Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Барысы: Мұғалім: - Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушыболып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын! І бөлім 1.Көз салып қараңызшы боймызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. 2.Өтті оқу сан сабақ Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достассақ, Әліппемен қоштассақ, Өсті білім, бойымыз. Құтты болсын тойымыз. 3.Армысыңдар, аналар! Бармысыңдар, балалар! Сөзіме құлақ салыңдар, Бір серпіліп қалыңыз! Әліппеге арналмақ, Бүгінгі жыр-әніміз! Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл-ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашар- Ол сүйікті – Әліппе! Ол сүйікті – Әліппе! Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! Әліппе: Армысыңдар жас достар! Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаңа. Мерекеңмен құттықтаймын Бүлдіршіндер, балғындар! Жақсы білім көрімдік, Болсын сізге халайық. Не үйреніп, не білдік, Қане, ортаға салайық! 4. Ең алғаш алғанымда Әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді? Ұстазым оның кілтін алып берді. 5.Достастырған өзіңмен, Ұстазыма мың алғыс. Иландырған сөзіне, Қамқоршыма мың алғыс. 6.Арналады ұстаздарға, Құрмет деген, төр деген. Біздің елде адам бар ма, Ұстаз алдын көрмеген? 7.Атағым Алатаудай болып биік, Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп. Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп. Хор: «Мұғалім –ол біздің» 8. Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады. 9.Алфавиттің «А» тұрады басында, Әрқашанда «Ә» тұрады қасында. Байқадың ба «Б» тұрады үшінші, Ал осының сыры неде түсінші. «А» деген ол - аналар ғой ардақты, «Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты, «Б» деген ол-балалар ғой әдемі, Біздің елде үшеуі де кәделі. Алшақ кетпей... Сондықтан да расында, Тұрады олар алфавиттің басында. Көрініс: «О, қорқайын мен неге?» 10.Баланың да тірегі, Дананың да тірегі, Шаншылмасын ешқашан, Аналардың жүрегі. 11. Ақыл құйған санама, Күннен де артық расында. Күн-алыста, ал анам, Ылғи менің қасыма. Ән: «Апа, туған күніңмен!» Нұр Аружанның орындауында. 12.Ана! Ол-біздің елде ардақты адам, Кіші де, үлкен де оны ардақтаған. Өзінің аяулысы Отанды да, «Ана» деп біздің халық текке айтпаған. 13.Отанды жас-кәріміз де, Туған жер деп сүйеміз. Өйткені онда бәрімізде, Туып, өмір сүреміз. 14.Халқымыздың анасы, Атасы- ол, данасы. Көз жетпеске көсілген Қазақстан даласы. Хор: «Отан- біздің әніміз» Көрніс: Жетпіс пен жеті. 15.Білім алып мектепте, Талай пәнді оқимыз. Мұғалімнің айтқанын Зердемізге тоқимыз. 16.Білімнің көзі – мектебім, Жарқыраған күнмен тең. Сыңғырлаған қоңырау, Сиқырлы, сырлы үнмен тең. 17.Тәрбиесі жақсы – игі, Аяулы менің мектебім. Шәкірт деп соққан жүрегі, Ұстаздарым көп менің. Хор: «Сәлем саған мектебім!» 18.Әліппе- білім анасы, Әліппе- кітап данасы. Әліппе бетін ашпаған, Адамның бар ма баласы?! 19.Әліппем, менің Әліппем, Сені қолға алып мен, Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. 20. Ашыла берді алдымнан, Кең дүниенің есігі. Соғылған сандар алтыннан, Әліппе – білім бесігі. 21. Әліппе деген алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол, Тырмысып бақ намысқа. 22.Оқуды көп ойладық, Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Сауат аштық тойладық. 23. Қош бол, құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің. Әліппе: - Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға математиканы шақырайық. - Математика: - Математика-ғылымдардың атасы деген. Мен сендерге санауды,есептеуді үйретемін. Сендер санауды жақсы игердіңдер ме? (Санамақ айтқызу. Математикалық есептер шығарту. Математика сабағында үйренген сергіту сәтін жасау.) Әліппе: - Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық. Ана тілі: - Сәлематсыздар ма, балалар? Туған елдің тілімін, Ақылымен танылам. Түсіндірер бәріне Ана тілі мен болам. Ана тілің- арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілідің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін. Әліппе: - Әліппенің бетін жарық ет, Ұл-қызды түгел білімді ет! Келесі оқу жылына, Аман-есен түгел жет! «5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! Әумин! Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! Бәрі: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе! Хор: «Әліппе» 24.Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға Ана тілін аламыз. Ана-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз! ІІ бөлім 1. Араб биі Орындайтындар: Ақболат Әсел, Қожамқұлова Ләйлім 2. «Шалқан» ертегісінен көрініс 3. Вальс «Мектебім, аяулы мектебім» ІІІ бөлім Мектеп басшылары мен ата-аналарға сөз беріледі. Мұғалім: - Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар! | |
Просмотров: 3604 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|