Главная » Статьи » Клуб любителей поэзии |
Бесқарағай аудандық білім беру,дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Сембаева Жибек Өмірбайқызы Көк байрағым Көк байрағым аспанымдай желбірейді төрімде, Қыран ұшқыр қиялымдай қалықтаған көгімде. Қошқар мүйіз оюымыз бейбіт елдің нышаны, Көне түрік бабалардың орындалған арманы. Елтаңбада сәйгүліктер- дархан дала дүлділі Шаңырақ пен күлдіреуіш үш жүзімнің бірлігі. Байлығымыз бау-бау бидай, бес жұлдыз төрімде Бес құрлыққа «қазақ » аты болды қазір әйгілі . Әнұраным-қазағымның мәртебесі,қуаты, Ашық жарқын қабағы мен махаббаты,шуағы. Бейбіт елде бірлігі мен ынтымағы жарасқан Мекендеген халқымыздың достығының куәсі. Көк бөрі рухы бар Бабалар «арым –жанымның садағасы»-деген Ұрпағың адасқан арылды мәнгүрттіктен. Рухыңды жасытпай,Отанды сүюің –парасат, «Бесігіңді түзе» -деген өсиет баршамызға аманат. Мен Қазақстанда туғаныма бақыттымын –деді ұлым Жайдары жүзінен көп нәрсені ұғындым Тәуелсіз елде бостандық ауасын жұтып Кемел елге шаттанып қарап тұрдым. Діліне берік,жүрегінде бар иманы, Көк бөрінің рухы бар қазақтың балалары. Қайсарлық пен намысын жігеріне жанады, Болашаққа сеніммен алшаң басып барады. Оқушыма Саған қарап мен өзімді түзеймін, Қартайғанымды да кейде сезбеймін Сенің алаңсыз таза жанарыңда , Тек нұрлы сәуле жанғанын тілеймін. Өтірік айту саған білем қиянат, Таза жүрегіңмен бәрін қабылдап, Еш күмәнсіз менің әрбір сөзіме Сенесің сен, о ғаламат! Өзімді сенен танығандай боламын Алдыңдағы белесті, өр қиялмен шоламын Жас қырансың ,биік шыңға талпынған Бақытыңа тілеуші боп әрқашан мен тұрамын. «Атажұрт» ойыны география сабағында «Атажұрт» ойыны басталды, Кезекпен сұрақтар тасталды. Киелі жерлерді еске алып, Есімде аттары жатталды. Туған жер туралы өлеңді, Біз естіп шешуін табайық. Тауларды, ағынды өзенді, Көкейге түйіп біз қалайық. Мекені хандардың, батырдың, Қаншама сыр жатыр жасырын. Сырын біз ақтарып алайық, Зердеге өрнек қып салайық. Кім болам? Ұстаз болу арманым, Білім нәрін құятын. Дәрігер болу арманым, Ауруды жеңіп, тиятын. Ақын болу арманым, Сөзден маржан тізетін. Геолог болу арманым, Жер қойнауын сүзетін. Кім болсам да қадірлі Адам болсам болғаны Айдынында ғылымның Аққу қаздай жүзетін! | |
Просмотров: 1397 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|