Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін қалыптастыру.
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін қалыптастыру.

Қарағанды қаласының ЖББ №81 орта мектебі Рахымжанова Табиғат
Қадырқызы
бастауыш сынып мұғалімі

Белгілі неміс философы И.Кант : «Балаларды бүгінгі күнгі емес , болашаққа мүмкін болар , адамзат қауымының шуақты күндері үшін тәрбиелеу қажет.» , -дейді. Шынында да болашаққа адамгершілігі мен ақылы,білімі ұштасқан адамзат болсын десек оны тәрбиелеуді жасынан бастаған жөн. Кез келген жас жеткіншекке саналы тәрбие беру- ата-ана мен ұстаз,тәрбиешілердің басты парыздпрының бірі. Тәрбие бұл жан-жақты ұғым. Біз бір сөзбен тәрбие деген мынадай немесе тәрбиелі адам мынадау болу қажет деп шартты түрде айтқанымызбен,бұл оның нақты анықтамасы бола алмайды.
Мәселен,педагог С.Әбенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» еңбегінде : «Тәрбие-күрделі әрі процесс.Бұған белгілі бір дірежеде білім , тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі » , [2] - десе , қазақ халқынығ ұлы ақыны әрі педагогы М.Жұмабаев « Педагогика » кітабында: « Тәрбие кең мағынасымен алғанда,қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп,сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді,адамзат туралы айтқанда,адамның баласын , кәміл жасқа толып,өзіне - өзі қожа болғанша , тиісті азық беріп,өсіру деген мағынада жүргізілед і» [3] , - десе, ғұлама ғалым В.А.Сухомлинский « Балаларға жүрек жылуы» еңбегінде : « Тәрбие-кең мағынада рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көп салалы процесс» [4], осы сияқты «тәрбие» иәселесіне қатысты айтылған пікірлерді көптеп келтіруге болар еді.
Бірақ көпшілік ойын қысқа ғана мынандай тұжырыммен қайыруға болады: Тәрбие-адам баласының қоршаған ортадан өзіне қажеттісін алуы ,яғни білім нәрімен сусында,сол білімге сәекес адами қасиеттерді толыққан толық дам болып шығуы. Мұндай толық адамды қалыптастыру мектеп жасынан басталады. Мектептегі кез келген ұстаздығ алына қойған мақсаты әрбір тұлғаның ой-өріс ,көңіл-күй шығармашылық мүмкіділіктерін ашып,гуманистік қатынастарын қалыптастырып,танымдық қабілетін қалыптастыру. Оқушының таныдық қабілетіоқу барысында қзіндік қвжет қалыпқа түседі.
Сондықтан да баланың танымдық қабілетін дамыту үшін кітап оқуды бірте-бірте көбейті,көрген затқа байланысты пікірін білдіруге үйрету қажет. Мәселен,педагог С.Б.Бабаев «Бастауыш мектеп педагогикасы» кітабында танымдық іс-әрекет дамытуын бірнеше әдістерін көрсетеді.Түсіндірмен – көрнекі-қабылдау барысында барша ақпарат көздері (сөз, көрнекілік және т.б.) пайдаланылады,ақпарат мазмұны балла санасына индуктив не дедуктив қисынды жолдармен жеткізіледі.
Репродуктив,яғни қайта жаңғырту әдісінде білім оқушыға «дайын» күйінде ұсынылып,мұғалім білім мазмұны хабарлап қана қоймастан оны жан-жақтан түсіндіреді.
«Оқушылар білімді санлы игереді,түсінеді,әрі есінде қалдырады.Есінде қалған білімді қайта айтып не жазып береді.Мәселелі баяндау әдісі жаттанады. Орындау тәсілі мен шығармашылық іс-әрекет арасындағы өтпелі саты әдісі ретінде танылады.Ішнара әзеніс балалар білімді өз бетінше әрекеттеніп,жинақталып әрі жинақталу қажет.Мұғалім білім жөнінде ақпарат бермейді,оны баяндамайды да оның міндеті-әр қилы шырылыр құрал-жабдықтар жәрдеміне жаңа білімдерді іздестіре тауып,игеруге үйрету болса,оқушылар мұғалім басшылығында өз бетінше пікір жүргізеді,туындаған танымдық мәселелерді шешеді,мәселелі шарттар тізіп,шешімін табады,талдайды ,салыстырады,жалпылайды,қорытынды жасайды және т.б.нәтижесінде балаларда саналы бекітілген білімдер қоры қалыптасады.
Зерттеу әдісі мұғалім оқушыларымен бірге оқу үрдісінің нақты бір кезеңінде шешілетін мәселені өрнектейді,білім оқушыларға хабарланбайды.Оны оқушылар мәселені зерттестіру барысында әр қилы шешім балаларын салыстыру арқылы өз бетінше табыстырып,игереді» /5/. Ғалымның бұл көрсеткен әдістері қазіргі таңда мектептерде жиі қолданылып жүр.Бұл берілген әдіс-тәсілдердің ішінде баланың танымдық белсенділігін арттыруда зерттеу,ішінара ізденіспен мәселелә баяндаудың қызметі ерекше.Аталған еңбекте мәселелік оқудың үш түрлі сатысын көрсетеді; бірінші,мәселелі жағдайды түзеу,екіншісі,нақты сұрақ бойынша өз білгендерін сарапқа салу,үшіншіден әр қилы жолдармен мәселе шешуге қажетті білімдерді игеруге бағытталады.
Мәселен,ана тілінде « Жаз келер» тақырыбында мәселеләк сабақ өткізетін болсақ.ең бірінші жыл мезгілдерін айтқызудан бастап,көктемнен кейін қай айдың келетінін анықтаса,содан кейін барып,жаз мезгілінің өзіндік ерешеліктерін баяндап, « Жаз келер » тақырыбында әңгіме жазғыса.Бұл аталғандармен қатар әрбір сабақта көрнекіліктерді қолданған жөн.Себебі,нақты затты көзге елестету арқылы оқушы назар зейіні кездейсоқ белгілерден гөрі.сапалы мәнді қасиеттерге шоғырланып,оларды жылдам,жеңіл әрі-сызба плакаттарын,сурет,фото-суреттерді қараған жөн.
Әсіресе,қазақ тілі сабағында зат есім,сан есім,етістік,күрделі сөздерді өткен кезде тірек-сызба плакаттарлын қолданса,берілген теориялық білім баланың есінде жақсы сақтады.Ал сурет пен фото – суреттерді сабақтың қорытынды бөлімде қолданған тиімді болып келеді.Сабақта суреттерді пайдалана отырып,баланың ой-өрісін дамытуға болады.Мысалы «Жаз келер» тақырыбында өткізген сабақта осы жыл мезгіліне қатысты суреттерді бүгінгі таңда көптеген мектептерде түрлі экранды техникалық құралдарды жиі қолданады.Бұл да балалардың есте сақтау қабілетін қатар танымдық белсенділігін арттырады.Себебі,әрбір кадрды көрсеткен соң,сол көрсетілім туралы әңгіме-сұхбатын өткізуге болады.Әңгімені қарапайым сұрақтан бастап ,күделендірген жөн.Сонда ғана алға қойған мақсатқа жетуге болады.Берілген зат жайындағы баланың пікірін ауызша баяндау әдісі арқылы бақылап,түсіндіруді қажет еткен жөн.
Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырып,қызығушылығы мен ептілігін,білім денгейін дамытып,әуесқойлық пен зейінділікке тәрбиелеп,олардың ойлау қабілетін арттыруда дидактикалық ойындаодың да орны ерекше.Әрбір дұрыс ұйымдастырылған ойын ойлау үрдісіндегі даралық сезімдерін байытып,баланың ерік қабілетін дамытады.
Бұл тәсіл арқылы бала жаңа әрекеттерге қадам басады,алға ұмтылады.
Мысалы, «Кім тапқыр?» ойынын қолдануға болады.Бұл ойынның шарты бойынша аз уақыттың ішінде мұғалім тарапынан берілген сұрақтарға қысқа ғана «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді.Бұл баланы тез ойлауға үйретеді.Жалпы оқушылардың танымдық қабілетінарттыруда қолданылатын тәсілдің бірі-сыни тұрғыдан ойлау.
Оқушыны сыни тұрғыда ойлай білуге бірден қалыптастыра қою мүмкін емес,кез келген дауылды мәселеге байланысты айтылған пікірге оның көзқарасты бірте-бірте қалыптасады.Мұндай қасиетті қалыптастыру үшін біріншіден,мұғалімнің көмегі қажет.Ол үшін мұғалім ұсынылған тақырып бойынша оны бірнеше тұрғыда қарастыратын тұрғыда сұрақтар қойып соны оқушымен бірге талдаған жөн.
Жалпы ойымызды қолытындыласақ,балалардың танымдық қабілетін арттыру үшін әрбір сабақта жоғарыда ұсынылған әдіс-тәсілдерді қолданып,басқа да түрлі тиімді деген анықтауға тиіспіз.Саналы да білімді азаматтардың қатары арта түссін десек,олардың танымдық қабілетін арттыруға еңбек етейік!

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Психология и педагогика /сост.А.А.Радугин. – Москва,1996 [46, с 89]
2.С.Әбенбаев.Тәрбие теориясы мен әдістемесі. –Алматы,2004
3.М.Жұмабаев.Педпгогика. – Алматы, 1992[37,с 102]
4.В.А.Сухомлинский.Балаларға жүрек жылуы. –Алматы, 1976
5.С.Б.Бабаев.Бастауыш мектеп педагогикасы. – Алматы,2007 [23,с 74]
6.А.Әбілқасымова,Р.Омарова.Мұғалімдердің танымдық ізденпаздығын қалыптастыру негіздері. –Алматы,2003
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Tabigat (2012-05-16) | Автор: Tabigat Rakhimzhanova E
Просмотров: 3408 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru