Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Астана қаласы №48 мектеп-лицейі Аренова Жамила Сәбитқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Оқырман клубы» 7-сынып Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов Қаздар қайтып барады. Мақсаты: оқушыларға түрлі шығармаларды оқыта отырып, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру; шығармашылық қабілетін дамыту,ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдинетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту; туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту. Көрнекілігі: Жазушының портреті, күз тақырыбына сурет көрмесі, жазушының шығармашылығынан кітап көрмесі, түрлі слайдтар, автор және оралман қандастарымыз туралы бейне фильм, тақтада нақыл сөздер жазылған плакаттар,т.б. Барысы: Алдымен мағынаны ашу үшін шағын бейне фильм көреміз.Яғни қаздардың ұшып бара жатқандары туралы бейне көрініс. «Қаздар қайда ұшып барады?» атты кластер арқылы оқушылардың іс-шараға деген қызығушылықтарын ояту. Сонымен бүгінгі іс-шарамызда талданатын шығарма Қабдеш ағамыздың «Қаздар қайтып барады» атты әңгімесі екені анықталды.Осы жерде автор туралы бейне фильм көреміз. Мұғалім: • Қалай ойлайсыңдар әңгіме неге «Қаздар қайтып барады» деп аталады? Әңгіме не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар? • Сендер үйде кітап оқисыңдар ма? • Қай жанрдағы кітапты оқығанды ұнатасыңдар? • Осы әңгімені оқуға сендерге не себеп болды? • Осы жазушының тағы да қандай шығармаларын оқыдыңдар? 5- сыныпта оқыған «Қозыкүрең» әңгімесін еске түсіре отырып, екі шығарманың үндестігін табамыз. • Сонымен әңгіме немен басаталады? (Байтас қарттың сапар шегуіме). • Қарт қайда сапар шегіп келеді? • Оның арман- тілегі не? • Ол неліктен «бұл-менің ақырғы тілегім ғой» дейді? • Оның бөтен елге баруының себебі неде? Не үшін барған деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтады. Қосымша ақпараттармен дәлелдей отырып, тарихи оқиғалар туралы кең түсінік береді.) Мұғалім: Өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық – Қазақстан тарихындағы ең қорқынышты беттердің бірі. Биыл 1931-1932 жылдардағы алапат ашаршылыққа 80 жыл толғалы отыр. Бейнефильм. Жәния: Осы мұрағаттан алынған ақпаратта тағы да былай жазылған. 1930 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ Өлкелік комитетіне жазған ақпаратта Петропавл округіндегі кедейлердің ашығуы туралы былай делінген: «Булаев ауданының Александровка селосында кедейлердің 12 отбасы ашығуда. Селолық кеңестің хатшысының 12 тәулік бойы наны жоқ…. Округте өлексе жеу, аурулар мен ісінулердің көптеген оқиғалары анық¬талды. Бірнеше өлім оқиғасы бар …» 1929-1931 жылдардың өзінде Қазақстанда 80 мыңнан астам қатысқан 372 көтеріліс орын алды. Адамдар туған жерлерін тастап кетіп жатты. Бір жылдың өзінде ғана (1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейін) республика аумағынан 280 мыңнан астам шаруа қожалықтары негізінен Қытайға, Иранға және Ауғанстанға қарай ауып кетті. Ашаршылық жылдары 1 млн.130 мыңнан астам адам беті ауған жаққа көшіп кетті, олардың 450 мыңы ғана Қазақстанға қайта оралды.Осы жерде тақтадағы суреттерге оқушылардың көңілін бөлу. Мұғалім: • Қарт жолда қандай қиыншылықтарды бастан кешірді? • Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтады. Қосымша ақпараттар беріледі.Тарихи оқиғаларға тоқталып, кең түсінік беріледі.) Азамат: Мұрағатта сақталған хаттардың бірінде: «Апат дамып келеді… Әлсіреген адамдар жол бойына созылып жатыр және жолда қаза болуда. Тұрғындардың бір бөлігі Сібір өлкесіне кетті, қалғандары аштықтың қыспағында қалып ажал құшуда. …» делінген. Айта кету керек, 1932 жылы наурызда Орта Волга өлкесі мен Орынбор қаласы аумағына 50 мыңнан астам адам, негізінен қазақтар ауылдарға көшіп кетті. Олардың барлығы жұмысы, дүниемүлкі жоқ болғандықтан аштыққа ұшырап, қайыр сұрап жүрді. Олардың өлекселердің етін жеп, шөп тамырларын қазып пайдаланғандығы туралы оқиғалар орын алды. Айгерім: «Мұрағат-тарих айнасы», деп бекер айтылмаған.Сондықтан мен ғалам тор арқылы мұрағаттан мынандай ақпарат алдым. Түсі сарғайса да, мән - мағынасы сақталып қалған қағаз жүзіндегі мәліметтерге назар аударайық. Сәди Бітікенова деген көз көрген апайымыздың айтуы бойынша «Үйде мал жоқ, бірде аш, бірде тоқ күн кештік. Содан жан сақтау қамымен орыс жеріне қыстыгүні жолға шықтық. Жолда көп қиыншылықтар көрдік. Қырылған адамдарды көп кездестірдік. Сол өлген адамдарды аяқтарымызбен тарпып, көміп кете береміз. Содан ағаларым мені аман сақтау үшін орыс жеріне жақындаған кезде бір қойға бір малшыға сатып, кейін ес жиған соң тауып аламыз, деді де өздері қойдың етін алып, ары қарай жолға шықты. Осылайша олар орыс жеріне өтіп аман қалған», – деп еске алған екен. («Туған өлке. Тарих. Өлкетану. Мұрағат» журналы, 2009 жыл, №2-3.) Өткен ұрпақтың басынан кешірген нәубеттері, қиыншылықтары, кейінгі ұрпаққа тәрбие, сабақ болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен 1997 жыл «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы ретінде жарияланып, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Мұғалім: • Байтас қарт неге шекараны бұзып өтті? • Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы орлған еді? • Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар? • Әңгімені оқығанда, тыңдағанда ойларыңда не сақталып қалды? • Жазушы осы әңгімен туралы не айтқысы келді? • Әңгіменің маңыздылығы неде? • Туған жер топырағын аттаған қарттың сезім, сағынышы,қуанышын жазушы қалай береді? • Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? • Жолда көрген қиыншылықтары, 40 жыл күткені текке кетпеді.(Бейне фильм көру Р.Рымбаеваның «Атамекен» өлеңін тыңдау.Астана туралы бейне.) • Атамекен,отан ,туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? • Атамекеніне оралған қандастарымыздың арасында елге танымалдары бар ма? Айгерім: “Шіркін, елге жетіп құлау мен үшін арман, тап осы жерден атқа қонсам, бә¬рі кеудемде сайрап тұр, төтесінен тар¬тып, үш күнде кіндік қаным тамған жерге жетер едім”,- деген екен шет елде тұратын бір қандасымыз. Сөздің атасы-бірлік, анасы-шындық. Егер сол кезде ашаршылық болмағанда 40 миллионға жетіп қалуы мүмкін деп ойлаймыз. Тарихтың өткені мен бүгіні халқымыздың жүріп өткен жолы, басынан кешкен оқиғалары болашақ ұрпаққа үлкен сабақ болады. Себебі, тарихты білу арқылы болашақты болжаймыз, бүгінгі мен ертеңгі күнге баға береміз. Өз тарихынан нәр алмаған ұрпақ мәңгүрт болады. Сондықтан біз көрсеткен цифрлық көрсеткіш тек сандық өлшем ғана емес, ол бір халықтың тағдыры. Демографтардың есебі бойынша, осы екі ашаршылық болмағанда, қазақтың қазіргі саны 40 миллионға иек артатын еді. « Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монумент-мүсінінің жобасы қарастырылып жатыр. «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында алдағы 3-4 жылда облысқа 2200 оралмандар отбасы немесе 12-13 мың адам келеді деп күтілуде.Қазақ жетімін жылатып, жесірін қаңғыртпаған ел” деген түйінді сөзде шындық бар. Ашыршылық кезінде кеткен біздің бауырларымыз елге оралмағанмен, олардың балалары атамекеніне оралуда. Соңында Моңғолиядан келген оқушы Хымбатқа сөз беріледі.Хымбат Еліне келіп, үлкен жетістіктерге жеткен оралман қандастарымыз туралы айтып кетеді, өзі, отбасы туралы, елімізде қалай өмір сүріп жатқаны туралы айтып кетеді.Бейне фильм. «Отан десем ойыма...» деген тақырыпта ойтолғау жазу.Бейне фильм. «Атамекен» өлеңімен аяқтау | |
Просмотров: 1828 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|