Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

«Жасай бер, гүлдене бер тәуелсіз Қазақстан!»
Тақырыбы: «Жасай бер, гүлдене бер тәуелсіз Қазақстан!»
Мақсаты:
1. Қазақ елінің өткен тарихын оқыта отырып, егеменді еліміздің
болашағы мен бүгінгі күннің жетістіктеріне тоқталу,
республикаға арналған өлең – жырларды үйрену.
2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға,
тұжырым жасауға дағдыланып, есте сақтау қабілеттерін
жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.
3. Оқушыларын отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1. «Жасай бер, гүлдене бер тәуелсіз Қазақстан!»атты плакат
2. «Желтоқсан жұлдыздары» (суреттер)
3. «Мен елімнің болашағымын» атты газет
4. Тәуелсіздік шежіресі
Барысы:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің тарихында сан – қилы өмірді басынан өткізді. Соның бірі Алматыда болған жастар көтерілісі.
17 желтоқсан күні алаңға барлығы 200 – 300 адамдай жастар жиналды. Қолдарында «Қазақстан жасасын!», «Әр республикаға өзінің басшысы» - деген жазуларын ұстап шеруілге шыққан еді. Бұдан кейін алаңға жиналғандардың саны 5 мыңнан асты. Оларды тоқтату үшін милиция мен әскери қарулы күштер қатысты.
Осының нәтижесінде 707 адам жазаланып, 1400 адамға қатаң тәртіп орнатса, 99 адам сотталып, екеуі өлім жазасына кесілді.
Міне, 1986 жылдың 16 желтоқсаны қан төгіс, қайғылы күн болса, бүгінде 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі. Бұл күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама қазақтың ұлдары мен қыздарының қанымен, жанымен келген күн. Олар тәуелсіздік үшін күресті.
Сол алаңға шыққан жастар туралы ойымызды ортаға салайық.
1. Ақбота (Ләззат)
Әскери адамдар жаралы қыз – жігіттерді бір – бірлеп әкете бастайды. Осы кезде шашы жайылып кеткен қыз былай деп айқайлайды:
- Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар, шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға!
Осы кезде милиционер қыздың көк желкесінен ұрып қалады.
Бұл жас қыз Алматы музыка училищесінің студенті – Ләззат Асанова еді. (Ләззаттың суретін іледі)
2. Еркежан (Ербол)
Желтоқсанда өз өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы өз елінің болашағы үшін, тәуелсіздік туын тігу үшін өзінің жас өмірін қиған тәуелсіздік қарлығаштарының бірі – Ербол Спатаев еді. (Ерболдың суретін іледі)
3. Аружан (Сәбира)
Желтоқсан оқиғасында азаттық жолында қазақтың жас өрімдей қыздары өз өмірлерін қиған. Солардың бірі біздің жерлесіміз Өскемендік Сәбира Мұхаметжанова. Ол өз құрбыларымен Алматыдағы шеруді естіп 22 желтоқсанда Өскемен қаласында жиналып, алаңға шыққан еді. (Сәбираның суретін іледі)
4. Бекболат (Қайрат)
Желтоқсан оқиғасының қатал қаһарына ұшыраған қыршын жас, от тілді, қайсар ақын – Қайрат Рысқұлбеков еді. (Қайраттың суретін іледі)
5. Әділет
Қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков1987 жылы 16 маусымда ату жазасына кесілді. Кейіннен оған кешірім жасап, жазаны 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. Ол жазасын Семей түрмесінде өткізіп, 1988 жылы 21 мамырда жарық дүниемен қоштасты.
6. Ерасыл (Ескерткіш)
1992 жылы 21 ақпанда ақталып Халық қаһарманы атағы берілді. Бүгінгі таңда Семей қаласында ағамызға ескерткіш қойылған. Бұл ескерткішке жыл сайын желтоқсан жұлдыздарын еске алып, гүл шоқтарын қояды.
7. Динара
Міне, біз тәуелсіздікке осындай қайсар да, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында жеттік.
2006 жылы 18 қыркүйекте Алматыда желтоқсан оқиғаларына арналған «Бостандық шұғыласы» ескерткіші ашылды. (Ескерткіш ашылады)
Мұғалім: Сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық. (Гүл шоқтарын қою)
- Міне, балалар, бұл ағаларымыз бен апаларымыздың ерліктерін мәңгі есте сақтай отырып, тәуелсіздігіміз баянды болсын деп, ел басына мұндай қатыгез, қаралы күндер төнбесін деп тілейміз.
- Міне, осы оқиғадан кейін аңсаған, армандаған тәуелсіздікке жетіп, егеменді ел атандық. Сол күннен бастап көптеген жетістіктерге жеткенімізді тыңдайық.( Тәуелсіздік шежіресіне кезекпен іледі)

1991 жылы 2 қазанда – Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
1991 жылы 1 желтоқсанда – Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 16 желтоқснада – Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жарияланды.
1992 жылы 2 наурызда – Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада – Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – теңге айналымға енді.
1994 жылы – Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
1995 жылы 30 тамызда – Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.
1996 жылы 30 қаңтарда – Қазақстанның екі палаталы тұңғыш парламенті өз жұмысына кірісті.
1997 жылы 10 қазанда – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы жарияланды.
1998 жылы 6 мамырда – Елбасының жарлығымен Ақмола қаласы-Астана деп аталатын болды.
1999 жыл – Білім заңы қабылданды.
2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланды.
2001 жылы – Тәуелсіздігімізге 10 жыл болды.
2002 жыл – «Денсаулық жылы» болып жарияланды.
2003-2005 жылдар аралығы – Ауылды дамыту жылдары.
2005 жылы 4 желтоқсанда – Қазақстан халқының Президентін сайлау болды.
2006 жылы – Тәуелсіздігімізге 15 жыл. Төл теңгеміздің жаңа нұсқасы айналымға енген жыл.
2008 жылы – Астанамызға 10 жыл.
2011 жылы – Тәуелсіздігімізге 20 жыл.
Мұғалім: Міне балалар,біз осы 21 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізгенін көрдік, әлі де көптеген жетістіктерге жетеріміз анық.
Ән: Атамекен
Мұғалім: Біз тәуелсіз елміз деп айтамыз. Осы тәуелсіз елдің ертеңі, болашағы мына отырған сендерсіңдер.
Қазақтың көк байрақты туын бүкіл әлемге желбіретіп, әнұранын шарықтату, аңсаған арманымызға қол жеткізіп, тәуелсіздіктің туын желбірету- келешек ұрпақтың қолында.
Ал енді сендер осы Қазақстанның болашағын қалай елестетесіңдер?
(Оқушылар өлең жолдарында айтылған мамандық иелерінің суреттерін «Мен- елімнің болашағымын» атты газетке іліп отырады)
Ә, мен үлкейіп, өсіп – толамын,
Сонда осы өзіміздің қаланың
Бөбектерін оқытып, үйрететін
Мұғалима боламын.

Таудай үлкен талабым
Бармақтай ғана баламын.
Космосты барлайтын
Мен де ұшқыш боламын.

Ал мен өскенде байлығымыз мұнайды өндіріп, еліме үлес қосамын.
Мәңгі оттан аумайтын
Қызыл өрттей қаулайды!
Көгілдір газ лапылдап,
Жалын болып лаулайды
Мұнайшы мен болмақпын.

Мен болашақта халқымыздың денсаулығын нығайтқым келеді.
Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың.
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын.

Мен құрылысшы боламын
Ағаштан есік, терезе шабамын.
Содан соң қолыма ағаның
Аламын да қалағын,
Осы қалаға
Зәулім үйлер саламын.

Ал, мен шахтаға барамын,
Көп-көп көмір қопарамын.
Сөйтіп вагонға тиеп,
Зауыттарға апарамын!
Мен де шахтер боламын!
- Міне, балалар, болашақта тәуелсіз Қазақстан одан әрі гүлденіп, мықты мемлекетке айналады деп сенеміз. Ол үшін:
- Елімізге тыныштық
-Халқымызға тыныштық
-Мықты экономика
- Білімді, саналы жастар
-Елімізге бірлік, татулық қажет екен

Біз бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекетпіз деп нық сеніммен айта аламыз.
- Ал, балалар, сонымен тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
(оқушылар өз ойларын айтады)
-Дұрыс, ендеше тәуелсіздік дегеніміз:
Өзіңдікі- Елің де
Өзіңдікі- Жерің де
Өзіңді өзің еткен бақ-
Тәуелсіздік төріңде!
Асқар тау да-сенікі,
Бақша бау да- сенікі
Қылтқысыз дос пенен
Қатал жау да-сенікі.
Орыс, ұйғыр, неміс те
Үміт қосып жеңіске-
Жұдырықтай жұмылды
Келешекке кең іске
Өзіңдікі-Туың да
Отпен ауа суың да
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Мұғалім: Балалар, біз тәуелсіздік алғаннан кейін осындай жетістіктерге қол жеткізген екенбіз. Біз Қазақстанды ғажапстан деп атауымызға бола ма?
-Иә, себебі, Қазақстан- өркениеті, дамушы, жас мемлекет. Небәрі 21 жыл ішінде мемлекетіміз биік шыңдардан көрінуде. Ендігі кезекте елдің тәуелсіздігін сақтау мына отырған сендердің қолдарыңда. Ата-бабаларымыз мұраға қалдырған осынау ұлан-байтақ жерге ие болу үшін жас ұрпақ дені сау, білімді, мәдениетті, тәртіпті, өз елін қорғай да, қолдай да білетін азамат болып өсуіміз керек.
Ән: Біз бақытты баламыз.( өлең соңында оқушылар қолдарындағы шарларын ұшырады)
Категория: Школа, как она есть | Добавил: kamiliya (2012-12-31) | Автор: Сламбекова Саулеш Тлековна E
Просмотров: 3597 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 10:08 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru