
Бағыттаманы құрастырғаннан кейін ата - ана баланы үйден мектепке бару - қайту жолымен жүргізіп, оның бағытпен дұрыс жүруін, сипатталған қауіпті жерлерді көріп, түсінуін бақылауы керек.
Сонымен бірге баланың бойында үйден ерте шығу, асықпай жүру, көшені ақырын тік қиып өту, жол бос болса да жан - жағына жіті қарау дағдылары қалыптасады. Ең бастысы баланың көшені көрсетпей тұрған зат немесе келе жатқан көліктің қауіптілік белгісі екенін түсінуі.
Слайд 26-27.
Ата - аналар үшін тест.
Құрметті ата-аналар, сіздердің балаларыңыздың қала, аудан көшелері мен жолдарында қауіпсіздікті сақтау дағдыларын қалыптастыруға , оларға жолда жүру ережесін (ЖЖЕ) үйренуге қаншалықты көңіл бөлетіндеріңізді анықтау үшін берілген тест сұрақтарына жауап беріңіздер.
1. Балаларға ЖЖЕ үйретуді неше жастан бастау керек деп ойлайсыз?
А) 3 жасқа дейін;
Б) мектепке дейін;
В) мектепте;
Г) 10 жастан бастап;
2. Балаларыңызбен бірге ЖЖЕ үйрету бағдарламаларына қатысуға дайынсыз ба?
А) дайынбыз;
Б) дайын емеспіз;
В) мүмкін;
3. ЖЖЕ сақтауға қалай қарайсыз?
А) Маған қалай ыңғайлы солай әрекет етемін;
Б) сақтауға тырысамын;
В) үнемі сақтаймын;
4.Отбасыңызда көлік бар ма?
А) иә;
Б) жоқ;
5.Көлікпен жолға шыққанда мектеп жасына дейінгі балаңыз қай жерде отырады;
А) алдыңғы орындықта;
Б) алдыңғы орындықтың арқалығында тұрады;
В) артқы орындықта отырады;
Г) артқы орында автокреслода отырады;
6.Балаңызбен жол қауіпсіздігі жөнінде әңгімелесесіз бе?
А) жолда байқап жүр деп айтамын;
Б) қозғалыстың бағытын талқылаймыз;
В) балаға ЖЖЕ айтса де жеткілікті;
7. Балаңыз кіммен бірге қыдырады?
А) жалғыз, мен терезеден бақылаймын;
Б) бірге қыдырамыз, бала ойнайды, өзім көршімен әңгімелесіп отырамын;
В) баланың жанында болып, бақылаймын;
8.Баланы ЖЖЕ-мен қалай таныстырасыз?
А) ойын түрінде;
Б) ақыл - кеңіс беріп, сақтандыру арқылы;
9.Осы тақырып бойынша қажетті әдебиеттер, ойындар бар ма?
А) бар;
Б) жоқ;
10. Балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін үйрету - бұл міндетті:
А) ЖП
Б) балабақша, мектептің
В) ата - ананың
Слайд 30-31
Біздің жетістіктеріміз!
Слайд 32-33-34-35

Пайдаланылған әдебиет.
1. Валеология дене тәрбиесі спорт.
2. Три сигнала светофора: Дидак. игры, сценарии вечеров досуга: Кн. для воспитателя дет. сада: Из опыта работы / В. А. Добрякова, Н. В. Борисова, Т.А. Панина,...М .: Просвещение, 1989.
3. Программа и пособие по изучению правил уличного движения.

Категория: Школа, как она есть | Добавил: curalai (2011-02-20) | Автор: Амралина Куралай Айткеновна E
Просмотров: 21533 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.5/8
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 4:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru