Главная » Статьи » Профессиональное образование |
Сабақтың тақырыбы:Меншікті кедергі.Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Сабақтың мақсаты: Меншікті кедергі деп нені айтамыз, кедергі температураға қалай тәуелді екендігін айту. а) Кедергі өткізгіштің қандай қасиеттеріне және қалай тәуелді, өткізгіштерді жалғауды қарастыру. ә) Білім, ғылым танымын дамыту. б) Жауапкершілікке тәрбиелеу. І. Қызығушылықты ояту. Кедергі қандай шамаларға тәуелді? ІІ. Мағнаны ашу. Көптеген тәжірибелердің негізінде тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның ℓ ұзындығына тура пропорционал, S көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болатындығы тағайындалды. R=ρℓ/S Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі деп атайды. Меншікті кедергіні ρ әрпімен белгілейді: ρ=RS/ℓ Ол ұзындығы 1 м көлденең қимасының ауданы 1 м2 белгілі бір материалдан жасалған өткізгіштің кедергісіне тең. Халықаралық жүйеде (SІ) меншікті кедергінің өлшем бірлігі 1 Ом*м.(Ом*мм2/м) Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады: R=R0(1+αt) Көптеген тәжірибелер барлық металдар үшін α>0 екенін көрсетеді. Химиялық таза металдар үшін: α≈1/273 К-1. Өткізгіштің температуралық коэффициентінің SІ жүйесіндегі өлшем бірлігі К-1=1/К. 1911 жылы голландия физигі Камерлинг – Оннес тамаша құбылысты байқады.Ғалым қайнау температурасы 4,1 К болатын сұйық гелийді пайдаланып және әр түрлі металдарды тоңазыта отырып олардың кедергісін өлшеген. Металдардың әрқайсысының кедергісі өзіне тән «сындық» температурада кенет нөлге дейін төмендеген. Сонымен Камерлинг – Оннес сынап үшін 4,12 К – ге тең сындық температураны алды. Асқын өткізгіштік деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: І = І1= І2= . . . =Іn U=U1+U2+. . . +Un тең, R=R1+R2+. . . +Rn Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең , ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады: U=U1=U2=. . . = Un І = І1+ І2+ . . . + Іn 1/R=1/R1+1/R2 ә) Блум таксономиясы. ІІІ. Рефлексия. Ой – толғаныс. 1.Электр тогы деп . . . 2.Алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген . . . 3.Электр қозғаушы күш деп . . . 4.Ток күші . . . 5.Амперметрді ток күшін өлшейтін құралмен . . . , кернеуді өлшеу үшін вольтметрді . . . қосады. 6. Кернеу деп . . . 7.Ом заңы 8.Кедергісі 6 Ом, ұзындығы 3 м және көлденең қимасының ауданы 0,25 мм2 сымның меншікті кедергісі неге тең? 9.Ток көзі, электр шамы, реостат, амперметр және кілт тізбектей қосылған электр тізбегінің сызбасын сызыңдар. Вольтметр шамдағы кернеуді өлшесін. Үйге:§39,40,41. 19,20- жаттығу. | |
Просмотров: 4773 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|