Главная » Статьи » Профессиональное образование |
ШҚО Уржар ауданы Таскескен ауылы Уржар колледжі КММ Оқу өндіріс шебері Телемисов Роман Рамазанович «Шебердің қолы көпке ортақ» «Шеберлік - еңбектің қайнар көзі». Оқушыларға өнермен жалқау адамның жолдас бола алмайтындығын түсіндіре отырып, өнерге деген қызығушылығын, өз өнерін бағалай білуге баулу. Еңбек құралдарын пайдалана білу мен ойлау қабілетін қалыптастыруға, әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы байқағыштығын, шығармашылық қабілетін, қиялын, қол ептілігін дамыту. Еңбек мәдениетін сақтауға, адам еңбегін құрметтеуге, батылдыққа, еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа тәрбиелеуді көздейміз. Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді - 2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу. Еңбек пен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету. Оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейміз. Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. | |
Просмотров: 2219 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|