Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Профессиональное образование

Дамыта оқыту технологиясын қолдану
Бейсембаева Рымжан Жақсыбекқызы
арнаулы пәндер мұғалімі
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы
Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі

Мамандық меңгерудегі дамыта оқыту технологиясының маңызы

Значение развивающего обучения в освоении профессии

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасындағы басты міндет – еліміздің экономикасына құзіреттілігі жоғары, бәсекеге қабілетті және оқуын жалғастыруға білімі жеткілікті мамандар даярлау. [1]
Біздің аграрлық колледжде дайындалатын мамандықтарды игеруге қойылатын талаптарға сәйкес білім берудің мақсаты айқындалған: білімді, мәдениетті, белсенді және азаматтық құндылықтары толысқан тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылық әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілетті маман дайындау. Бұл мақсатқа жету жеке тұлғаны интеллектуалдық дамытуға негізделген технологиялар арқылы жүзеге асырылуда. Дамыта оқыту технологиясы мыналарды қамтамасыз етеді:
• Оқушыны жан-жақты дамытуға;
• Оқыту барысында мәселелік жағдаяттарды шешуге;
• Оқу іс-әрекеті арқылы оқушының ойлау мәдениетін дамытуға;
• Оқушының объектіден субъектіге айналуы;
• Қызығудың (мотивация) жоғарылығы.
Мәселелік және дамыта оқыту – мұғалімнің басшылығымен түрлі жағдаяттарды анықтай білуге, оқушыларды оны шешуге белсенді жұмылдыруға, соның нәтижесінде оларда білім, білік, дағды және ойлау қабілетін дамытуға негізделіп ұйымдастырылатын оқыту үрдісі. [2]

Мәселелік және дамыта оқыту технологиялары бойынша оқытудың нәтижелілігінің шарттары:
• Оқу материалының өзектілігі;
• Оқушылардың белсенділігі;
• Оқытудың өмірмен, қалыптасқан білімімен, біліктілігімен байланысы.
Мәселелік жағдаяттарды туындату әдістері:
• Мұғалім қарама-қайшылықты өзі анықтап, оны оқушыларға шешуге ұсынады;
• Бір мәселеге байланысты әр түрлі көзқарастармен, пікірлермен таныстырады;
• Оқушыларды жағдаяттан қорытынды, тұжырым, салыстырулар жасай білуге қызықтырады;
• Мәселелік жағдаяттарды мұғалімнің басшылығымен немесе ұжымдасып анықтай білу.
«Есептеу жүйесін аппараттық қамтамасыздандыру» пәнінің «Есептеу машинасының логикалық негіздері» тақырыбы бойынша логикалық функциялардың ақиқаттық кестесін толтыру мәселелік жағдаятты шешу негізінде дамыта оқыту арқылы жүзеге асырамын. Бұл сабақта ізденушілік (зерттеушілік) оқыту элементтерін де қолданамын.
Есептеу машинасының арифметикалық және логикалық амалдарды орындайтын құрылғыларын функциональды түрлендіргіш ретінде қарастырамыз. Оның аргументтері (кірістері) бастапқы екілік санды, ал шығысындағы функция – орындалған амалдың нәтижесінде жаңа екілік санға ие болады. Кіріс айнымалылары мен шығыстық функция тек 2 мүмкін мәннің біреуін ғана, тек 0 немесе 1 мәндерін қабылдайтынын түсіндіремін. [3]
16 логикалық функцияның қабылдайтын мәндері мен олардың аргументтерінің аттарын, қандай жағдайлары болатынын анықтау оқушылардың өздеріне жүктелетінін қатаң ескертіп, мәселелік жағдаяттарды шешуге кірісемін.
Мәселелік жағдаят тудыратын сұрақ:
• Математикада функция аргументі х деп белгіленсе, логикалық функцияның 2 аргументі қалай белгіленбек? (х1, х2)
• Егер 2 аргумент 0 және 1 мәндерін қабылдаса, олар қабылдайтын мәндері бойынша неше түрлі жағдайда болады?
 0 0
 0 1
 1 0
 1 1
Бұл мәселе шешілгеннен кейін оқушылардың кесте сұлбасы туралы ұсыныстарын бірге талқылай отырып кесте сызамыз.

аргумент функциялар
Х1 Х2 F1 F2 F3 F4 F5 F6 F7 F8 F9 F10 F11 F12 F13 F14 F15 F16
0 0
0 1
1 0
1 1

Тақырып мазмұнын әрі қарай ашу үшін бірнеше анықтамалар оқушылар назарына ұсынылады:
• Аргументтердің екеуі де 0-ге тең болса, функция мәндері 1 санына тәуелді;
• Аргументтердің біріншісі 0-ге, екіншісі 1-ге тең болса, функция мәндері 2 санына тәуелді;
• Аргументтердің біріншісі 1-ге, екіншісі 0-ге тең болса, функция мәндері 4 санына тәуелді;
• Аргументтердің екеуі де 1-ге тең болса, функция мәндері 8 санына тәуелді.
Кестеге толтырылатын функция мәндері туралы мәселелік жағдаят сұрақтары:
• Аргументтердің әртүрлі жағдайларындағы функция мәндерінің тәуелдігі ретінде неге 1,2,4,8 сандары алынды? (Ақпарат екілік санау жүйесінде кодталады. 20=1; 21=2; 22=4; 23=8)
• Аргументтер 0 мен 1 мәндерін қабылдаса, түрлендіргіш ретінде қарастырылатын функция мәндері қандай болмақ? (түрлендірілген 0,1)
• 1,2,4,8 сандары мен функция мәндерін қалай байланыстырамыз? (1 саны → 0 мен 1 кезек-кезек 1 реттен қайталанады; 2 саны → 0 мен 1 кезек-кезек 2 реттен, 4 саны → 4 реттен, 8 саны → 8 реттен қайталанады).
Бұл жағдаяттар шешілген соң, оқушылар кесте толтыруға кіріседі, нәтиже мынадай болуы керек:

аргумент функциялар
Х1 Х2 F1 F2 F3 F4 F5 F6 F7 F8 F9 F10 F11 F12 F13 F14 F15 F16
0 0 0 1 0 1 0 1 0 1 0 1 0 1 0 1 0 1
0 1 0 0 1 1 0 0 1 1 0 0 1 1 0 0 1 1
1 0 0 0 0 0 1 1 1 1 0 0 0 0 1 1 1 1
1 1 0 0 0 0 0 0 0 0 1 1 1 1 1 1 1 1

Әрі қарай логикалық функцияларға сәйкес логикалық амалдар, логикалық амалдардың ережелері, логикалық элементтер мен олардың логикалық схемалары қарастырылады. Үйге тапсырмаға 3 аргумент болған жағдайдағы олардың мәндерін көрсететін кесте толтыру беріледі. Бұл тапсырма келесі сабақтардағы логикалық есептер шығару үшін қажет.
Сабақ тақырыбының мазмұнын ашатын, оның дамытушылық функциясын күшейте түсетін қосымша сұрақтар барынша тиімді. Мәселелік жағдаяттарды шешу және қосымша сұрақтарға жауап беру оқушылардан ұғымдарды салыстыру, олардың арасындағы байланысты табу, ұғымға анықтама беру үшін белгілерін таңдау, жалқы түсініктерден жалпыға қарай қорытындыны тұжырымдау, жалпы ойлай білу ақыл-ой әрекеттерін орындау талап етіледі. Дамыта оқыту жүйесі бойынша оқушы оқыту үрдісінің субъектісіне айналды, ойлау іс-әрекеті танымдық қасиеттің туындауына ықпал етті. Таным үрдісі арқылы оқушының белгілі бір қасиеттері мен қабілеттері қалыптасады, дамиды.
Логикалық функциялардың іс жүзінде қолданылуын түсіну үшін алған білімдерінің негізінде бірнеше логикалық амалдарды орындайтын логикалық элементтер схемасын сызу тапсырылады. Бұл тапсырма дамыта оқыту технологиясының негізгі болып табылатын оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастыруға, ізденушілік және зерттеушілік әлеуеттерін шыңдауға мүмкіндік береді:
• 2 ЖӘНЕ - ЕМЕС логикалық элементтерінен тұратын RS-триггерінің функционалдық схемасы мен шарт белгісі; (1 – сурет).
• 2 НЕМЕСЕ - ЕМЕС логикалық элементтерінен тұратын RS-триггерінің функционалдық схемасы мен шарт белгісі; (2 – сурет).



Триггерлердің синхронды және синхронды емес болатындығын түсіндіргеннен кейін, мәселелік жағдаят тудыратын сұрақ қойылады:
• Схемадағы триггерлердің синхронды және асинхронды екендіктерін қалай анықтауға болады?
Дамыта оқыту – мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың ерекше бір түрі. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы емес танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болуы шарт. Тек осындай оқыту ғана оқушының шығармашылығын дамытып, оның ізденушілік-зерттеушілік әлеуетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін оқушы бүгінгі білетіндерінің жаңа жағдайды шешуге жеткіліксіздігін, әрі қарай білімін жетілдіру қажеттілігін сезінуі керек. Сонда барып ол көбірек білуге әрекет жасап, ізденіп, білімге деген ынтасы арта түседі.
Осы сабақтарды жылма-жыл өткізген сайын оқушылардың бойында қызығу пайда болғанын, өзіне сенімділігі артқандығын, оның да оқыту үрдісінің ұйымдастырушысы ретінде үлесі бар екенін сезінетінінің куәсі боламын. Сабақ барысындағы белсенді іс-әрекеттерінен кейін өз еңбегінің соңғы нәтижесіне деген ризашылықтары байқалады.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: Реке (2014-01-17) E
Просмотров: 1497 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2026-01-05, 10:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [179]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru