Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Профессиональное образование

Х и м и я ғ а л ы м д а р ы
Қазақстанның химия саласындағы ғалымдары туралы мәлімет

Әдікенов Серғазы Мыңжасарұлы (15.08.1956 жылы туған. Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы) ғалым, химия ғылымдарының доктор (1992ж ), Қазақстан ҒА- ның корреспондент мүшесі (1978ж). 1978–83 жылдарда Қарағанды химия–металлургия институтының аға лаборанты, инженер, химия институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1983–95 жылдарда Қарағанды органикалық синтез және көмір химия институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі болды. 1995 жылы Қазақстан ҒМ-ҒА-ның Қарағанды институтының директоры.
Негізгі ғылыми еңбектері сесквипетерпенді лактондарды экологиялық таза заттар ретінде зерттеуге арналған. Биологиялық активті қосылыстарды зерттеу нәтижесінде Әдікенов қатерлі ісікке қарсы қолданылатын «Арглобин» гепатопротекторлық және антиоксиданттық қасиеті бар, «Салсоколлин», қабыну процесіне қарсы қолданылатын «Калиор», антисептиктік және фунгицидті қасиеті бар «Цепсеудин» сияқты жаңа дәрігерлік препараттар тапқан. Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен Фитохимия институты жанында фитопрепараттар шығаратын цех құрды.

           

Әзірбаев Ерден Нығметұлы ( 12. 07. 1912, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Сайқын станциясында дүниеге келген) – ғылым, химия ғылымының докторы (1961ж), профессор (1962ж), Қазақстан Ғылым академиясының мүшесі (1962ж), Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1969ж ), Саратов Университететінің (1933 ж), Ленинград Университетінің аспирантурасын (1937 – 40ж) бітірген. Саратов крекинг заводында, 1934 – 35ж Орал педагогикалық институтында жұмыс істеп, осында химия кафедрасын ұйымдастырды. 1935 жылдан ҚазМУ – де аспирант, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1940-54 ж) 1954–58 және 1964–75 жылдары Химия ғылымдары институтында лаборатория, бөлім меңгерушісі болды. 1958–64жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Химия металургия институтының директоры қызметін атқарды.
Негізгі ғылыми еңбектері; көмір, мұнай, ацнтилен, органикалық қосылыстар, активті заттар химиясына арналған. Алғаш Қарағанды көмірінен кокс алу мүмкіндігін анықтады. Медицинада ісікке қарсы « Глиофен», ауыл шаруашылығында өсімдік өсуін тездететін «Акпинал», «Фоспинол» преператтарын тапты. 81 авторлық куәлік алған, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» (1945ж ) ордендерімен және медальдермен мараппаталған.
Шәріпқанов Ахметжан (10.09.1908 жылы туған, Семей облысы, Жаңасесей ауданы, Қарғамбай ауыл Советі) - Қазақ совет химигі, химия ғылымдарының докторы (1969ж), профессор (1970ж), Қазақстан Ғалым Академиясының корреспондент мүшесі (1972ж), Москва пединститутын бірірген (1934ж). 1935-38 жылдары Алматы кооператив техникумының директорының орынбасары. Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік Университенінің органикалық химия кафедрасының аспиранты, аға оқытушы (1938-42ж), Ұлы Отан соғысына қатысқан (1942-45ж), Университеттің органикалық химия кафедрасында доцент (1947-69), профессор (1970ж), 1971 жылы кафедра меңгерушісі.
Негізгі ғылыми еңбектері органикалық-синтездік заттар алуға арналған, оның зерттеулерінің нәтижесінде гетероциклді қосылыстар негізінде бірнеше жаңа биологиялық, активті препараттар алынып, олардың кейбіреулері (ридекаин) тиімділігі жоғары анестезия ретінде фармацевтикада қолданылады. Ик-пиперидин туындыларының физиологиялық активтілігі, олардың құрамы мен химиялық құылысына байластылығы жөніндегі теориялық маңызды ғылыми еңбектердің авторы. 120-дан астам ғылыми еңбегі жарияланды. Өндіріске енген 8 жұмысының авторлық куәлігі бар. 500-ге жуық жаңа қосылыстар синтездеген. Ленин орденімен, медальдармен наградталған.

           

Шайхудинов Еренғайып Мәлікұлы (10.05.1933жылы тулған, Солтүстік Қазақстан обылсы, Преснов ауданы, Октябрь совхозы) - қазақ совет химик-органигі, химия ғылымының докторы (1975ж), профессор (1976ж). Москваның М.В.Ломоносов атындағы химия технология институтын бітірген, 1958-62 жылдары сол институттың аспиранты, 1956-58жылдары Карағанды синтездік каучук заводында технолог болды. 1963жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік Университетінде аға оқытушысы, доцент (1968ж), 1971жылы үлкен молекулалы қосылыстар химиясы кафедрасының менгерушісі.
Негізгі ғылыми жұмыстары радикалдық сополимерлерге және мономерлердің реакцияға түсу қабілеттілігін арттыруға арналған. Ол жай винил эфирлерінің басқа мономерлермен сополимерленудің ерекшіліктерін зерттеп, реакция жылдамдығы мен сополимердің құрамын реттеудің және олардың негізінде практикалық маңызы зор, суда еритін, қабық түзетін қасиеттері бар полимерлер алудың жаңа жолдарын ұсынды. Шайхудиновтың 80-нен астам ғылыми еңбегі бар және бес жұмысына авторлық куәлік алды.
Бектұров Есен Әбікенұлы. 14. 12. 1931 жылы туған. (Өзбекстан, Ташкент) – ғалым, химия ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976). Қазақстан ҒА-ның мүшесі (1983), Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері (1986).
ҚазМУ-ді 1954 жылы және оның аспирантурасын 1957 жылы бітірген. 1958-97 жылдары Қазақстан ҒА-ның химия ғылымдары институтында полимерлер физика-химия лабораториясының кіші, аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі (1966-97) болды.
1997 жылдан осы институттың бас ғылыми қызметкері. Негізгі ғылыми еңбектері суда еритін және ісінетін полимер мен полиэлетролидттердің кешенді түзілуін және физика-химиялық қасиеттерін зерттеуге арналған. Ерітіндегі баяу әсерлесетін жүйедегі зерттеудегі уақыттың алғаш рет көрсеткіші. Еріткіш табиғатының сұрыптастып өзгеру әдісінің жаңа нұсқасын ұсынды. Полимерлер құрылысына, макромолекулалардың иілгіштік қасиетіне ортаның әсер етуі сияқты бірқатар заңдылықтарды ашты. Комплементарлығы бұзылған әсерлесуші макромолекулалар жүйесінде комплекс түзу мүмкіндігі көрсетілді.
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1986) және ЮНЕСКО –ның Н.Бор атындағы алтын медалінің лауреаты (1997).

           

Бірімжанов Батырбек Ахметұлы. (10. 12. 1911, қазіргі Орынбор облысы Бузулук қаласында туған – ғалым, химия ғылымының докторы (1966), профессор. Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері. ҚазПИ-ді (1932), Ленинград мемлекеттік уневерситетінің аспирантурасын (1939) бітірген. 1934 жылдан ҚазМУ-дың ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан болды.
Негізгі ғылыми еңбектері табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған. Құрлықтың тұз түзілу теориясын, Қаратау мен Ақтөбе фосфориттерінен концетрленген тыңайтқыш алулың технологиясын тазарту жолдарын ұсынған. Күрделі тұздарды синтездеу, қатты денелердің еру жылдамдығын анықтау әдістерін тапты. Мирабилитті «күн қазанында» тенардиттеу, шахта пешінде күкіртті Na өндірудің үздіксіз тәсілдерін, ультрадыбыстарды пайдаланып экспрес - әдісі анализін өндіріске енгізді. Ленин орденімен, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: Indu (2014-01-24)
Просмотров: 1906 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 11:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru