Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Жас маманмен жұмыс Біздің өміріміздің мәні де, сәні де - бала. Салтанаты, махаббаты, мәртебесі де – бала. Бала - біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Ол - әр шаңырақтың шаттығы, қуанышы, баға жетпес бақыты. Сондықтан бала тәрбиесі - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. «Тәрбие басы –тал бесік» - дейді халық, ал баланың дұрыс өсуі, дұрыс тәлім - тәрбиеге бейімделуі-алдымен отбасына, содан соң балабақша мен мектептегі тәрбиеге байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- дегенін барлығымыз білеміз. Ал мектептегі мұғалім кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман баланы қалай тәрбиелейді? Теориялық білімін практика жүзінде іске асыра ала ма?- деген сұрақтар ата-аналарды мазалайды. Бірақ мектептерде жас мамандарға тәжірибелі тәлімгер ұстаздар көмекке келеді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуді, ата- аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтер ұйымдастырда тәлімгер ретінде өз білгенімді барынша үйретудемін. Мен Тәжит Манат пен 2010 жылдың тамыз айынан бастап бірге тығыз жұмыс істеймін. Әрбір оқу жылына жылдық жұмыс жоспары жасалады. Жоспар бойынша үнемі іс-әрекетін бақылап, кеңес беремін. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық қолдау да қажет. Педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу жайлы ұсынымдар берілді. Мектеп құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасауды меңгерді.Оқушылардың жеке құжаттарын толтыруда көмектестім. Ата- аналармен танысу жиналысы, сауалнамалар толтыру уақытылы жүргізілді. Ата−аналармен қарым-қатынас жасау,оларға бала оқытудың қазіргі кездегі талаптары мен қиыншылықтары туралы мағлұмат беру, бала психологиясына көңіл бөлу т.с.с. кеңестер берілді. Қалалық семинарларға қатысты. Жас мамандармен жұмыс барысын тіркеу. Жас маманның тегі, аты-жөні, мектебі, сыныбы. Тәлімгер тағайындау туралы бұйрық көшірмесі. Жас маманмен әңгімелесу. А) тәлімгері туралы мәліметтерден хабардар болуы Ә) тәлімгермен бірлескен жұмыс жоспары Б) тәлімгермен қарым-қатынасы, ұсыныс, тілегі В) тәлімгерінен басқа кімдерден қандай көмек алды? Г) сабағына кімдер, қанша сағат қатысты? Д) өзі кімнің сабағына қатысып, қандай әдістемелік көмек көрді ? Е) «Жас мамандар мектебіне» қатыса ма? Ж) жас маманның өз сабағын өзі талдау, бағалау деңгейі. Жас маман жоспарының үлгісі Р/с Жұмыс мазмұны Меңгергені Қиналғаны 1 Бағдарламаны талдау бойынша 2 Күнтізбектік жоспар бойынша 3 Құжаттармен жұмыс бойынша 4 Сабақ типтерін таңдау бойынша 5 Сабақ кезеңдерін жоспарлау бойынша 6 Қазіргі педагогикалық технологиялар 7 Сабақты талдау бойынша 8 Әдістемелік тақырыбы бойынша 9 Өз білімін көтеру бойынша 10 Тәрбие жұмысы бойынша Тәлімгер жоспарының үлгісі Р/с Көмек көрсетілген тақырыптар Нәтижесі Қосымша ескеру керек 1. Мектепке келген оқушыны ұйымдастыру,қалыптастыру. Жас ерекшелік психологиясы 2. Әр түрлі әдіс−тәсілдерді сабақта тиімді пайдалану. Сабақтың жүйесі мен құрылысы І нұсқа • Көрнекілік әдіске нелер кіреді? • Көрнекілік әдістің маңызы қандай? • Бақылау әдісінің қандай түрлері болады? • Оқушының өздігінен бақылауын қалай ұйымдастырасыз? • Эксперимент әдісі қандай жағдайда , қалай қолданылады? • Эксперимент әдісінің түрлерін атаңыз? • Бақылаудың тиімді болуы неге байланысты деп ойлайсыз? • Демонстрация әдісі дегеніміз не? • Иллюстрация әдісі деген не? • Сабақта көрнекі құралды пайдалану тиімді болуы үшін қандай талаптар ескерілуі тиіс? ІІ нұсқа • Оқушының дербес жұмысына не жатады? • Оқушының оқулықпен жұмыс істеуінің негізгі әдістері қандай? • Кітаппен жұмысты жазу жұмысымен қалай үйлестіресіз? • Сабақ типтерін атаңыз? • Проблемалық сұрақ дегенді қалай түсінесіз? • Сабақта проблемалық ситуацияны қалай тудырасыз? • Білімді тексерудің түрлерін атаңыз? • Тығыздатылған сұрау дегенді қалай түсінесіз? • Оқушының әдістемелік жұмыстарын қалай ұйымдастырасыз? ІІІ нұсқа • Оқытудың сөздік әдістеріне нені жатқызасыз? • Оқытудың практикалық әдісі дегенде нені айта аласыз? • Оқытуды практикалық әдісті қолдануға мақсат не? • Лекцияның неше түрі бар? Қай түрін пайдаланасыз? • Лекция мазмұнын оқушының жақсы түсінуі неге байланысты? • Баяндау, түсіндіру әдісінің лекциядан айырмашылығы неде? • Түсіндіру әдісі қай кезде қолданылады? • Әңгімелесу әдісі қай кезеңде тиімді? • Эвристикалық әңгіме әдісінің ерекшелігі неде? • Эвристикалық әңгіме өткізудегі маңызды нәрсе не болып табылады? Жас маманды сабақ түрлері және оның құрылымымен таныстырылды. Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б. Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б. Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б. Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында. Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында. Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында. Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында. Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау. Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту. Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету. Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру. Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау. Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру. Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру. Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру. Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту. Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту. Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау. Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар 1. Тақырыбы: 2. Мақсаты: а) дамытушылық ә) тәрбиелік б) жалпы білімділік 3. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру. а) ұйымдастыру кезеңі ә) тіл дамыту б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс в) бекіту г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек) д) балалардың жұмысын бағалау 4. Дидактикалық принциптер: 1. Жай және күрделі 2. Жүйелілігі 3. Белсенділігі 4. Білімділігі 5. Көрнекілігі 6. Коммуникативті бағдары 7. Даралап оқыту 8. Ана тіліндегі оқытылуы 9. Жеке дара оқыту Жас мамандарға психологиялық қолдау ретінде қате қадамдардан сақтандыратын бірнеше тыйым, жас мамандарға кеңес, ата- аналар жиналысына әзірлік және оны өткізу жөніндегі жаднама, Жас мамандарға арналған үлгі жаднама (қарым- қатынаста қыңырлық, ақаулықтары бар балаларға одан арылу үшін қалай көмектесуге болады?; үлгермеушіліктің психотерапиясы; балаларды қалай сөйлетуге болады?), өзін- өзі ашу тренингі жайлы мағлұматтармен таныстырылды. 2010- 2011 оқу жылында «1- қыркүйек Білім күні», «Ана- біздің күніміз» , «Наурыз- жыл басы», «Біз Отанның ұланымыз, біз Отанның қыранымыз», «Даярлықпен қоштастым, мектебіммен достастым» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Өзін- өзі тану, сауат ашу, математика, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарына қатысып отырамын. Сонымен қатар, Тәжит Манаттың № 2- 2011ж Бастауыш сыныпта оқыту журналына математика пәнінен «Ойлы болсаң,озып көр»,« □+5,□-5 » тақырыптарында өткізілген сабақ жоспары жарық көрді. Мектепалды даярлық сынып журналының № 4-5-2011ж «Ә дыбысы мен әрпі» сабақ жоспары жарияланды. Әдістемелік тақырып бойынша жинастырған материалдарымен танысып бір жылдық жұмыс қорытындысы жасалды. 2011- 2012 оқу жылында оқушылардың білім- білік дағдыларын әр тоқсан бойынша диагностикалау, жазба жұмыстарын жүргізу, дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жүргізу, интерактивті тақтамен жұмыс, жаңа технология түрлері мен элементтерін сабақта қолдану, баспаға материалдар жазуға, шығармашылық-әдістемелік тақырыпты қорытындылау жоспарланды. «Менің Қазақстаным- менің болашағым», «Берекелі алтын күз», «Елімнін еркіндігі- Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат», «Қош келдің, Жаңа жыл!», «Ана- біздің күніміз, біз- ананың гүліміз», «Наурыз- біздің Жаңа жыл!», «Көңілді старт» (ұландар мерекесіне орай), «Қоштасып даярлықпен мектепке кетіп барамыз» атты мерекелік тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Жас маман модулдік оқыту технологиясы бойынша қазақ тілінен, деңгейлеп оқыту технологиясын математикада, дамыта оқыту технологиясын ана тілі сабақтарында қолданып сабақтар өткізді. Ойын технологиясын және ертегі сабақтарында әр түрлі жаңа техникалық құралдарды пайдалана алды. 8- наурыз мерекесі қарсаңында мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды. 25-26. 11. 2011ж Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған «Үш тұғырлы тіл: Бүгіні мен ертеңі. Республикалық ғылыми- практикалық конференция» жинағында «Ана тілім- асыл қазынам» атты мақала, №6-7 2011ж мектепалды даярлық журналында «Даярлықпен қоштастым, мектебіммен достастым» атты тәрбие сағаты жарияланды. 17- 18. 05. 2012ж Астана қаласында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған «Жаһандану үдерісі контексінде педагогикалық білім беру жүйесінің дамуы» атты педагогика кафедрасының 50 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясында «Халық ертегілерін оқыту әдіс- тәсілдері» мақаласы жарық көрді, сертификатпен марапатталды. Әдістемелік бірлестікте «Мектепалды даярлық сыныптарындағы ойын технологиясын қолдану жолдары» атты әдістемелік тақырыбын қорғады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер- бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» - деген болатын. Нағыз мұғалім болу- үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндері білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттері білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма? Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Мен Тәжит Манат педагог, жазушы Мағжан Жұмабаевтың: «Мектептің қаны бір, жаны бір жолбасшысы- мұғалім»- деген ұлағатты сөзіне лайық ұстаз болатына сенемін. | |
Просмотров: 22462 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|