Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Конференция сабақ Адам және табиғат Сабақтың мақсаты: Оқыту мақсаты: қоршаған орта, оны қорғау, адам іс-әрекетінен қоршаған ортаның ластану жолдары туралы көрсетіп, оқыту. Дамыту мақсаты: ғаламшарымыздың ластануынан өсімдіктер әлемі және жануарлар дүниесіне қауіп төнуде, адамдардың ауруға шалдығуын маман иелерінің нақты теректерін тыңдау. Тәрбиелік мақсаты: табиғатты қорғау, аялауға оны көркейтуге үлес қосуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас. Сабақтың түрі: конференция сабақ. Пәнаралық байланыс: биология, медицина, физика, астрономия. Сабақтың барысы: алдын-ала оқушылар ішінен конференцияға эколог маманын, денсаулық сақтау министрін, санэпидемиялық орталық маманын, қоршаған ортаны қорғау маманын сайлап аламыз, сол оқушылар алдын-ала материал,яғни деректер жинап әкеледі. Эколог маманы. Экология-тірі ағзаладың бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Адам өзін қоршаған табиғатты және ондағы үйлесімдікті бақылай отырып, осы үйлесімдікті өз өміріне кіргізуге тырысты. Бұл әсіресе адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған ортаның орны толмас өзгерістерге ұшырауына байланысты болып отыр. Соның бір мысалы: Арал теңізінің тағдыры. Мұның өзі Сырдария мен Амудария өзендерін дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болып отыр. Дүниежүзіндегі ең үлкен проблеманың бірі-адамның іс-әрекетіне байланысты қоқыс пен өндіріс қалдықтарының шамадан тыс көбеюі болып отыр. Осындай қоршаған ортаны ластайтын фабрика, завод, кәсіпорындарды тексеріп, табиғатты қорғау мәселесі қазіргі таңда бірінші орында тұр. Денсаулық сақтау министрі. Қазіргі кезде кейбір өндіріс орындары қоршаған ортаны тез арада ыдырамайтын, берік қосындылардан тұратын заттар ластауда. Бұл заттар ыдырататын бактериялардың түрлері өте аз болғандықтан, көп мөлшерде жинақталып, табиғи бірлестіктерге және адам денсаулығына зиянын тигізуде. Судың, ауаның ластануынан адам өкпе ауруларына, аллергиялық аурулар, тыныс жолдарының, қан қысымының, жүрек ауруларына жас мөлшеріне қарамай ауруда. Санитарлық-эпидемиялық орталық маманы. Ауаның әр түрлі жолмен ластануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті өзгерістер тудыруда. Қаланың үстін әртүрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қара қошқыл шаң басқан, сол себептен де қалаға күн сәулесінің өтуі нашарлайды. Автокөліктер ауаны қорғасын буымен және резеңке үзінділерімен ластайды. Қала көшелерінің әрбір шаршы метріне 2,5-3,0-ға дейін қорғасын шөгеді. Екібастұз жылу электр станциялары мұржаларынан ыстық күл аралас түтін шығып, қала халқының өміріне қауіп төндіруде. Мысалы: Екібастұзда 1986 жылы ондағы 2 млн. 190 мың т. зиянды қоспа, 1988 жылы 754 мың т. күл, 5400 мың т. күкіртті анждмед, 133 мың т. азот оксиді, 36 мың т. көмір қышқылы, 21 мың т. көмірсутек шығарылған. Судың ластануы Ертіске құйылған ыстық судың Ақсу ГРЭС де пайдаланылған, жылына шамамен 42 млн. шабақ өледі екен. Сырдария суында адам өміріне қауіпті заттар өте көп. Жыл бойы Іле өзенінен химиялық улы заттар Балқаш көліне құяды. Қоршаған ортаны қорғау маманы. Адам өзін қоршаған табиғатты және ондағы үйлесімділікті бақылай отырып, осы үйлесімділікті өз өміріне кіргізуге тырысады. Бірақ, қоршаған ортаны адамның іс-әрекетінен болатын ластау жолы кең етек алуда. Әсіресе өнеркәсіп пен техниканың дамуы нәтижесінде табиғатқа орасан зор орны толмас өзгерістер енгізілді. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялық жағдайлардың пайда болуына әсер етті. Мысалы:кәсіпорындардан (завод, фабрика және машинадан бөлінетін газдар атмосферасы) ауаны ластауда, қалдық сулар теңіз, мұхит, өзен суларын ластауда. «Табиғаттың ластануы» бейне фильм көрсету. Көрермен оқушыларға сұрақтар қойылады: мысалы 1) Табиғат апаттары не себептен болады? 2) Эколгиялық проблеманы болдырмау шаралары қандай? 3) Табиғатты қалай қорғаймыз? Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, осы бейне фильмге қарап, өз ойларын ортаға салып, болашақта табиғатты қорғауға кім қандай үлес қосқылары келетіні туралы айтады. Мысалы: 1-оқушы 2-оқушы 3-оқушы Қорытынды: Қоршаған ортаны қорғау баршаның міндеті: а)Сіздер мектеп, үй ауласын көгалдандыру, талды сындырмау, көкті жұлмау жұмыстарына ат салыса қатысуларың; б) табиғаттың байлығын болашақ ұрпаққа қалдыру. Астана қ. №14 МГ Химия пәні мұғалімі Сексенбиева Зинат Канатовна | |
Просмотров: 2411 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|