Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе қаласы. Өткізген: Қадірбек Ақнұр Тобы: Ересек тобы Тақырыбы: « Дені саудың жаны сау». Мақсаты: Балалардың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, спортпен дос болуға баулу. Балалардың бойына шапшаңдылық, тазалық, имандылық тәрбиесін қалыптастыру. Сөздік қорларын байытып өз ойларын толық әрі мәнерлі етіп жеткізуне тәрбиелу. Тәрбиеші: Балалар бір - біріміздің қолымыздан ұстап,бір - біріміздің көзімізге қарап, күлімдеп, денсаулық тілейік. Балалар:Тілейді Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Қыс мезгілі Тәрбиеші:Қыс мезгілінің қандай айы? Балалар:Қыс мезгілінің қаңтар айы. Тәрбиеші:Аптаның қай күні? Балалар:Жұма күні Тәрбиеші:Жақсы балалар,олай болса бүгін бізде «Дені саудың – жаны сау» деген тақырыпта жарыс өткіземіз.Енді екі топқа бөлініп топ басшыларын сайлап алайық. 1-ші топ 2-ші топ Әділ қазылар алқасы: 1 2 3 Тәрбиеші:Жарысуға дайынбыз ба? Балалар:Дайынбыз. Тәрбиеші:Балалар онда бәріміз тақтаға қараймыз. Мынау «Сиқырлы түймедақ». Ол сиқырлы болғандықтан қалаған мезгілінде өсе алады. Түймедақтың әр бірі жапырағында тапсырмалар бар, қай топтың балалары тапсырманы өте жақсы орындаса сол топқа әділқазылар «5» деген баға қояды. Ал орташалау болса «4» деген бағамен бағалайды. Тапсырмалар: 1.Адам денесі неден тұрады? 2.Адамның жануардан айырмашылығы? 3.Мұрыны, көз,құлақ не үшін керек? 4.Микробтар дегеніміз не? 5.Микробтарды қалай жоямыз. 6.Тұмау неден пайда болады? 7. Дене бітіміміз әдемі болу үшін не істеу керек. 8.Партаға қалай отыру керек? Тәрбиеші:Өте жақсы балалар, Әділ – қазылар сендерді өздері бағалайды. Таң қалдыру сәті: Тәрбиеші:Балалар біреу есікті қағып тұрған сияқты, қарайықшы!. Балалар: «Кір қожалақ» Сәлеметсіздер ме балалар, Менің атым Гауһар.Мені балалар « Кір қожалақ» деп айтады.Ойнамайды, дос болмайды. Маған көмектесіңіздерші! Тәрбиеші: Гауһарға ақыл кеңес берейікші. Жансая: Үстін көрсең кірлеген. Айғыз – айғыз түр деген, Таралмаған шашы да, Барғың келмес қасына Мынау саған досым ау Тарап жүр күнде шашыңды. Әсемгүл: Сылдырлайды мөлдір су Мөлдір суға қолыңды жу Тазалықтың досы Су дегенім осы. Дәулет: Сабындаған кезіңде, Ашады көзіңді. Бола білсең төзімді. Тазалықтың досы Сабын деген осы. Ақерке: Ақ мамықтай түгі бар Қызыл – жасыл түрі бар Жұмсақтығы мамықтай Сүртесің жалықпай. Тазалықтың досы Сүлгі деген осы. Әділет: Қарсы ал ертең күн көзін, Төсегіңді жина өзің Салдыр салақ болмаған Саусағыңды свормаған Әдет қыл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді. «Кір қожалақ» Рахмет балалар. Мен бәрін түсіндім. Тәрбиеші: Ал , енді біздер сөзжұмбақ шешейік, қай топтың балалары шапшаң екен. Т А З А Л Ы Қ Балалар: шешеді. Тәрбиеші:енді балалар біздер «Пайдалы және пайдасыз» ойынын ойнаймыз.Ортаға 2 топтан 5 – 5 баладан шығады.Төрешілер сендерді бағалайды. Балалар: Заттардың ішінен денсаулыққы пайдалы және зиянды заттарды тауып түсіндіріп береді. Тәрбиеші: Балалар сендер білесіңдер қыс мезгілінде құнарлы тамақтармен қоректенуіміз керек .Мысалы көкөністер мен жеміс – жидектермен. Қазір екі топтан 3 – 3 баладан шығып салат дайындайды. Балалар: Дайындайды. Әділ қазылар алқасы екі топтың дайындаған салатын бағалап ұпай береді. Әділ қазылар екі топты шығарып,жеңген топқа сыйлық табыс етеді. | |
Просмотров: 2093 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|