Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Тәрбиелік шара тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»
Тәрбиелік шара тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Шара түрі: Топтық сайыс
Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал-мәтел, суреттер.
Шаттық шеңбері
Мұғалім: - Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Оқушылар: - Сәлем саған алтын күн,
Сәлем саған жер ана.
Сәлем саған достарым,
Сәлем саған ұстазым!
Мұғалім: - Көңіл күйлерің жақсы ма?
Оқушылар: - Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
- Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бәрің әдемі болып кетіпсіңдер. Мынау менің қолымдағы сақа жай сақа емес, естеріңде болса, Данышпан ата сендердің білімдеріңе риза болғандықтан сыйға тартқан «сиқырлы сақа». Әрбірің осы «сиқырлы сақаны» ұстап, өз достарыңа, құрбыларыңа, сыныптастарыңа адал ниеттеріңмен әдептілік-әдемілік туралы жақсы тілек айтсаңдар, сол тілектерің орындалады.
Ендеше, «Алтын сақа» ойынын ойнайық!
- Кәне, бәріміз бір-бірімізге жақсы тілек тілейік!
- Әдепті бол!
- Мейірімді бол!
- Кішіпейіл бол!
- Қамқоршы бол! т.с.с.
Ендеше:
Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал бұлақтай мөп-мөлдір таза болғым келеді.
Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді,
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде – кісі болғым келеді.

Мұғалім: Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім-қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы –жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп , кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау- жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Сені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды сыйла.
Әке – асқар тау,
Ана – аққан бұлақ,
Бала – бауырындағы құрақ.
Мен де сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата-анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін.
Бүгін, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» топтық сайысын өткіземіз, әділ қазыларымызды сайлап алайық
1 топ: Әдептілер
ІІ топ: Ізеттілер
ІІІ топ: Кішіпейілділер
1 –тур: Әдеби монтаж
2 –тур: Мақал-мәтелдер сайысы
3 – тур: Пікір сайысы (педагогикалық ситуация)
4 – тур: Ойындар ойнату
1. Не істеуге болмайды?
2. Не істеу керек?
5 – тур: Капитандар сайысы
6 – тур: Ақылдыдан шыққан сөз
І – тур: Әдеби монтаж
1 оқушы: Атаң болса анаңмен-
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды-
Ешкімнен кем болмадың.

Інің болса жанашыр-
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл
Өкпе, бауыр, жүрегің.

Не қасиетсіз?
Бал салмаса – ара қасиетсіз,
Жанбай қалған шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса – бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса – дана қасиетсіз.

Көк шықпаса – жер қасиетсіз,
Ойсыз болса - ер қасиетсіз,
Жылу болмаса – түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса – жігіт қасиетсіз.

Ақылдыдан шыққан сөз

Ұл – қызың өссе, масыл боп,
Жүретін жолың тарылар.
Ұл – қызың өссе, асыл боп,
Іздеген жоғың табылар.
Жақсының ісі – береке, құт әкелер.
Жаманның ісі – келеке, жұт әкелер.

Бетімен кетсе, ұл – қызың,
Арыңа түсер дақпен тең.
Жолыңа қақпан құрғыздың,
Жамандық етер жатпен тең.

Үлкенді сыйлағаның,
Өзіңе құрмет жинағаның.

Үлкендерді сыйлайтын,
Кіші қамын ойлайтын.
Сүймейтін жат әдетті,
Бауыржандай досым бар,
Өзі сондай әдепті.

Ата сөзі – қасиетті, киелі,
Ата сөзі – жанға жылы тиеді.
Ата сөзі – өміріме өнеге,
Ата сөзі – тек шындықты сүйеді.

Жақсы перзент марқайтар,
Жаман перзент қартайтар.

Дөрекі сөз айтпаңдар,
Жақсы істі жақтаңдар,
Сыйлап сынып қыздарын,
Әдепті бола бастаңдар,
Бүгіннен бастап бар бала,
Үлгілі мінез көрсетсін,
Сынайын достым досыңды-ай,
Мін түзейік, осылай.
Мен әдепті баламын
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын.
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.

Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге бөлейтін.

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Үй тазалап жинаймыз біз,
Біз қолқанат баламыз.
ІІ – тур: Мақал – мәтелдер сайысы
ІІІ – тур:Пікір сайысы
1. Педагогикалық ситуация
Топтық төбелес болып жатыр, ағасы інісін байқап қалып (оны қатты соққан): - Әй, мұрынбоқтар, жаппай менің ініме тиіскенді көрсе - тейін... Мә, саған, пәле... деп бір–соққыға екеуін жықты. Сосын інісіне – жүр үйге, жуынайық, былай-былай тұмсықтан дұрыстап ұрмайсың ба? - дейді.
Осы миниатура жөнінде Сіз аға ретінде өзіңізді қалай ұстар едіңіз? Пікірлеріңіз...
2. Педагогикалық ситуация
Екі бала кездесті. Бір бала біреуіне күш көрсетіп, «екінші рет айтыл –ған ақшаны әкелмесең, мен саған көрсетемін» - дейді. Оның үстіне ағасы келіп қалды.
- Не үшін? – деді.
- Біз анада күш сынастық, ол жеңіліп қалды, енді 200 теңге ақша әкелуі керек,-деді. Ағасы:
- Ол дұрыс екен, жеңілдің бе, төле онда! Бар,бар жылтырат табаныңды,-деді де құйрықтан бір теуіп жіберді.
Осы ситуация жөнінде Сіз ағасы болсаңыз не істер едіңіз? Пікірлеріңіз.
3. Педагогикалық ситуация
4 сыныпта оқитын бала бір қыз баланың сумкасын лақтырып, өзін жылатып қойды. Қыз бала ұрған баланың ағасын көріп: «Сәкен аға, сәкен аға, тоқтатыңызшы анау Маратты, сіздің ініңіз мені мазақтап, «кетші»деп едім, мені ұрды... «Қой» деп айтыңызшы!»
Сәкен (ағасы)
- Не, мазақтаса, сен де мазақта, не, ұрса, көзің шығып, қолың сынды ма? Сонша айқайлап, бар, баршы өзің, жабысқақа пәлесің ғой.
Осы ситуация жөнінде Сіз не айтар едіңіз? Пікірліріңіз...

Ән – шашу: мен әдепті баламын

4 – тур. Ойындар ойнату
1. Не істеуге болады?
2. Не істеу керек?

5 – тур: Капитандар сайысы
1. Дер кезінде тамақтан, Оқуда зейінді бол,
Кешікпей кел ... (сабақтан) ... бейімді бол. (еңбекке)

2. Кір шалмасын беттерін, Алдын тосып дүкеннің,
Таза болсын ... (дәптерің) Жолын кеспе ... . (үлкеннің)

3. Мәңгі есте сақта, Жұлқылама бұтақты,
Көптің жолын ... .(кеспе) Жұлқылама ... . (кітапты)

6 – тур: Ақылдыдан шыққан сөз
1-топ: Бетімен кетсе, ұл – қызың,
Арыңа түсер дақпен тең.

2-топ: Үлкенді сыйлағаның, 3-топ: Жақсы перзент марқайтар,
Өзіңе құрмет жинағаның. Жаман перзент қартайтар.

Қорытынды
1. Әділ-қазылар шешімі
2. Мен әдепті баламын
Категория: Школа, как она есть | Добавил: GulnarMussayeva (2012-11-23)
Просмотров: 16872 | Рейтинг: 2.7/6
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:03 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru