Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру.
№ 81 орта мектеп
Сарсембаева Үмітжан Қанафияқызы
Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру.
Оқушылардың жазу сауаттылығын қалай арттыруға болады? Бұл қиындық барлық мұғалімдерді толғандырады.
Осы тақырыптың мақсаты: оқушыларды сауатты жазуға, дұрыс оқуға, өз ойын қатесіз жазып жеткізуге дағдыландыру.
Міндеті: жаңа технологияларды пайдалану, дидактикалық материалдармен жұмысты жиілендіру.
№ Оқушыда кездесетін қиындықтар Қиындықтың болу себебі Қиындықты шешудің жолдары
1 Сөздерді қатемен жазу Сөзді дұрыс буынға бөлмегендіктен Сөздерді доғамен буынға бөліп үйрену, ойын әдістерін қолдану
2 әріптерді дұрыс айтпау Тілдің нашар дамуынан Жаңылтпаш оқу, жаттау, диктант түрлерін жазу
3 н,ң дыбыстарын шатастыру н,ң дыбыстарының жасалуында тілдің атқаратын қызметінің мңызын білмеу Шығармашылық диктант жұмыстарын жүргізу
4 Сөзді дұрыс тасымалдамау Тасымалдың буын жігінен болатынын білмегендіктен Жаттығу жұмыстарын түрлендіру

Осы қиындықты шешудің жолын іздей келе басты мәселе – сөзді дұрыс буынға бөлмеуден деп шештім. Буын тақырыбын дұрыс меңгермеген оқушының оқу дағдысы төмен болады және сауатсыз жазады.
Буын тақырыбын бағдарлама бойынша өтіп қана қоймай, күнделікті әр сабақта қайталап, түрлі жұмыстарды жасап отырамын.
Буынды дұрыс игермеген оқушы жазу жолына сыймайтын сөзді дұрыс тасымалдамайды немесе сөзді келесі жолға жазады. Мысалы: көг- ершін, көгерш-ін деп тасымалдайды. Бұл қателіктерді жою үшін мына жұмыс түрлерін жүргіздім. Мысалы, әр сабақта жаттығу жұмысынан кейін міндетті түрде оқушы сөйлем ішіндегі сөздерді доғамен буынға бөледі. М ысалы: Әсем әдемі шәлі тоқыды. Бұл жұмыс түрін өз бетінше іштей орындауға және дауыстап орындатуға болады. Осы жұмыс нәтижесінде оқушы дұрыс буынға бөліп жазуды үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар дұрыс оқуға машықтанады. Тасымал тақырыбын өткенде «Кодталған сөзді тап» ойын тәсілін қолдандым. Кестеге алфавит бойынша әріптер жазылады. Бала тігінен және көлденеңінен жазылған сандарды сәйкестендіріп жасырын сөзді код арқылы табады және сол сөзді әр түрлі тәсілмен тасымалдайды. Бұл жұмыс оқушының ізденушілік қасиетін дамытады, әрі табылған сөзді дұрыс тасымалдауға белсендіреді.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1 а ә б в г ғ д е е ж
2 з и й к қ л м н ң о
3 ө п р с т у ү ұ ф х
4 һ ц ч ш щ ъ ь ы і э
5 ю я , . ? «» !

1,7; 3,7; 2,4; 1,8; 2,8; 4,4; 4,9 (дүкенші)
Тасымал: 1) дү- кенші
2) дүкен- ші

Жазба жұмысы сөз бен сөзді, сөйлем ішіндегі сөздерді байланыстыру, өз ойын қатесіз жазып жеткізуге үйретудің ең тиімді жолы болып табылады. Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру мақсатында оқулықтағы әр жаттығудан кейіноқушының жас ерекшелігіне сай тапсырмалар беремін. Қазір көбінесе н, ң дыбыстарын ажырата алмау көп оқушыда кездеседі. Сол себепті мына жұмыс түрлері қиындықты шешудің бір түрі болып табылады.
Үлестірмелі қағаз: н, ң әріптерінің тиістісін қой.
А....., ша......, ша....а, жа....а.
Ұйқастырып жаз.
Өз күнін өзі көретін, Қадірлейтін, қастерлейтін
Ол жабайы ......... Ас атасы - ...................
Сонымен қоса н, ң дыбыстарының айтылыуындағы тілдің атқаратын қызметін дұрыс меңгерту жұмысы үлкен рөл атқарады.
Сауатты жазуға бағыттаудың тағы бір түрі сөзге дыбыстық талдау жасау. Дыбыс түрлерін ажырата білмегендіктен әріп тастау, әріп айырбастау қателіктері кетеді.
1- сыныпта дауысты әріптің астын бір сызықпен, дауыссыз әріпті екі сызықпен сызу жұмыстары жүргізілсе, 3- сыныпта дауыссыз дыбыс түрлерін анық ережеге сүйеніп ажырату керек. Мысалы: оқушы «у» әрпінің қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын меңгергеннен кейін іс жүзінде дұрыс қолданып, ережеге сүйеніп дәлелдей алуы керек және сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынына көз жеткізеді. Мысалы: ауыл – 4 ә, 4 д, 2 д-ты, 2- д-сыз, 2 б.
а- дауысты, жуан
у-дауыссыз, үнді
ы- дауысты, жуан
л- дауыссыз, үнді
Жұмыстың бұл түрі бастауыш сыныптан бастап сауатты жазуға дағдыланумен қоса оқушыға 5- сыныпта кездесетін қиыншылықты жеңуіне де әсерін тигізеді.
Оқушылардың сауаттылығын арттыруда ойын элементтері де оң әсерін тигізеді. Мысалы, соңғы буынды тап, бір буынды сөздер жаз, буындардан сөз құрап жаз т.б.
шы лық ба (балықшы), шақ ыр қу (қуыршақ).
Сауатты жазу қабілеті әсіресе жазба жұмыстары кезінде жүзеге асырылады. Қазақ тілі сабағында күнделікті диктант түрлерін: сөздік диктант, көру, есте сақтау, теру, шығармашылық диктант жаздыру тиімді. Әр диктант түрлерін жазғаннан кейін кесте сызылған карточка таратылып, оқушылар өз қате жіберген сөзін жазып, жанына дұрыс жазылу түрін жазады. Бұл оқушының өз қатесін түзетуге және неліктен қате жібергенін, қай ережені дұрыс қолданбағанын саралап, келешекте қате жібермеуге тырысуына әсерін тигізеді.
Қате жазылған сөздер Сөздің дұрыс жазылу тәртібі


Басында айтылған жұмыс түрлерін өз тәжірибемде қолданып біршама жетістікке жеттім. Төменгі көрсеткіш өз шәкірттерімнің жазба жұмыстарындағы сауатты жазудағы білім деңгейінің өсу шамасын көрсетеді.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Umit (2013-01-29) | Автор: Sarsembayeva Umitzhan E
Просмотров: 5402 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 11:39 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru