Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы.
Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы.
Мақсаты: балалардың «сыйластық», «достық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
- Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа, «алтын сақа», суреттер топтамасы, таблица.
Шаттық шеңбері
• Сәлемдесу . Сәлем саған алтын күн,
Сәлем саған жер ана.
Сәлем саған достарым,
Сәлем саған ұстазым.
• «Алтын сақа» - ойыны. Данышпан атайдың сиқырлы «алтын сақасымен» әркім өз жанұясына өз тілегін айтсын.
- Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін.
- Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін.
- Мен шаңырағыма бақыт тілеймін.
- Мен шаңырағыма сыйластық тілеймін.
- Мен шаңырағыма ізгілік тілеймін және т.б.
• «Мен қазақ баласымын» атты өлеңін айту. Е.Өтетілеуов
Бұтағы- бабасының, Жерінде – бабасының.
Ұрпағы - атасының, Елінде - атасының,
Шуағы – әжесінің, Көңілінде – әжесінің,
Тұяғы – әкесінің, Қолында – анасының,
Тілегі – анасының, Жолында – ағасының,
Тірегі – ағасының, Төсінде даласының,
Түлегі – даласының, Тапқан өз жарасымын,
Дарытқан бар асылын, Мен – қазақ баласымын!
Мен қазақ – баласымын.
Әңгімелесу
• Бір шаңырақ астында тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айтып беріңдер.
• Өз отбасыңның сыйластығы туралы айтып беріңдер.
- Ия, дұрыс айтасыңдар балалар, бір шаңырақ астында тұратындардың бір-біріне сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы, бір-бірімен ынтымағы, татулығы, бірлігі шаңырақ жарастығын құрайды.

Мәтінмен жұмыс
Сүйіспеншілік
А.Асылбеков
• Кідіріспен, сұрақ қоя отырып, әңгімелеу.
• Әр топ кезекпен әңгімелеу
• Сұрақ – жауап
- «Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, сыйластық та, ынтымақ та, береке де байлық та болады.
• Көрініс қою.

Сергіту сәті
Билеуге тұра қал, Қолмен соқ, Аяқпен соқ,
Бір-біріңе иіле қал. Қолмен соқ. Аяқпен соқ.
Билеуге тұра қал, Тағы бір рет, Тағы бір рет,
Бір-біріңе иіле қал. Соқ та соқ. Соқ та соқ.

Топпен жұмыс
• «Күн шуағы» - ойыны

• «Мерекелік кесте» - жасау
- Балалар, әр күнді (үйдегі, сыныптағы, мектептегі) ұмытылмас мереке етіп өткізуге болады. қалай дейсіңдер ғой? Ол үшін мынадай мерекелік кесте жасап алу қажет деп ойлаймын.

Күн атауы Мерекелік іс - шаралар
Дүйсенбі
«Күлкі күні» - Әр адам бұл күні шаңырағында, сыныбында біріне-бірі күле қарап, қалжыңдасып көңілді әңгімелер айтады.
Сейсенбі
«Тосынсый күні» - Бұл күні бір шаңырақ астында тұратындар бір-біріне тосын сый дайындап қуантады. Мысалы: қолдан жасалған бұйым, мерекелік ас, т.с.с.
Сәрсенбі
«Еңбек күні» - Бұл күні бір шаңырақ астында тұратындар бірлесе еңбек етеді. Мысалы: ағаш отырғызады, көршілеріне, достарына көмек береді.
Бейсенбі
«Тазалық күні» - Бұл күні аты айтып тұрғандай, шаңырақ іші, айналасы мұнтаздай етіп тазартылады.
Жұма
«Интеллектуалды орта күні» - Бұл күні шаңырақтағылардың бәрі бір жерге жиналып қызықты кітаптар оқиды. Барлығы бірлесе бір кітапты оқып талдау жасауларына болады. Интеллектуалды ойындар ұйымдастырады. Мысалы: «Ғажайып алаң», «Алтын дала» ойыны және т.б.
Сенбі
«Патшалық күн» - Бұл күні шаңырақта үлкен ерекшелік болуы керек. «Шаңырақ патшалығын» орнатып өзара қарым-қатынастарында бір-біріне сыпайылық, әдептілік, ізеттілік көрсету қажет. Мысалы: «Мәртебелі патша», «Мархабат», т.с.с.
Жексенбі
«Жұлдызды күн» - Бұл күні бір шаңырақта тұратындар кешке қарай сыртқа, аулаға, көшеге шығады. Жұлдызды аспанға қарап өздерінің тілектерін тілейді. Бірлесе ән салып, би билейді.

- Тапсырманы орындап болған соң, әр топ талдау жасайды.
- Міне, көрдіңдер ме, балалар, шаңырақта көңілді де қуанышты, қызықты да жақсы өмір сүру өз қолымызда.
• «Кім зейінді?» - ойыны
Суреттер топтамасын тарату
1. Суреттер топтамасын қарай отырып, әр суретті ретімен қою.
2. Сурет бойынша мәтін құрастыру.
3. Мәтінге ат қою.

Дәйексөз
«Шаңырақ сәні – сыйластық»
- Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.

Қорытынды
«Мен әдепті баламын»- өлеңін айту

Жүректен жүрекке
- Мен сендердің шаңырақтарыңа шын жүрегімнен бақыт, сүйіспеншілік тілеймін.
Ал сендер де өз достарыңның шаңырағына жақсы тілектеріңді айтыңдар.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: GulnarMussayeva (2012-11-23)
Просмотров: 3412 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru