Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Тақырыбы: Химия пәніне интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімді жолдары. Бүгінгі ХХІ ғасырдың ақпараттық мәдениетінің дамуы білім алуда өте маңызды рөл атқарады, оның себебі – ғылыми-техникалық ақпараттың көлемі екпінді өсуіне байланысты. Ақпараттық технологиялардың барлық жаңалықтарын ең бірінші балалар қабылдайды, соендықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығын пайдаланып, олардың жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастыру. Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ-компьютер, интерактивті тақта, Ғаламтор) оқушының оқуға мотивациясын арттырады және химия пәнін оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді: Оқу материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді; Оқу материалдың суреттерін динамика түрінде көрсетуге (құбылыстарды әр түрлі жағынан және әр түрлі деңгейде); Күрделі химикалық эксперименттерді көрсетуге, мысалы, қопарылыс және улы заттар мен химиялқ реакцияларды сирек және қымбат заттармен реакцияларды, өте баяу жүретін реакцияларды; Оқушылармен жылдам және тиімді тестілеу өткізу; Оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету; Жеке тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға комфорттық жағдай жасау; Ақпараттық мәдениетттін дамытуға бүгінгі ақпараттық, коммуникациялық құралдармен жұмыс іңстеу дағдыларын арттыру. Дәстүрлі оқыту жүйесінен АИТ қолданған сабақтардың түпкі айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгеруінде: ол білімнің негізгі бұлағы емес. Ол реттеуші, ұйымдастырушы, кеңес беруші. Бүгінгі электрондық оқулық виртуалды химиялық лаборатория, Интернет арқылы орындалады. Осыған байланысты мұғалімнің міндетіосы оқу құралдарды оқыту материалдың мазмұнымен байланысты, психологиялық және жас ерекшеліктеріне сәйкес, компьютермен жұмыс істеуге дағдысы бюар оқушыларды анықтау, іріктеу. Осы міндеттерді сапалы, нәтижелі ету үшін мұғалім өзі интерактивті тақтамен жұмыс істей білу керек. Ол үшін негізінде Activstudio, кітапхана және флипчартты қолдана білу қажет. Activstudio – да қалам, өшіргіш, түс, корзина деген нәрселерді игеру керек, сонымен қатар кітапхананың ішінде не бар, оны пайдалана білу. Ал флипчарт мәліметті сақтайды, анықтайды, жабады. АИТ құралдарын қолдану жүйесі Леция сабағы Жаңа тақырыпты оқу сабағы Практикум сабағы Қорытындылау сабағы Мультимедия, сабақтың презентациясы Мультимедия, презентация, электрондық оқулық, интернет Виртуалды химиялық лаборатория Мультимедия, сабақтың презентациясы, электрондық оқулық, интернет Бақылау сабағы Талдау сабағы Тестілеу Мультимедия, презентация Интерактивті тақта слайд арқылы мұғалімнің дайын ақпаратты мәтін, фото, видеоны компьютерлік презентациямен пайдаланады. Оқушылар алдына қойылған мәселе тақтада қайталанып еске түсіріп отыруға өте жақсы жағдай туғызады. Осылайша оқушылармен химия сабақтарында химиялық реакйиялардың тізбектерінің әр түрлі күрделікте берілгенде оқушылар шешуге өз әдістерін ұсынады. Мысалы: Айналымдағы А затын анықтау. I. FeCL2 + NaOH→X+O2+H2O→Y→A 1) Fe(OH)2 2) Fe(OH)3 3) FeO 4) Fe2O3 II. Cu→Cu(NO3)2→Cu(OH)2→X→Cu→CuSO4 Cu2O CuO CuOH CuCl2 Көмекке берілген формулалар, т.с.с құралдар экранда флипчарт арқылы жабылып тұруы мүмкін. Оқушылар талдау барысында жауаптары тақтада жазылады, ашылады, қателер түзетіліп, дәлелденеді. Айнымалыларды құрастыруға тапсырма беруге болады, оны орындау барысында оқушының заттардың химиялық қасиеттерін біледі, өзінің іс-әрекетін анықтайды, сыныптастарының жауаптарын талдауға үйренеді. Интерактивті тақтада сәйкестендіру есептерді тиімді талдауға өте ұтымды. Химия ғылымын оқуда маңызды жұмыстарда кестелерді, графиктерді қолдану. Ал интерактивті тақтадағы кесте, графиктерде қажетті ақпаратты маркер-қаламмен сызып бөлуге болады, назарды аударуға. Бейорганикалық химия курсында заттардың ерігіштік кестесінің катион мен аниондар сапалық реакцияларын эксперименттің негізі ретінде бейнелердің үстінде жұмыстар жүргізуге мүмкіндік туады. Тақта басқа пәндермен байланыста болуға өте саңызды. Мысалы, географиядан карталарды, табиғи объектілердің фотографияларын, биология пәнінен плакаттарды, двигатель, протиивогаздың құрылыс схемасын көрсетуге және оның үстіне қолданатын заттардың формулаларын, химиялық реакциялардың теңдеулерін жазамыз. Интерактивті тақта сабақтың ұйымдастырушылық, қайталалу, жаңа тақырыпты игеру, практикум, бекіту, қорытындылау, талдау кезеңдерінде, білім бақылауда кеңінен оқушышның қызығушылығын, оқуға танымдық қасиетін оятуға. Объективті бағалауға, оқушының еркін сезінуге ақпараттық-коммуникациялық мәдениетінің деңгейі өсуіне жағдай жасалып, келешекте терең білім алуға көмегі зор. Ескерту интерактивті тақтаны сабақ барысында 20-25-тен артық пайдалануға джол бермеу қажет. | |
Просмотров: 4272 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|