Главная » Статьи » Школа, как она есть |
2- сынып Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Отбасы мүшелерін білу. Оларды дұрыс айтып, кім? не? сұрақтарына дұрыс жауап беріп, өздігінен мысалдар келтіре алу, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, дұрыс сөйлем құрастыра алу дағдысын қалыптастыру 2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту барысында жұмыс жасау. Қазақ тілі туралы ой-өрісін кеңейтіп, тақырып бойынша сөздік қорын байыта отырып, өз ойын жеткізе алуға дағдыландыру. Коммуникативтік тілдік, мәдени танымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. 3. Тәрбиелік: Тәрбиелік мақсатта әңгімелер айту отбасына деген сүйіспеншілігі, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу керектігін түсіндіру. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу, кітапта берілген «Ата ақылы» өлеңінің мәнін түсіндіру және жаттау арқылы оқушыларды тәрбиелі болуға баулу. Сабақтың типі: жаңа материалды оқу сабағы Сабақтың түрі: әңгімелесу сабақ, мультимедиалық сабақ , жарыс сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, бір-бірін тексеру, сұрақ-жауап, ізденіс, жағдаят туғызу, оқушыларды топқа бөлу. 1. Суретте қай мезгілді көріп тұрсыңдар? 2. Суретте нелер бар? Ағаш жапырақтары қандай? 3. Құстар қайда ұшып бара жатыр? 4. Күзде не піседі? 5. Сабақ қашан басталады? 6. Күз мезгілі қандай? ІІІ. Жаңа сабақ. Экранда «Отбасы» суреті. Отбасы мүшелерін атау. 1. Сөздікпен жұмыс: а) мәтінде кездесетін бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару; ә) Дұрыс айтуға дағдыландыру: • мұғалім мәнерлеп оқиды; • оқушылар мұғалімнен кейін барлығы дауыстап қайталайды; • оқушылар тізбекпен оқиды. б) сөз тіркестерін құрастыру; в) сөйлемдер құрастыру. 2. Кітаптағы сурет бойынша жұмыс: • отбасы мүшелерін атау; • өз отбасы мүшелерін айтқызу; • кім? не? сұрақтары бойынша практикалық жұмыс жасау. • Оқушыға ана тілінде түсінік беру. В казахском языке, в отличие от русского, вопрос кім? (кто?)задается только людям, а вопрос не? (что?) всем остальным и одушевленным, и неодушевленным предметам. Мұғалім (кім?), оқушы (кім?), нан (не?), күшік (не?). 3.Жазба жұмысы. • Балалар мұғалімнің оқуымен дәптерлеріне бірнеше сөздер жазады; • Осы сөздер экран арқылы көрсетіледі, оқушылар жұптасып бір-бірінің жұмысын тексереді, мұғалімнің нұсқауы бойынша бағалап шығады; • Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтастырып жазу. Жұмыс оқушылардың өзбеттерімен орындалып, жұптасу арқылы бір-бірінің жұмысын тексереді, мұғалімнің нұсқауы бойынша бағалап шығады; 4. Тыңдалым. «Менің отбасым» атты тақырып төңірегінде жұмыс жасау. Ол үшін 2-тапсырма арқылы жеке жұмыс ұйымдастыру. 5. Сергіту сәті. 6. Оқылым. «Ата ақылы» өлеңі бойынша тәрбиелік әңгіме өткізу, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. «Сенің атаң бар ма?» деген сұрақ арқылы практикалық жұмыс жасау. 7. Жазба жұмысы. Грамматикалық тақырыпты пысықтау мақсатында 5-тапсырманы жазбаша оқушыларға өз бетінше орындату. ІV. Сабақты қорытындылау: а) сұрақ-жауап ұйымдастыру; ә) тақта алдында грамматикалық тапсырма бойынша жұмыс; б) оқушылардың білімін бағалау. VІ. Үйге тапсырма: а) түсініктеме; ә) білім деңгейіне байланысты тапсырма, бағалау. | |
Просмотров: 1640 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|